Лақтыруды жетілдіруге арналған жаттығулар құрастыру. Дене шынықтыру, 9 сынып, дидактикалық материал.


ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫҢ ЛАҚТЫРУ ТҮРЛЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУ ТЕХНИКАСЫ НЕГІЗДЕМЕСІ

Гранат пен допты лақтыру техникасы. Гранат пен допты лақтыру техникасы үлкен қолданбалы мағынаға ие. Осымен байланысты гранатты лақтыру әскерге дейінгі жастардың дене дайындығын бақылауда кірістірілген. Себебі бұл санатқа жоғарғы сыныптың оқушылары жатады, гранатты лақтыру оқушылардың дене дайындығын тәрбиелеу бойынша бағдарламаға кірістірілген. Допты лақтыру – ежелгі спорттық жаттығулардың бірі. Самофракия (Эгей теңізі) аралында табылған былғары добының бейнесі б.э. дейін 2500 ғасырға жатады және доппен жаттығуды ежелгі гректер қолданғандығы жөнінде айтады. Қазір нысанаға және қашықтыққа допты лақтыру – оқушылардың әр түрлі жаппай жаттығулар бағдарламасының міндетті түрі. Допты, кейінірек гранатты лақтыру, оқушыларды найзаны лақтыруға жақсы дайындайды. Нысанаға допты лақтыру төменгі сыныптағы оқушылары сабақтарына кірістірілуі мүмкін. 12-13 жаста жеңілдетілген найзаны лақтыру үйретуге көшуге болады. 15-16 жастағы оқушылар жалпы найзаны лақтыру техникасын меңгеруі мүмкін. Гранатты, допты және найзаны лақтыру техникасы ұқсас. Олардың негізгі өзгешелігі снарядтардың ерекшеліктеріне және оларды ұстау тәсілдерінен тұрады. Гранатты шетінен ұстау қажет, яғни тетіктің ұзындығын екі түрлі тәсілдермен жоғарлату үшін: гранаттың шеті төрт саусақпен ұсталады; гранатты ұстау үш саусақпен жүргізіледі, ал төртінші – шынашақ, бүгіліп, шетіне тіреледі. Допты ұстау тәсілі 43 сурет. Гранаттың өлшемдері 44 сурет. Гранатты ұстау тәсілдері Гранат пен допты лақтыру кезінде оларда жоспарлауыш қасиеттерінің жоқтығы кезінде олар көкжиекке 40-420 бұрышымен лақтырылады. Гранат пен допты лақтыру үйрету техникасы мен әдістемесі найзаны лақтыру үйрету техникасы мен әдістемесі бірдей.

