Ойын техникасы. Дене шынықтыру, 9 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ


Допты жоғарыдан және төменнен беруді орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Жоғарыдан беру

Жоғарыдан беруді орындау техникасына қойылатын талаптар:

1.Допты берер алдында аяқтарды бір деңгейге немесе біреуін екіншісінің алдына қойыңыз. Табандарыңды иық деңгейіне қойыңыз.

2.Допты беру уақытында дене алға еңкейтіледі.

3.Бас мүмкіндігінше тік болады.

4.Аяқтар тізеде бүгілген, қолдан бұрын өз тік қалпына келтіріледі.

5.Допты беру алдында қолды шынтақ жағында бүгіп, қысқа мерзімде қолыңызды жоғарыға көтеріңіз. Қолдың буыны бастан сәл жоғары. Шынтақтар иық буынының деңгейінде немесе сәл жоғары. Шынтақтар арасындағы қашықтық иық белдеуі бұлшық етінің еркін орналасуымен анықталады.

6.Допты берудің барлық кезеңінде алақан ішкі жаққа бұрылған. Қолдың саусақтары мен буындары допқа қарағанда сәл үлкенірек сфера тәрізді күйде болады. Доптың түсуіне жол бермей, оны ұстап алып, жылдамдығын төмендетеді.

7.Қолдар шынтақ буындарында түзетіліп, допты итереді. Қолдың саусақтары мен буындары допқа қажетті бағыт бере отырып, оны лақтырады. Доптың ұшып шығу векторы иық және білезік буындарын қосатын вектормен сәйкес келуі тиіс.

8.Соңғы кезеңде қолдың саусақтары мен буындары қозғалысы инерция бойынша жалғасады, содан қолдар өз қалпына келеді. Қолдар, қол буындары мен саусақтары доптың ұшу бағытына симметриялы орналасады және оның бағытын көрсетеді.

Допты жоғарыдан беру кезінде мынадай қателер болуы мүмкін:

1.Табандар иық деңгейінен тым алыс орналасқан.

4.Аяқтар тік орналасқан.

3. Допты беру уақытында торға жақын орналасқан аяқ екіншісінің алдында тұр.

4. Дененің тік болмауы.

5. Бас артқа еңкейтілген.

6. Қол шынтақтары тым кең аралықта орналасқан.

7. Қолдар тым кең аралықта орналасқан.

8. Қолдар түсірілген.

9. Үлкен саусақтар түсірілмеген.

Төменнен беру

Төменнен беруді орындау техникасына қойылатын талаптар:

  • Допты берер алдында аяқтарды бір деңгейге немесе біреуін екіншісінен жарты табан аралықта алға қойыңыз.
  • Табандарыңды иық деңгейіне қойыңыз.
  • Допты беру уақытында дене алға еңкейтіледі (барлық кезеңдерде), артқа беру уақытында денені тік ұстау керек.
  • Аяқтар тізеде бүгілген, қолдан бұрын өз тік қалпына келтіріледі.
  • Допты беру алдында қолдарды (буындар мен білек) белдің деңгейінде, шынтақты дененің алдында орналастырыңыз.
  • Саусақтар біріктірілген және қол буындары түсіріледі.
  • Қол шынтақтарын тік ұстаңыз және бір-біріне қосыңыз. Доп білек маңайында, білезік буынынан сәл жоғары аймақта қабылданады. Қол деңгейі допты қабылдау барысында оны көзбен бақылауға мүмкіндік береді.
  • Ойыншыдан алыс орналасқан допты қабылдағанда, допқа жақын иық қолдарды жинау әрекеті алдында көтеріледі.
  • Допты алғаннан кейін қолдар сол қалпында қалады немесе доптың бағытымен сәл көтеріледі.

Допты төменнен беру кезінде мынадай қателер болуы мүмкін:

1.Аяқтар тік орналасқан.

2.Аяқтар тізе жағында тым бүгілген.

3.Табандар иық деңгейінен жақын орналасқан.

4.Табандар иық деңгейінен тым алыс орналасқан.

5.Табандар допты беру бағытына қарай бағытталмаған.

6.Бір аяқ екіншісіне қарағанда тым алда.

7. Табандар еденнен сәл көтерілмеген.

8. Дене еңкейген күйде емес.

9. Тым үлкен еңкею.

10. Қолдар түсірілді.

11. Қолдар ерте жинақталған.

12. Денені қажетсіз бұру.

13. Допты қабылдаған кезде иықты жоғары көтермеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу