Ойын техникасы. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 1
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №2 Cпорт ойындары арқылы бірлескен жұмыс. | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Ойын техникасы. | |||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.1.1 Үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыру. | |||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылар әртүрлі дене дайындығының жаттығуларын орындау барысында қауіпсіздік ережелерді сақтай алады. Оқушылар баскетбол ойыны кезінде техникалық қозғалыстарды жетілдіре алады. Оқушылар баскетбол ойынында допты лақтыру және беру әдістерін орындай алады. | |||||
Бағалау критерийлері: | Қауіпсіздік ережелерді білу және түсіну. Баскетбол ойыны кезінде дене дайындығының сапасын және техникалық мүмкіншіліктерін дамыту. Орындалған әрекетке талдау жасау. | |||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: баскетбол ойынының керекті дағдыларын талқылап және талдау. Пәнге тән лексика мен терминология: Допты беру, допты ұстауы, доппен жүруі, әртүрлі жағдайлардан допты себетке лақтыру, айыппұл доптарын лақтыру. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Себетке допты жақсы, нәтижелі лақтыру үшін қандай жағдай жасау керек? «Дәлелденген фол» деген ұғымды қалай түсінесіздер? Доппен жылдамдам басымдылықты қалай жасауға болады? | |||||
Құндылықтарды бойға сіңіру. | Серіктестік, шындық. | |||||
Пәнаралық байланыс | Физика. | |||||
АКТ пайдалану дағдылары | Ғаламтор-ресурстарын қолдану: https://www.youtube.com/watch?v=kGARY5AHt3U | |||||
Алдыңғы білім | «Спорттық ойындардың» бөлімінен, өткен сабақтардың тәжірибесі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған қызмет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-12 минут | Сыныптың жиыны. Бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау. Мұғалім қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы нұсқама жүргізеді. Жүру, әртүрлі тәсілмен: жай жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың сыртқы және ішкі жағымен, жартылай отырып, толық отырып, жай жүру. Берілген тапсырмаларды мұғалім қадағалап тұрады. Жүгіру және оның түрлері: жай жүгіру, жанымен, аяқты айқастыра, артымен алдыға қарай, жай жүгіру. Жүру және денені қалыпқа келтіру. Ж.Д.Ж орнында орындау. Әр бұлшық ет топтарына арналған жаттығуларды, мұғалім оқушылардың арасынан өткізушіні тағайындап, орындатады. | Спортзал, ысқырық. | ||||
Сабақтың ортасы 13-37 минут | Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «маневр» дегенімізді қалай түсінесіздер? Берілген нүктеге қысқа жолды қалай табуға болады? «Кім жылдам» ойыны. Мұғалім спортзалдан бір нүктені белгілеп, соған гимнастикалық обручты қояды. Топта тұрған оқушылар орында отырып, тұру немесе мұғалімнің тапсырмасын орындап тұрады. Мұғалімнің ысқырығы бойынша оқушылар қауіпсіздік ережелерді сақтай отырып, тез әрі жылдам белгіленген нүктеге бару керек. Саралау: доппен жүру, бір аяқпен секіріп бару, жанымен аяқты айқастырып бару. Дескрипторлар: ысқырық бойынша сөрелеу, қауіпсіз қозғалыс, сыни тұрғыдан ойлану. Мұғалім сыныпты топқа бөледі. Допты беру әдістерін орындау: екі қолмен допты кеудеден беру; допты жерге соққы арқылы беру. Жаттығу орында және қозғалыста орындалады. Дескрипторлар: дәлділік, серіктеске қолайлық, техникалық талаптарды сақтау. Әр орындаған жаттығулардан кейін оқушылар өзара бағалау және өзін-өзі бағалау жүргізеді. Баскетболдан жаттығу ойыны. Мұғалім оқушылар арасынан төрешілерді тағайындап, төрешілер пікірталас болған жағдайларды шешуге көмек жасайды | Спортзал, гимнастикалық обруч, баскетбол доптары, ысқырық. | ||||
Сабақтың аяғы 38-40 минут | Сыныптың жиыны. Сабақты талдау. Рефлексия: Берілген стикерлерде оқушылар сабақта болған жағымды тапсырмаларды көрсетеді. | Спортзал, стикерлер, қалам-саптар. | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру. | ||||
Мұғалім оқушылардың дарынды және талантты қабілетін қадағалап отырып, тапсырманы деңгейлеп беру. Жұпттық жұмыс барысында психолгиялық дайындықты беріп, қарастыру. | Сабақ үрдісі кезінде өзін-өзі және бір-бірін бағалау тәсілі жүреді. Жұптық жұмыс барысында көшбасшылық қасиеттері оянады. Мұғалім оқушылардың бір-бірінің қарым-қатынасын қадағалап отыру керек. | Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелер сақтау туралы журналы. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма? ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме? Жеткізбесе, не себепті? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті? | ||||||
Жалпы бағалау: Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?