6.3. Ядроны итеру техникасының орындалуы Ядроны итермелеуде бірінші ескеру тарихшылары ХІХ ғасырдың ортасына жатады. Ядроны итермелеу халық ойындарына міндетті түрі екендігі ескерілді, онда әртүрлі салмақта тастарды, шарларды лақтыру бойынша жарыстар жүргізілді. Ядроны итермелеу техникасы барлық тарихының бойына өзгерді: бір орыннан тұрып итермелеу, қадам жасап итермелеу, секіріп итермелеу, жанынан тұрып, секірістен итермелеу, бұрылыстан ядроны итермелеу. Қазіргі заманғы түсіндірушілер секірістен ядроны итермелеу техникасын пайдаланып келеді. Осы ядроны итермелеу техникасының қазіргі екі әдісін қарастырайық. Ядроны итермелеу техникасын талдау кезінде келесідей негізгі элементтерді бөліп көрсетуге болады: - снарядтан ұстау; - екпінге (секіріске, бҧрылысқа) дайындық сатысы; - секіріспен (бұрылыспен) екпін жасау; - мәрелек күш; - тепе-теңдікті тежеу немесе ұстап қалу фазасы. Секіріспен ядроны итеру техникасы. Снарядты ұстау. Ядро саусақтардың орташа бақайының сүйегіне қойылады. Итермелеуді орындайтын қолдардың білезіктері (мысалы, оң қолмен) болып табылады. Төрт саусақ бірге қосылған, бас бармақ ядроны жанынан ұстайды. Саусақтарды ажыратуға болмайды, олар біртұтас болуы қажет (47 сурет). 125 47 сурет. Ядроны ұстау Ядро бұғана үстінде мойынның оң жағына қысылады. Білек және оң қолдың иығы бүгілген. Шынтақ буынында ядроны итермелеу иық деңгейінде жанына апарылады. Сол қол шынтақ буынында жаймен бүгілген кеуде алдында, сонымен қатар иық деңгейінде жанына қарай апарылады. Сол қолдың бұлшықеттері білезік жаймен қысылған (48 сурет). 48 сурет. Қарқынды күшке дайындықтың бастапқы қалыпы Оң қолдың білезік бұлшықеттері ядроның жүктемесіне дайын екендігі өте маңызды. Егер бұлшықеттер әлсіз болса, онда бірінші кезекте оларды нығайту, техникасын зерттеу қажет. Білезік қатты және серпімді болуы қажет. Екпінге дайындық фазасы. Ядроны итермелеуші секірісті бастау алдында бастапқы қалыпты алуы қажет. Ол үшін лақтырушы оң аяққа тұрады, оң табан секторға қатынасы бойынша шеңбердің алыс шетінен болады. Сол аяқ оның ұшына арқа қарай апарылған, 126 дененің оң қолына ауырлық түседі, дене тік ұсталған, бас тік қарайды, ядро оң иық және мойында, сол аяқ оның алдында болады. Бұл фазада қозғалыс екі әрекетке бөлінеді: 1) сермеу; 2) жинақталу Бастапқы қалыптан лақтырушы сәл артқа қарай бос сермеуді сол аяқпен жасап, алға қарай иіледі, ал сол аяқпен жоғары қарай азғантай сермеу, бұл кезде белде бүгіледі және аздап иықты артқа қарай апарады. Сермеуді оң аяқтың толық табанында орындап немесе оң аяқтың ұшына көтеріліп бір уақытта сермеумен жасауға болады. Ол оң аяқтың тізесінен бүгіледі. Иықтар оң аяқтың тізесіне төмен қарай түсіріледі, сол аяқ тізеді бүгіледі және оң аяқтың тізесіне келтіріледі, сол қол кеуде алдында төмен қарай түсіріледі, яғни лақтырушы барлық серпімділікке ие болып жинақталады (49 сурет). 49 сурет. Секіріс тәріздес екпінмен ядроны итеру Секіріс тәріздес екпіні. Жинақталу қалпынан кейін секіріс тәріздес екпін басталады. Серпімді күштер тиімділігінің бастапқы қалыпы. Секіріс артқа қарай сол аяқты және тірекке сол аяққа қою орнына аздап төмен қарай сермеуден басталады. Бір уақытта жалпы орталық масса жоғары қарай көтерілмей, ал ядроны итермелеу бағыты бойынша алға қарай қозғалуы үшін тізе буынында оң аяқты тік ұстау болады. Сол аяқтың сермеуінің есебінен оң аяқ тіректің шегінде жалпы орталық массаны біржола жою қалыптасады, ал жалпы орталық масса қозғалыстарының арқасында итермелеу жүргізіледі. Итермелеу өкшеден орындалуы мҥмкін, бұл кезде табан буынның бұлшықеттері итермелеуге қатысады, бұл жағдайда табан буынның бұлшықеттері 127 белсенді түрде оған қатысады. Оң аяқтың ұшынан алғаннан кейін жіліншек жылдам қозғалысымен оң аяқтың жамбас буынына созылады, тізе аздап ішке қарай бұрылады, табан аяқ ұшына қойылады. Бұл кезде кеуде бастапқы қалыпты сақтау қажет, яғни артқа итермелеу бағыты бойынша бұрылады, иық оң аяқтың тізесіне алға қарай еңкейтілген, сол аяқ сәл кеуде алдында болады. Секіруден кейін бірден екі тіректі қалыптан қабылдау қажет немесе оң аяқты және сол аяқты қойғаннан кейін уақыттың аралығы өте қысқа болады (50 сурет). 50 сурет. Секіріспен ядроны итеру (жанынан кӛрінісі) Мәрелік күшке лақтырушы «жабық» қалыпта болуы қажет, яғни итермелеу жағына сол иықтың алдын-ала бұрылысын жасамау және тізе буынында аяқты тік ұстау қажет. Сол аяқ барлық табанға қойылады және сәл тізе буынында тік ұсталады. Тірекке сол аяқты қою сәтімен немесе екі тіректі қалыпты сәтімен мәрелік күштің фазасы басталады (51 сурет). 128 51 сурет. Ядроны итеруде мәрелік күштің орындалуы (алдынан көрінісі) Бір уақытта тік сол аяқ арқылы жалпы орталық масса жоғарыалға қарай апарылып, оң аяқты бүгу орындалады, бұрылған иықтар жалпы орталық масса сызбасынан аздап артта болады. Лақтырушы бүгілген қалыпты қабылдайды: иық артта, белде иілім, жалпы орталық масса сызбасы оң және сол табандарының арасында болады, яғни «тартылған садақ» қалпында болады. Осы қалыптан бір уақытта иықтың қозғалуымен алға қарай ядроны қажетті бұрышымен бағыттап, шынтақ буынында қол жазыла бастайды. Оң аяқ тізе белсенді түрде ядроға жылдамдықты бағыттап және хабарлап, белсенді түрде бой түзейді. Мәрелік күштің қорытынды бөлігінде ядромен оң қолдың байланысы кезінде бұл қолдың бұлшықеттері жылдамдық ерекшеліктеріне байланысты болады: неғұрлым бүгу кезінде бұл қолдың қозғалыс жылдамдығы жоғары болса, соғұрлым байланыс көпке созылады. Итермелеуіш қолдың білезігі өзінің бүгілуі мен ядроны итермелеуге қатыспауына қарамастан, мәрелік күштің фазасында негізгі, ауырлық күші оған түседі. Мәрелек күштің фазасында құрылатын және бұлшықет энергиясын беретін барлық жүктеме білезік арқылы өтеді. Сондықтан жарақат алмау үшін қатты бұлшықеттермен берік байланысқа ие болуы өте маңызды. Мәрелік күште барлық қозғалыстар бір-біріне жанама төменгі буындарынан бастайды. Бұл үрдіс лақтырудың барлық түрлерінде бір буыннан басқасына қозғалыс санын берудің негізі болып табылады. Себебі, секіріс қозғалыстың тік сызықты формасына ие, онда мәрелік күшке тік бойынша қозғалысты жалғастыру қажет. Ядро оң аяқтың үстінде болуы қажет және мәрелік күш кезінде ол секіріс кезінде берілген қозғалыстың траекториясынан аз ауытқуы қажет. Барлық бұлшықет 129 күштерінің қосымшасы снарядтың ортасы арқылы өтуі және ядро қозғалысының бағытымен сәйкес келуі қажет. Басқа жағдайда ядроның жылдамдық векторымен сәйкес келмейтін және итермелеудің нәтижелілігін төмендететін бұлшықет күштерін жіктеуге болады (51 сурет). Қолдан снарядты алғаннан кейін тірек қалыпта немесе екі аяқта немесе тіпті бір (сол аяқта) болуы қажет. Снарядқа қозғалыс энергиясын беру тек қана тірек қалыпта жүзеге асырылады. Ол жөнінде лақтыру техникасының негіздері қолға алынады. Қол білезігінен ядроны алғаннан кейін лақтырушыға шеңберге ұшпай, тепе-теңдігін сақтау қажет. Осы сәттен тежеу фазасы немесе тепетеңдікті ұстау басталады. Тежеу фазасы. Бұл фазада қосалқы болса да, бірақ егер тепетеңдігін сақтамаса, онда шеңберден шығуға болады және жарыс ережелері бойынша әрекетте ядро қаншалықты алыс ұшса да, есептелмейді. Демек, қозғалыстар қатарын орындау қажет, олар дененің қозғалу жылдамдығын алға қарай тежеуі мүмкін және лақтырушыға статистикалық қалыпты қабылдауға мүмкіндік береді. Ол үшін қолдан ядроны алғаннан кейін лақтырушы сол аяқтан оңға қайта секіруді орындайды. Сол аяқ оң аяқтың табанына жалпы орталық масса сызбасын алуға көмектесіп, артқа қарай барады. Сонымен қатар қолдар сектордан қарама-қарсы жаққа сермеуіш қозғалыстар орындайды. Ядроны итермелеу техникасына үйрету кезінде ең қиын қате қайта секірумен итермелеуге үйрету. Мынаны есте сақтау қажет, қайта секіру – тепе-теңдігін сақтау және ядроның артынан алға қарай дененің қозғалыс жылдамдығын төмендетуге бағытталған мәжбүр әрекеті. Бұрылыстан ядроны итеру техникасы. Бастапқы қалып. Лақтырушы ядроны итермелеу бағыты бойынша арқасымен тұрады. Қолдар мен ядро секірістегі сияқты қалыпты қабылдайды. Аяқтар иық деңгейінде тұрады, табандары сәл сыртқа қарай бұрылады (52 сурет). Бұрылыс алдында дайындық қозғалыстары. Лақтырушы бұраңқы қалыпты қабылдайды, шамамен 30 см-ге жалпы орталық массаны түсіріп, тізе буындарында аяқтарды бүгеді. Дене тізе үстінде иықтар болуы үшін алға қарай еңкейтілуі қажет. Содан кейін ол денені артқы-оңға қарай бұрып, оң аяққа дененің ауырлығын апарады, сол қол сәл шынтақта бүгіліп, оң иықтан өтеді. Бас төмен-алға қарай қарайды. 130 Бұрылыс. Техниканың бұл элементі дискті лақтыру сияқты тап сондай, тек қана өте шектелген кеңістікте орындайды. Бұрылыс сол аяққа дененің ауырлығын көшіруден және аяқ ұшына сол аяқтың тізесі бұрыла бастайды. Ядромен иық және қол бірнеше артта қалады, тек қана сол қол иықтың көлденең осінен шықпай, артқа қарай апарылады. Әрі қарай шеңбердің беткейінен оң аяқты алуға болады және шеңбердің сермеуіш қозғалысымен ол итермелеуге бағыты бойынша алға қарай апарылады. Оң аяқтың табаны шеңбердің ортасына қойылады. Өз кезегінде сол аяқ сермеуіш қозғалысымен шеңбердің беткейінен алып, барлық табанға шеңбер сигментіне алға қарай қойылады. Сол аяқтың шеңбер қозғалысымен бір уақытта оң аятың ұшында бұрылыс болады (52 сурет). 52 сурет. Бұрылыстан ядроны итеру 131 Мәрелік күш. Екі тіректі қалыпқа келіп, лақтырушы жамбасты бір уақытта бұрылысымен оң аяққа бүге бастайды, содан кейін сол аяқ белсенді түрде кеуде және құрсақ бұлшықеттерін созып, иық деңгейінде артқа кетеді. Әрі қарай жұмысқа жоғарғы иық белдеуінің бұлшықеттері араласады, олар оң иықты алға қарай қозғалтады, снарядты қозғалту үшін жиналған энергияны беріп, шынтақ буынында оң қол бүгіле бастайды. Білезіктен ядроны лақтырғаннан кейін дененің тежелуі басталады. Тежелу фазасы. Ол дененің айналыс қозғалысын жалғастырып, сол аяқтан секірумен басталады. Лақтырушы қозғалысты тоқтатады және одан кейін оның артқы жартысы арқылы шеңберден шығады. Секіріс тәріздес екпін кезінде ядроның қозғалысы тік бойынша жүзеге асырылатынын ескеру қажет, алдымен ядроның бұрылысынан итермелеу кезінде шеңбер бойынша қозғалады және тек қана лақтырушыға мәрелік күштің соңғы бөлігінде тік сызықты жолға оны ауыстыруға болады. Сондықтан, бұрыштық жылдамдықтың векторы алға бағытталған қозғалысқа айналыстан көшу кезінде итермелеу бағытымен сәйкес келгені маңызды. Бұл сәт бұрылысынан ядроны итермелеу кезінде секіріс тәріздес екпінмен итермелеуге қарағанда өте қиын техникалық әрекет болып табылады. Мәрелік күште ядроға күшті келтіру жолы ұзындығы 1,8 метрге жетеді. Күшті келтіру жолы ұзындығының бұрылысын пайдаланумен 2 метрге дейін (жақсы итермелеуіштердің мәліметтері бойынша) жоғарылайды.

Тест сұрақтары.

1. Денені шынықтырудың алғашқы қадамы немен шынығудан басталады?                   

а) суменб) кунменв) ауаменг) суықпен

2. Ақыл-ой жұмыстарында қанша уақыт сайын дене шынықтыру жаттығуларымен үзіліс жасап отыру керек.

а) 40-45б) 25-30в) 55-60г) 70-75

3. Физикалық жаттығулар кезінде алған жарақат ықтималдығы қандай жағдайда азаяды?

а) егер, оқушылар өз мүмкідіктерін асыра бағаласаб) мұғалімнің нұсқауын орындап отырсав) қозғалыс машықтарын дұрыс меңгергендег) өз эмоцияларын басқара алмаса

4. Төзімділіктің дамуына ықпал ететің жаттығуларды қай уақытта орындау керек.

а) жаттығудың дайындық бөлімінің басындаб) жаттығудың дайындық бөлімінің соңындав) жаттығудың негізгі бөлімінің ортасындаг) жаттығудың негізгі бөлімінің соңында

5. Қысқа қашықтыққа жүгіруде қандай сөре (старт) түрі қолданылады?

а) жоғарыб) орташав) төмен г) кез келген

6. Биіктікке секіруде қатысушыға неше рет әрекет жасауға мүмкіндік беріледі?

а) әр биіктікте 2 ретб) әр биіктікте 3 ретв) әр биіктікте 1 ретг) әр биіктікте 4 рет.

7. Олимпиада ойындары қай елде басталды?

а) Ежелгі Грециядаб) Римдев) Олимптег) Францияда

8. Қатты нәрсеге  соғылып, дененің қандай да болмасын жарақат алған жағдайда қандай алғашқы көмек көрсету жасалуы керек?

а) жарақат алған жерге салқын төсеуб) жарақат алған жерге жылы төсеув) дөңгелек салуг) жарақаттанған жерді йодпен емдеу

9. Ольга Рыпакова спорттың қай түрімен айналысқан?

а) еркін күресә) боксб) үш қарғып секірув) дзюдо

10. Кростық жүгіру мен ұзақтыққа жүгірудің айырмашылығы неде?

а) жүгіріс техникасыменб) жүгіріс жылдамдығыменв) жүргізу орындарына байланыстыг) қолдың қозғалысына байланысты

11. Дененің икемділігі неге байланысты емес?

а) буындардың анатомиялық құрылымына  б) бой көрсеткіштерінев) бұлшықет және байламдардың икемділігінег) дене температурасына

12. Циклдық спорт түріне не жатады?

а) күрес, бокс, семсерлесуб) баскетбол, волейбол, футболв) жүру, жүгіру, шаңғы жарысы, жүзуг) доп диск, балға лақтыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу