Жүгіру эстафетасын өткізу жолдарын құрастыру. Дене шынықтыру, 9 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материал 9 сынып

Эстафеталық жүгіру техникасы мен түрлері.

 Эстафеталық жүгіру – бірнеше адамнан құралған команданың жүгіруі. Мұнда қатынасушылар қашықтықтың өздеріне тиісті бөлігін кезікпен жүгіреді. Бірінші кезеңде тұрған жүгіруші сөреде ұзындығы 30 см. Диаметрі 3-4 см. Эстафеталық таяқшаны алады. Оны ол өз кезегінің аяғында өз командасының кезекте тұрған жүгірушісіне береді, сөйтіп өз кезегін аяқтайды.Таяқшаны алған бала өзінің сатысын жүгіріп өтеді, мұның аяғында эстафеталық таяқшаны үшінші жүгірушіге береді. Əрбір команданың ең соңғы қатысушысы эстафеталық таяқшаны ұстап, мəре сызығынан жүгіріп өтеді, бұдан соң мəреде тұрған төрешіге келіп, оған эстафета таяқшасын əкеліп тапсырады. Барлық сатыларда эстафетаны беру тек эстафетаны беру аймағында ғана орындалуы керек. Ол үшін мұны жақсы көрінетін сызықтармен белгіліп қою қажет. Эстафеталық жүгірудің барлық қиындығы, жақсы жүгіретін балалар үшін де, жүгіруді тоқтатпай, эстафетаны беру аймағында эстафеталық таяқшаны беру болып табылады.

 Қарсы жүгіру эстафетасы. 12-15 жастағы балаларүшін жарсы жүгіру эстафетасы неғұрлым жеңіл келеді, мұнда белгілі бір команданың жүгірушілері тең екі топқа бөлініп, əрбір қатысушының жүгіріп өтуіне тура келетін қашықтықта бір-біріне қарама-қарсы орналасады.Жүгірушілер орналасқан орынға сырыққа жалауша ілініп қойылады. Сырықтың биіктігі 150 см-ден 180 см-ге дейін болады.

 Бірінші жүгіруші эстафеталық таяқты бір ұшынан оң қолына ұстап,екінші жүгірушіге қарсы, алға қарай аласа немесе биік сөреден жүгіруді бастайды. Екінші жүгіруші оң қолын алға қарай созып, жалаудың сол жағына тұрады. Екінші жүгірушіге жақындап жүгіріп келіп (яғни алда тұрған жалаудың жанындағы кезектегі), екі-үш адыа қалғанда эстафеталық таяқша бар оң қолын алға созады. Кезекте тұрған жүгіруші алға қарай созылған қолына көзін айырмай қарайды, жалаудың сол жағынан жүгіріп өтіп, эстафеталық таяқшаны оң қолынан алады. Эстафетаны қабылдаушы оң қолын бірдей бүгіп, оны саусақтарымен қысып алады жəне қолын жалаудың сол жағынан алға қарай шығарады да, кезектегі жүгірушіге қарай қатты жүгіре бастайды. Эстафета таяқшасын алған үшінші жүгіруші төртінші жүгірушіге қарай жүгіреді жəне т.с.с. ал соңғы жүгіруші эстафетамен бірге өтуге тиісті, қарама-қарсы жақтағы жалаудың сызығына қарай жүгіреді.

 Шеңбер бойынша эстафета. Шеңбер бойынша эстафетада барлық жүгірушілер бір бағытта жүгіреді. Кезекке тұрған жгіруші (эстафетаны қабылдаушы) жүгірушіге бет жағын қаратып емес, арқа жағын қаратып тұрады.

 Сонымен қатар эстафетаны бір орында тұрып емес, жүгіріп бара жатып қабылдайды. Эстафетаны жиырма метрлік аймақта береді. Ол жолға көлденең сызылған, анық көрінетін екі сызықпен белгіленеді.

 Шеңбер бойынша эстафета қалай жүргізіледі? Бірінші болып жүгіруші төменгі сөреден жүгіруді бастайды. Кезектегі жүгіруші эстафета беру аймағының басталуын белгілейтін сызықтың жанында өзінің серігін күтіп тұрады. Эстафета таяқшасын берушіге эстафета беру аймағының басталуына 4-6 см, қалғанда эстафетаны қабылдайтын жүгіруші өз жолының сол жағына таман жақын, барынша жылдам жүгіре бастайды. Бұл эстафетаны берушінің оңға, қатарласа жатқан жолға шығып кетпеуі үшін жасалады. Ал ереже бойынша өз жолынан шығып кетуге рұқсат етілмейді. Эстафетаны беруші зонаның аяғына дейін 8-5 м, қалғанда эстафетаны қабылдаушыны қуып жетуі керек. Сол кезде ол эстафетаны беруге əсір екендігін білдіріп,

«хоп!» деп белгі береді. Эстафетаны беруші өзінің барлық назарын эстафета қабылдаушының оң қолына аударады. Артқа қарай созылған қолды көре салысымен, тез қимыл жасап, эстафетаның бас жақ ұшын оны қабылдаушының қолына жеткізіп береді., осыдан кейін ғана өзінің жолы бойынша жүгіруді аяқтайды. Өз жолынан басқа жолға команданың барлық жүгірушілері эстафетаны алып, эстафетаны берген адамнан алға қарай жүгіріп өткеннен кейін ғана шығуға рұқсат етіледі. Эстафетаны алған жүгіруші кідіртпестен, дереу эстафетаны сол қолына ауыстырып алып, өз командасының кезектегі тұрған жүгірушісіне беру үшін жүгіріп кетеді. Эстафеталық жүгірудің техникасын үйренуге тек жүгіруге дайарлығы болған жағдайда кірісуге болады. Бастапқы эстафета беру техникасын бір орында, содан кейін адымдап жүру, ақырын жүру кезінде жəне жүгіру кезінде үйрену керек. Тез жүгірген кезде эстафетаны беруді үйрене отырып, 20 метрлік аймақ ішінде таяқшаны беруге дағдыланған жөн.

 Эстафета техникасын жəне төменде сөз еткелі отырған кедергілермен жүгіру техникасын жақсы меңгеруге осыларға ұқсас қозғалыс-қимыл ойындарының көп септігі бар.

Қазіргі уақыттағы жеңіл атлетика.

 Орта ғасыр кезінде жеңіл атлетиканың дамуына көп көңіл бөлінген жоқ. Осы спорттың кейбір элементтері кейбір халықтардың ойындарында сақталды.

 XVIII – ғасырда жүгіру, секіру жəне лақтыру дене тəрбие жүйесінде қайтадан дами бастады. Олимпиадалық ойындарға қызығушылық басталды. Гректердің Олимпиадасын қайта қалпына келтіру үшін немістердің қоғам қайраткерлері дене тəрбиесінің И.К.Гутс-Мутс (1759- 1839) жəне Г.Фит (1765-1836) тілектерін білдірді.

 Қазіргі уақыттағы жеңіл атлетиканың отаны Англия болды. ХІІ ғасырда монускриптегі лондоншылардың жеңіл атлетикалық жарыстары еске алынады. ХVIII-ші ғасырда үлкен тас жолдарда, қала арасында жəне ипподромдарда жүгіру кеңінен тарайды. 1770 жылы бір сағатқа жүгіру белгілі болды, бірінші рет 17-шақырым 300 м. Кəсіпқой жүгірушілердің өнер көрсетуі жақсы дамыды. XVII-ші ғасырдың ортасында колледждің жəне университеттің араларында жарыс кеңінен тарай бастады. 1864 жылы Оксфорд жəне Кембридж университеттерінің арасында жеңіл атлетикадан жарыс өтті. Англияның ұлттық біріншілігі екі жыл соң, яғни 1866 жылы өтті. Жеңіл атлетиканың дамуына көп əсер еткен 1865 жылы Лондондағы жеңіл атлет клубының ашылуы болды . 1880-ші жылы ұлттық жеңіл атлеттер ассоциясы құрылды. Көп кешікпей жеңіл атлетика спорты АҚШ-та дами бастады. Англиядағы сияқты бірінші кəсіптік жүгіріске көңіл бөлінді. Соның ішінде көп сағаттық жəне көп күндік жүгірістерге қызығушылық болды. Белгілі кəсіпқой жүгіруші И.Рауль 12 сағат ішінде 144 шақырым 64 м. жүгіріп өтті. Бірінші жеңіл атлетикадан жарыс 1877-ші жылы болды. Университет біріншілігі 1874-ші жылы болды. 1875-ші жылы АҚШ біріншілігі өтті. Англия мен АҚШ-та жеңіл атлетиканың дамуы барлық Европа елдеріне əсер етті. Францияда кейін Германияда дами бастады. ХІХ-шы ғасырдың соңында жеңіл атлетика спорты көпшілік Европа елдерінде танымал болды.

Жеңіл атлетика  тестық сынамалардың сұрақтары 

1. Жеңіл атлекиканың қай түрі ежелгі болып саналады? 

          a. 100 м жүгіру + 

          b. 200 м жүгіру 

          c. найза лақтыру 

          d. марафон 

2. Қай жылдан бастап əйелдер олимпиадалық ойындарға жіберілді? 

          a. 1928 ж + 

          b. 1932 ж 

          c. 1936 ж 

          d. 1952 ж  

3. Ежелгі Греция да дамыған жеңіл атлетиканың түрлері 

          a. Қыска ара қашықтыққа жүгіру + 

          b. Үлкен ара қашықтыққа жүгіру 

          c. Кедергілі жүгіру 

          d. Спорттық жүріс  

4. Биіктікке секіруші В. Брумель қай тасілмен секірді? 

         a. Асырма + 

         b. Толкын  

         c. Аттау  

         d. Фосбюри- флоп  

5. Қазіргі уақыттағы  жеіл атлетиканың Отаны? 

         a. Англия + 

         b. Америка  

         c. Греция  

         d. Франция 

6. Кеңес Одағының рекордсмені кім? 

         a. Қосанов + 

         b. Кодякин 

         c. Муравьев 

         d. Тұяқов 

7. Эстафеталық жүгірістің классикалық түрлері қайсысы? 

         a. 4 х 100 м + 

         b. 4 х 200м 

         c. 4  х 150 м 

         d. 4 х 60 м  

8. Спорттық жүрісте ерлер арасында классикалық  қашықтықты тап? 

         a. 3-5 шақырым 

         b. 5-10 шақырым 

         c. 10-20 шақырым 

         d. 20-50 шақырым + 

9. Ерлерге классикалық көп сайысты тап? 

         a. Үш сайыс 

         b. Бес сайыс 

         c. 9 сайыс 

         d. 10 сайыс + 

10. Биіктікке секіру қандай тəсілмен орындалады? 

         a. Қайшылап 

         b. Толқын + 

         c. Иіліп 

         d. Аяқты  бүгіп 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу