Жүгіру эстафетасын өткізу жолдарын құрастыру. Дене шынықтыру, 9 сынып, презентация.
Бөлімі: Жүгіру, сегіру, лақтыру техникасын жетілдіру
Тақырыбы: Жүгіру эстафетасын өткізу жолдарын құрастыру
Мақсаты: Басқа адамдардың дене жаттығуларын байытуға арналған дағдыларды бағалай білу.Жеңіл атлетика
9 - сынып
Жүгіру,спорттық жүгіру - жеңіл атлетиканың негізгі түрі.Біздің заманымыздан.бұрын 776 жылы 1-ші Олимпиялық ойындар бағдарламасында жүгіруден жарыс өткен. Жүгіруден қазақ жастары арасында бірінші болып Ғұсман Қосанов 17-ші Олимпиялық ойындарда (1960, Рим қаласы) 4*100 метрлік эстафеташылар бәсекесінде күміс жүлдегер атанды. Ал қысқа спринттік қашықтыққа жүгіруші Әмин Тұяқов 1966 ж. Еуропа кубогін еншіледі. Кедергілі жүгіруден 2000 жылы О.Шишигина Сидней Олимпиядасының алтын медалін жеңіп алды.
Эстафета – жүгірудің командалық түрі, бұл сайыста жүгірушілер бір-бірлеріне таяқшаны беру арқылы сөреден мәреге дейін жүгіріп өтеді. Жүгіру қашықтығы 400 метр, қатысушылар саны – 4 оқушы. Эстафета арнайы стадиондарда болады және әртүрлі қашықтықта болады.
Таяқшаның салмағы 50 граммнан аспайды, ұзындығы 30 см ал диаметрі 4 см болады.
Эстафеталық жүгіру 4х100
1. Төменгі сөреден шығу2.Эстафета таяқшасын беру3.Мәре сызығын кесіп өтуТөменгі сөреден шығу
Бұл этапта жүгіруші жарысты төменгі старттан бастайды. Таяқшаны оң қолдың соңғы үш саусағымен ұстайды және сұқ саусақпен бас бармақты сөре сызығына қояды. Эстафетаның техникасындағы басты қиындықтар жоғары жылдамдықпен жүгіру кезінде таяқшаны командаласыңа беру мен шектелген зонамен ғана жүгіру болып табылады.
Эстафета бастаушы өзіне тиесілі бөліктің жиегіне жақын жүгіреді, ал күтіп тұрған оқушы бөліктің сыртқы жағында күтеді. Таяқшаны сол қолымен келесі оқушының оң қолына береді. Ал ол оқушы бөліктің ішкі жиегімен жүгіріп,келесі оқушының сол қолына береді. Таяқшаны берудегі басты қадағалайтын нәрсе ол – қауіпсіздік ережесі, өз зонаңда ғана жүгіру және командаластарыңа әртүрлі жарақаттар келтірмеу.
Таяқшаны берудің ережесі
1,3-ші жүгірушілер таяқшаны оң қолымен келесі оқушының сол қолына береді.
2,4-ші оқушылар таяқшаны сол қолымен алып, келесі командаласының оң қолына береді
2,3,4-ші жүгірушілер бір қолын сызық үстіне қойып екінші қолын артқа созып тұрады. Созып тұрған қолының иығының астымен жүгіріп келе жатқан командаласна қарап тұрады.
Таяқшаны алу ережесі
Жүгіріп келе жатқан оқушы командаласына жақындаған кезде сигнал береді. Қабылдаушы қолын артқа соза жүгіреді, себебі жүгіріс ритмі жоғалмауы керек. Осы кезде таяқшаны күтіп тұрған ойыншының созып тұрған қолына беріп бірнеше қадам жүгіруі керек.
Таяқшаны беру деңгейлері екіге бөлінеді. Біріншісі төменге беру екіншісі жоғарыға беру, бұл күтіп тұрған оқушыға байланысты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?