Ойын техникасы. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Cпорт ойындары арқылы бірлескен жұмыс.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ойын техникасы.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.3.1. Спорттық-спецификалық техникаларды орындау кезінде қозғалыс реттілігін және дағдыларды біріктіру.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар әртүрлі дене дайындығының жаттығуларын орындау барысында қауіпсіздік ережелерді сақтай алады.

Оқушылар баскетбол ойыны кезінде «2 рет адымдап өту» техникасын жетілдіре алады.

Оқушылар баскетбол ойынында лақтыру техникасын жетілдіре алады.

Бағалау критерийлері:

Қауіпсіздік ережелерді білу және түсіну.

«2 рет адымдап өту» кезінде техникалық мүмкіншіліктерді дамыту.

Лақтыру техникасын жетілдіру.

Орындалған әрекетке талдау жасау.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: баскетбол ойынының керекті дағдыларын талқылап және талдау.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Допты беру, допты ұстауы, доппен жүруі, әртүрлі жағдайлардан допты себетке лақтыру, 2 рет адыммен өту.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Себетке допты жақсы, нәтижелі лақтыру үшін қандай жағдай жасау керек?

2 рет адыммен өту: шабуылдау немесе құпия пас па?

2 рет адыммен өтуді қалай бейтараптандыруға болады?

Құндылықтарды бойға сіңіру.

Ынтымақтастық, шындық.

Пәнаралық байланыс

Физика.

АКТ пайдалану дағдылары

Ғаламтор-ресурстарын қолдану:

https://www.youtube.com/watch?v=Zm38B43h74Q

Алдыңғы білім

«Спорттық ойындардың» бөлімінен, өткен сабақтардың тәжірибесі.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-12 минут

Сыныптың жиыны. Бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау.

Жүру, әртүрлі тәсілмен: Әр оқушы 1 минут бойы, әртүрлі жүру тәсілдерін орындап, табанды әрі қарай жұмысқа дайындайды.

Бір қалыпты жүгіру. Мұғалімнің ысқырығы бойынша оқушылар жоғарыға итеріліп секіреді.

Жүру және денені қалыпқа келтіру.

Ж.Д.Ж жұпта. Әр жұп өздерінің жиынтық жаттығуларын өткізеді. Мұғалім оқушылардың жаттығуларды, дұрыс орындауын қадағалайды. Мұғалім жұптардың ең оңтайлы жақсы жаттығуын барлық сыныпқа көрсетуін сұрайды.

Спортзал, ысқырық.

Сабақтың ортасы

13-37 минут

Сыныптың жиыны. Мұғалім оқушылардан 2 рет адыммен өту әдісі туралы не білетіндігін сұрайды. Керек болған жағдайда мұғалім оқушыларға көмек жасап отырады. Мұғалім оқушыларға: 2 рет адыммен өту кезінде қандай күш жұмыс жасайды?

Мұғалім сыныпты бірнеше топтарға бөледі.

2 рет адыммен өту әдісі:

Түсіндіру және көрсету. Көрсетуді жақсы жасай алатын оқушыға ұсынуға болады. 2 рет адыммен өту кезінде өзінің қозғалысын түсіну. Қозғалыстарды аяқпен допсыз орындау. Өту әдісін баяу қарқында орындау. 2 рет адыммен өтуді жылдамдыққа немесе қорғаушының қарсылығымен орындау.

Дескрипторлар: орындаған қозғалыстарын түсіну және талдау; аяқ қозғалыстарын жаттықтыру; қарқын алған жылдамдықтан итерілу; 2 рет адыммен өтуді нәтижелендіру.

Саралау: допты нашар қолмен жүргізу; себетке ыңғайсыз жақтан шабуыл жасау; 2 рет адыммен өту кезінде финттарды қолдану.

Әр орындаған әрекеттен кейін оқушылар өзара бірін-бірі бағалап, және лақтыру кезінде болған қателерді іздейді.

Жаттығу ойыны. Мұғалім сыныпты командаларға бөледі. Мықты командада ойыншылар саны аз болуы мүмкін. Мұғалім оқушылар талаптар қоя алады: 3 секунд аймағынан, допты себетке салу.

Спортзал, баскетбол доптары, ысқырық.

Сабақтың аяғы

38-40 минут

Сыныптың жиыны. Сабақты талдау. Рефлексия: Сабақта мен өзімнің нәтижем үшін ризамын ба?

Спортзал, стикерлер, қалам-саптар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.

Мұғалім оқушылардың дарынды және талантты қабілетін қадағалап отырып, тапсырманы деңгейлеп беру.

Жұпттық жұмыс барысында психолгиялық дайындықты беріп, қарастыру.

Сабақ үрдісі кезінде өзін-өзі және бір-бірін бағалау тәсілі жүреді. Жұптық жұмыс барысында көшбасшылық қасиеттері оянады. Мұғалім оқушылардың бір-бірінің қарым-қатынасын қадағалап отыру керек.

Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелер сақтау туралы журналы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау:

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу