Тактика және спорттық ойындардағы тактикалық қозғалыс. Дене шынықтыру, 9 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.


Баскетболдағы тактикалық жиынтықтар

 Тактикалық жиынтық деп ойыншылардың ауысулары және олардың араларындағы доп берулері арқылы көрінетін бір команданың екі немесе одан да көп ойыншыларының өзара қасақана (сол немесе басқа оймен) іс-әрекеттірі түсініледі. Жиынтықтар алдын ала үйретілуі мүмкін, сонда әр ойыншының ойындағы нақты рөлі және жүгірулер мен доп лақтырулардың бағыты, жалғастығы анықталады. Көбіне жиынтықтар ойын үдерісінде туындайды және олардың табысы ойыншылардың тапқырлығына байланысты болады.

Әр жиынтық ойынның жалпы жиынтығымен тығыз байланысқан нақты бір міндетті орындауға бағытталған болуы тиіс. Жиынтықтар қаншалықты әртүрлі болса, команда да соншалықты жетістікке қол жеткізе алады. Әр командаға бірнеше негізгі жиынтықтарды алдын ала ойластыру ұсынылады, бірақ оларды қолдану қарсыластың іс әрекеттеріне байланысты болады, жиынтықты аяқтаудың түрлі нұсқаларын білу қажет.

Тосқауылды қолданумен тактикалық жиынтық

 Тосқауылдың мәні допты жүргізуден кейін, допты лақтыраудан кейін немесе басқа жағдайларда, ойыншы бос болғанда, ол өзінің серіктерінің бірін қарсыласының аумағына кіргізу үшін өзінің серігі және қарсыласының арасына тұруында. Тосқауылды қолданып, ойыншы себетке доп лақтыруы мүмкін немесе допты жүргізуді бастап, қарсыласынын «айырылуы» мүмкін. Егер тосқауыл допсыз ойыншыға жасалса, онда ол бос болған кезінде допты алу үшін басқа ойыншыға ауысады. Тосқауылды орындаудың басты шарты тосыннан жасалу. Егер қарсылас оған тосқауыл қою үшін қарсылас жақындап келе жатқанын көрсе, онда ол тосқауыл жасауға мүмкіндік бермей шегініп кетуі мүмкін. Тосқауыл алдыңғы, жанмен және артқы болуы мүмкін. Бұлар ойыншының қарсыласына тосқауыл қою қалпымен аталады.

 Алдыңғы тосқауыл салыстырмалы түрде қарапайым және оны ойындағы серіктеріне допты себетке лақтыруда көмек үшін ойыншылардың көпшілігі қолданады. Серігіне доппен немесе допсыз қарсыласынан алыстауға мүмкіндік беретін жанмен және артқы тосқауыл техникасы күрделірек болып табылады. Тосқауыл қоюшы ойыншы қарсыласының жанына мүмкін болғанша байқатпай жақындап немесе жүгіріп тоқтауы керек.

 

 

Баскетболда екі адыммен допты лақтыруға оқыту

 Екі адымнан доп лақтыру жүгіруде допты жүргізуден кейін немесе қағып алғаннан кейін орындалады. Екі жағдайда да допты қағып алғаннан кейін ойыншы екі қадам жасайды да допты лақтырады (бұл баскетболда былай аталады: екі адымдық техника қосу лақтыру қолданылады).

 Оң қолмен лақтырғанда допты қағып алған сәтте баскетболшы оң аяқпен алшақ қадам жасайды, содан соң допты кеудесіне жақындатып, сол аяқпен қысқа қадам жасайды. Сол аяқпен екінші қадам қатты серпіліспен және сол қолдың демеуі арқылы оң қолды ең жоғары нүктеге көздеп секірумен аяқталады. Осыдан доп баяу қозғалыспен барып, қалқандағы квадраттың оң жақ бұрышына жіберіледі. Қалқаннан секіріп, доп сақинаға түсуі керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу