Командалық жұмыс және көшбасшылық дағдысы. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары7

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Cпорт ойындары арқылы бірлескен жұмыс.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Командалық жұмыс және көшбасшылық дағдысы.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.1 Командалық жұмыс дағдылары және көшбасшылық дағдыларын бағалау.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар әртүрлі дене дайындығының жаттығуларын орындау барысында қауіпсіздік ережелерді сақтай алады.

Оқушылар көшбасшылық қасиеттерін көрсете алады.

Оқушылар командада жұмыс жасауды үйрене алады.

Бағалау критерийлері:

Қауіпсіздік ережелерді білу және түсіну.

Өзінің көзқарасын қорғауды үйрену.

Жоспарларды жиынтық шешіммен құрастыру және ұсынуды үйрену.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: баскетбол ойынының керекті дағдыларын талқылап және талдау.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ортаңғы, шабуылдаушы, қорғаушы, жеке қорғаныс, аймақтық қорғаныс.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Командада кім көшбасшы? Капитан немесе ккөшбасшы? Ойынның нәтижесіне көшбасшының әсері.

Құндылықтарды бойға сіңіру.

Командалық рух, шындық, ашықтық.

Пәнаралық байланыс

Биология.

АКТ пайдалану дағдылары

Ғаламтор-ресурстарын қолдану:

https://www.youtube.com/watch?v=w4QZqeX4b_c

Алдыңғы білім

«Спорттық ойындардың» бөлімінен, өткен сабақтардың тәжірибесі.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-12 минут

Сыныптың жиыны. Бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау.

Мұғалім оқушыларға: Командада кім көшбасшы? Шаршауды қалай жеңуге болады?

Жүру әртүрлі тәсілдермен бір-біреуден, бір бағанамен.

Жүгіру, бір қалыпта. Мұғалімнің ысқырығы бойынша секіргішті дамытуға арналған тапсырманы орындайды: жоғарыға секіріп 360 градусқа айналу; бір аяқта итеріліп жоғарыға секіру; екі аяқпен итеріліп жоғарыға секіру.

Жүру және денені қалыпқа келтіру.

ЖДЖ орында жұпта жасайды. Мұғалім оқушылардың жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалайды. Әр жұп өздерінің жиынтықтарын орындайды.

Пресске дамытуға арналған жаттығулар.

Спортзал, ысқырық, баскетбол доптары.

Сабақтың ортасы

13-37 минут

Сыныптың жиыны. Мұғалім сыныпты 4 командаға бөледі. Эстафеталар:

а) доппен жүру әдістері

б) доппен жүру әдісі және екі адыммен өту әдісі

в) доппен жүру әдісі және орта қашықтықтан допты себетке лақтыру, соғылған доп қосымша бағаланады.

г) мұғалім оқушыларға өздерінің эстафеталарын құрастыру туралы айтады. Талдау және көрсету. Сынып үздік эстафетаны таңдайды.

Сыныптың жиыны. «Допты тартып ал» тапсырмасы. Әр команда өздерінің аймақтарында орындайды.

Дескрипторлар: допқа тиуі, доппен 2 адым ғана жасауы, ойында ашылуы.

«10 рет допты беру» тапсырмасы. Ойын алаңның бір жақ жартысында ғана ойналады. Мақсаты: өз команданың ойыншыларымен 10 рет допты беру. Қарсылас команда допты тартып алған кезде, есеп қайтадан басталынады, доппен жүру сол тартып алынған команда болады.

Дескрипторлар: қарсыласты мықтылап жабу, допты беруге ашылу, допты тартып алуға тырысу.

Спортзал, баскетбол доптары, ысқырық.

Сабақтың аяғы

38-40 минут

Сыныптың жиыны. Рефлексия: нәтижелі ойынға көшбасшының әсері.

Спортзал, стикерлер, қалам-саптар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.

Мұғалім оқушылардың дарынды және талантты қабілетін қадағалап отырып, тапсырманы деңгейлеп беру.

Жұпттық жұмыс барысында психолгиялық дайындықты беріп, қарастыру.

Сабақ үрдісі кезінде өзін-өзі және бір-бірін бағалау тәсілі жүреді. Жұптық жұмыс барысында көшбасшылық қасиеттері оянады. Мұғалім оқушылардың бір-бірінің қарым-қатынасын қадағалап отыру керек.

Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелер сақтау туралы журналы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау:

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу