Спорттық ойындағы тактикалық әрекеттер. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Петропавл қаласы ХББ НЗМ

2-бөлім.

Командалық ойындардағы бірлескен оқыту.

Күні: . Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 Сабақтың тақырыбы:

Спорттық ойындағы тактикалық әрекеттер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.5.1 Физикалық жаттығулардың кең диапозонында әр түрлі тактика және стратегияларды жасау, талдау және салыстыру.

 Сабақ мақсаттары

Физикалық жаттығулардың кең диапозонында әр түрлі тактика және стратегияларды жасау, талдау және салыстыруды үйрету түсіндіру.

Бағалау критерийлері

- Физикалық жаттығулардың кең диапозонында әр түрлі тактика және стратегияларды жасау, талдау,салыстыру біледі және салыстыра алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Топтық ойындардағы дағдылары мен түсінуін сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Пән лексикасы және терминология:

Бұның ішінде:

  • шабуыл
  • қорғану, аймақтық қорғаныс
  • адал ойын, өзара әрекет, сайыс
  • кеңістікте бағдар алу
  • топтық бірлескен жұмыс
  • тактика, стратегия
  • доппен және допсыз қозғалу
  • жүгіру, жылдамдықты және бағытты өзгерту,
  • дриблинг, ырғу
  • пас, допты алып қою, пас беру

Құндылықтарға баулу

Адамгершілік, азаматтық позиция.

Пәнаралық

байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

Кілттік дағдыларды дамыту

Сабақ барысында оқушылар сын тұрғысынан ойлау және креативтік дағдыларды волейбол ойыны кезінде бір-бірін бағалағанда, қателіктерін түзегенде, ақыл-кеңес бергенде дамытады.

Алдын ала білімі

Оқушылар алдағы сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында алынған, сондай-ақ мектептен тыс қызметте игерген спорт ойындарындағы техниканың, тәсілдер мен стратегияның білімдері мен дағдыларын меңгереді.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақта жоспарланған қызмет

Құралдар

Сабақтың басы

10 минут

(C, К) Мұғалім оқушылармен амандасады.

Содан кейін волейбол туралы мәліметтерді сұрайды.

Сүрақтар:

  • Ойын барысында қауіпсіздік техникасын сақтау қажет пе?
  • Жақсы ойнау үшін ойын қисынында нені жақсарту қажет?
  • Волейбол ойынында қандай тактикаларды білесіңдер?

Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады. Оқушылармен сабақтың тақырыбын анықтайды

« Спорттық ойындағы тактикалық әрекеттер.»

Сабақтың басында ерекше көңіл бөліну керек:

- оқушылардың зейінін қоюына;

- оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтауға/ОМ;

- оқушылармен сабақтың соңына күтілетін нәтижені анықтау.

(C) Оқушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

(ЖЖ) Оқушылар арнайы жаттығулар орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

Сабақтың ортасы

  • минут

(С, ҚБ.)Сынып АКТ көмегімен тапсырмаларды орындау үшін 2 топқа бөлінеді:

1 топ – тактика не екенін ғаламтордан табады.

2 топ – стратегия не екенің ғаламтордан табады.

(К, Г) Оқыған материалды талқылау

(С, ҚБ.) «Екі доппен тор арқылы ойынайды» Қатысушылар бірдей қатысушылар санымен екі топқа бөлініп, алаңнын екі жартысында екі-үш қатарға тұрады. Әр команда волейбол добын алады. Мұғалімнің ысқырығынан кейін командалар қарсыластың жағына сетка арқылы доптарды лақтырады.

Доптарды қайта лақтыруды командалардың біреуінде бір уақытта екі доп болғанша лақытырады. Ысқырық беріледі, ойын тоқтатылып, екі допта қалып қойған команда, екінші командаға ұтылып, жеңген командағабір ұпай беріледі. Доптар командаларға қайтарылып, (ысқырық бойынша) ойын қайта басталады. 10 ұпайды бірінші жинаған команда жеңіске жетеді.

Тапсырмаға дескрипторлар:

1.қауіпсіздік техникасы ережесін сақтайды;

2.допты желкенің сыртынан екі қолмен лақтыруды;

3.допты түсіріп алмауға тырысады;

Сұрау керек: Ойын кезінде сіз қандай тактиканы қолдандыңыз?

(С, ҚБ.) Мұғалім қатысушыларды топтарға бөліп, оларға тапсырмалары бар парақшаларды береді.

Оқытылған материалды талқылау.

Кейін, бір топ алаңнын бір шетіне, ал екінші топ оларға қарама-қарсы жаққа тұрады: допты төменгі соққымен ойынға кіргізуді орындайды;

- допты лақтыруды белгілі бір аймақтан лақтыруды орындау.

Кейін бір топ допты лақтырады, ал екіншісі алаңнын белгілі бір аймақтарына тұрып, №3 аймақтағы жаттығуды қабылдайды. №3аймақтың ойыншысы №2 немесе №3 аймаққа допты қайта лақтыуды орындайды. Ал олар өздерінің қарсыластарына доп лақтыруды орындайды.

Тапсырма дескрипторлары:

 1.бір аяқ алда, екіншісі артта;

2.допты 1 метрден жоғары биіктікте лақтырады;

3.допты қатаң түрде ортасынан лақтырады;

4.қатты лақтыру мен әлсіз лақтыруды орындайды .

Мұғалім әр оқушыны «Өте жақсы!», «Жақсы!» деген мақтау әдісімен формативті бағалауды орындайды.

(С, ҚБ.) Оқып-үйрену ойыны волйбол.

Тапсырма дескрипторлары:

1.қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды;

 2.ойын ережесін біледі;

3.сабақта оқытылған тактикалық комбинациясын қолданады.

Кейін мұғалім әрбір оқушыны орындаған тапсырмаларын талдауға шақырады (Не жасалды? Не жасалмады? Неліктен? Не кедергі болды? Тапсырманы орындағанда қандай көмек болды?

Мұғалім әр оқушыны диалогтық әдіс арқылы бағалайды.

Кең ойын алаңы, волейбол торы, волейбол добы, ысқырық, бор.

Бос кең ойын алаңы, волейбол добы, тор, ұстазға арналған ысқырық.

Бос кең ойын алаңы, волейбол добы, тор, ұстазға арналған ысқырық.

Волейбол ойыны

https://www.youtube.com/watch?v=7ypPVfh_knw

Сабақтың соңы

10 минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:

  • нені білдім, неге үйрендім
  • не түсініксіз болып қалды
  • тағы немен жұмыс істеу қажет

Стикерлер, маркерлер, қаламдар.

Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға кеңес беру арқылы қолдау көрсетуді жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмаларды екі реттен қайталауға ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Мұғалім келесі сөздерді қолданады:

«Жақсы!», «Тамаша!», «Мұқияттырақ!», «Жинал!», «Сен бұдан да жақсы орындай аласың!»

Келесі сұрақтар қойылады:

Сіздер физикалық денсаулықты нығайтуға арналған қандай жаттығуларды білесіңдер және қолдана аласыңдар? Сабақтарда қауіпсіздік ережелері қандай?

Коллаборативті орта құру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру, қызмет түрін ауыстыру, кеңес беру.

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асатындай болды ма?
  • Барлық оқушылар ОМ жете алды ма?
  • Егер жете алмаса, неліктен жете алмады?
  • Сабақта саралап оқыту дұрыс жасалды ма?
  • Сабақта уақыт кезеңдері бұзылған жоқ па( уақыт жоспарын орындадым ба)?
  • Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Белгілер:

С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау

[attachment=77122:sportty-ojynday-taktikaly-reketter-9-synyp.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу