Ойын техникасы. Дене шынықтыру, 9 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқаулық

2 бөлім: Спорт ойындары арқылы бірлескен жұмыс 

Сабақтың тақырыбы: Ойын технткасы.

Оқу мақсаты: 9.1.1.1 Үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыру.

Сабақтың мақсаты: Арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыруға үйрету.

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

-ойын арқылы денсаулықты шыңдауды біледі.

-арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді;

«Елестету көрінісі» әдісін қолданыңыз.

Мәтіннің басты мәнін мүмкін болса, елестетуге тырысу керек. Мысалы оқушылар, өздерінің спорттың түрінен әлем чемпионатына жеңімпаз атанғанын елестетіп түсіндіреді.

Сұраңыз: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Суретте берілген көріністі тәжірибеде орындауды ұсыныңыз. Орындау кезінде төмендегі нұсқаулыққа көңіл бөліңіз.

Допты жалғаудың техникалық дұрыс орындалуына назар аударыңыз. Егер оқушылар 3600 бұрылуда қиындықтар сезінсе, онда эстафетаны бұрылусыз ұйымдастыруға болады.

Мұғалім ойын ережесінің сақталуын қадағалап және допты дұрыс жалғауларды санап отырады.

Сұраңыз:

- Ойыншы қандай қозғалыс дағдыларына ие болуы керек?

- Дәлдікті жақсарту үшін сізге не істеу керек?

Допты екі қолмен жоғарыдан беру.

 Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.

Допты екі қолмен төменнен қабылдау.

 Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдайтын немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған жақсы. Бұл жағдайда допты қабылдаудан көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпақ жілікті) көтеріп, бұрады.

 Допты жұдырықпен қабылдағанда доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған себеп-доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін.

 Допты қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін, әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді.

Ойын алаңында тұру және орын ауыстыру.

 Дұрыс тұра білу - жаңа бастаған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігінде тізеден бүгілген күйде кеуде ілгері еңкейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгіліп, бір-біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Егер тордан шоршыған допты қабылдау керек болса, онда ойыншы біршама бүгіледі де, секіре жазылып, допты соғу арқылы ойынды жалғастырады.

 Волейболшылар алаңда қосарланған адыммен жүгіру және секіру арқылы орын ауыстырады.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Волейбол доптары, фишкалар, бор, рефлексия парақшалары.

Допты жоғарыдан қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=xBg8q430QNA https://www.youtube.com/watch?v=lQbpg0oQNUU Допты төменнен қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=8f0G-A1hpUs https://www.youtube.com/watch?v=9YzQIUMp2kM Волейбол элементтері бар эстафеталық ойындарға сілтеме:https://infourok.ru/podvodyaschie-igri-i-estafeti-k-voleybolu-927696.html

Ойын ережесіне сілтеме:

http://www.fizkulturaisport.ru/fizicheskie-kachestva/bystrota/355-uprazhneniya-dlya-razvitiya-skorostnyx-sposobnostej-volejbolistov.html?showall=1

Дене дайындығы жаттығуларына сілтеме: http://www.fizkulturaisport.ru/fizicheskie-kachestva/bystrota/355-uprazhneniya-dlya-razvitiya-skorostnyx-sposobnostej-volejbolistov.html?showall=1

Ойын техникасына сілтеме: http://sclubs.ru/articles/tehnika/tehnika_igry_v_volyaybol/priem_i_peredacha_myacha_v_volyaybole/

Волейболшыға арналған жаттығулар интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=pyWOmLVZ6eM



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу