Командалық жұмыс және көшбасшылық дағдысы. Дене шынықтыру, 9 сынып, дидактикалық материал. 8 сабақ.


Баскетболда допты беру техникасы

 Допты беру – баскетболдағы маңызды және техникалық күрделі элементтердің бірі, алдаушы ойынындағы ең басты элемент. Допты дұрыс және дәл беру – айқын, бір мақсатты көздейтін өзара әрекеттесетін ойындағы баскетбол ойыншыларының негізі. Допты беру тәсілдері өте көп. Доп берудің негізгі тәсілдеріне допты кеудеден, иықтан, баспен ұрып, астынан, жанынан, қолдан қолға және т.б. жатқызуға болады. Бұл доп берулерді ойынның көпшілік сәттерінде қолданады. Сонымен қоса, қарсылас ойыншылардың белсенді әрекеттері жағдайында және доптың шын мәнісіндегі беру бағытын жасыруда қолданылатын «жасырын» доп берулер де бар. Доптың керек бағытта жіберумен байланысқан негізгі әрекеттер қарсыластан жасырын түрде жасалады және қарсыласқа белгілі бір уақытқа дейін күтілмеген әрекет болады. «Жасырын» доп берулердің мына түрлері жиі қолданылады: қол астынан, арқадан, иықтан, кейде аяқтың астынан доп беру. «Жасырын» доп берулер үшін аз уақытты талап ететін жылдам қозғалыс және қолдың білезігі мен саусақтарының күшті қозғалысы тән.

 

 «Сегіздік» жаттығуы – бұл ойыншылардың ауысуының қатаң түрде жоспарланған тұрақты схемасы. Әр ойыншы өзінің не істеу керегін, қай бағытта қозғалуын және өзінің ойындағы серіктері қайда орналасқанын өте жақсы білуі тиіс. Нұсқасыз қатаң «Сегіздік» кезінде, егер бірінші доп беру оңға кетсе, ойыншылар сағат тілімен ауыса бастайды, ал егер доп солға кетсе – онда сағат тіліне қарсы қозағалыспен ауысады. «Сегіздікті» орындап, команда тоқтаусыз доп берудің бағытын да, ойыншылардың қозғалысының бағытын да өзгерте алады, үш ойыншыны ортаңғы сызыққа жақын шабуыл сызығына және екеуін алдыға тұрғызуға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу