Лақтыруды жетілдіруге арналған жаттығулар құрастыру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №1- Жеңіл атлетика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Лақтыруды жетілдіруге арналған жаттығулар құрастыру.

Оқыту мақсаттары

9.1.1.1 Үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыру.

 Сабақ мақсаттары

1. Қозғалыс контексте жабдықтар мен құралдарды қауіпсіз пайдалану.

2. 150 гр. допты жүгіріп келіп алысқа лақтыру техникасын жақсарту.

 Бағалау критерийлері

1.Лақтыру жаттығулары кезінде, қауіпсіздіктің қатаң ережесін сақтайды.

2.Техникасын сақтап 150 гр. допты алысқа лақтырады;

3.Әр-түрлі жаттығулардағы бұлшық ет жұмысын көрсетіп, талдайды

4. Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсете біледі.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • физикалық қабілеттер: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік
  • орнынан допты лақтыру, жүгіріп келіп лақтыру
  • қадамдар, лақтыру итеру, алысқа лақтыру
  • 150 гр. кіші доп

Диалог үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Лақтыру кезінде қандай қауіпсіздік ережелерге назар аудару қажет?
  • Допты лақтыру кезінде қандай бұлшық еттер қатысады?
  • Жеңіс нәтижесіне қол жеткізу үшін оқушылар үшін техниканы сақтап орындау маңызды ма?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Денсаулық – арнайы жүгіру тапсырмаларды орындау кезінде;

Адалдық – бір-бірін бағалау кезде;

Толеранттылық, құрмет, жауапкершілік - жұптық, топтық жұмыс кезінде.

 Пәнаралық байланыстар

Биология.

Лақтыру кезіндегі бұлшық еттердің қатысуы.

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар тақырыпақа сәйкес интернет желісінен мағлұматтар қарайды.

150г. допты лақтыру техникасы туралы видеороликті интернет арқылы табу

Бастапқы білім

Физикалық қасиеттерді дамытуға арналған жаттығулар кешенін біледі.

Бір орында тұрып кіші допты техникасын сақтай отырып алысқа лақтыра алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 12мин

1мин

1 мин

1 мин

2 мин

1 мин

6 мин

  • Оқушылардың зейін шоғырландыру;
  • Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, оқу мақсаттарын анықтап алу;
  • Оқушылардың сыртқы сипаттарына, көңіл-күйлеріне көңіл бөлу.
  • Сабақ сонында күтілетін нәтижелерге тоқталу;
  • Денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларды орындау;
  • Жалпы дене жаттығуларын өткізу;

Үлкен, таза кеңістік. Доп лақтыру аланы, ысқырық, фишкалар, бор, конустар, рулетка.

Сабақтың ортасы 13мин

10 мин

1 тапсырма.

Тапсырма №1 ( Т, ҚБ) Оқушыларға суреттермен ұсынылған тапсырма карточкасы беріледі. Шағын топтағы оқушылар лақтырушылардың арнайы жаттығуын құрастырып орындайды. Кешенді 3х10 рет қайталайды, 2-3 серия. Одан кейін орындалған жұмыстардағы бұлшық ет жұмысын көрсетіп талдау жүргізеді.

Дескриптор:

-Суретте ұсынылған лақтырушылардың арнайы тапсырмаларын дұрыс орындайды;

- Орындалған жұмыстардағы бұлшық ет жұмысын көрсетіп талдау жүргізеді.

- ҚБ: бір-бірін бағалайды

2 тапсырма.

150гр. допты алысқа лақтыру техникасы.

Дескриптор:

-аяқтарды қайшылап, жүгіруді дұрыс орындайды;

-доп ұстаған қолын артқа толық жазып, шынтақтан бүге бастан жоғары допты алға лақтырады;

-допты траекториямен дұрыс лақтырады.

- ҚБ: мұғалім бақылайды.

Кең ойын алаңы, нығыздалған доптар (1-5 кг), ысқырық, фишкалар, бор, конустар.

Интернет ресурсқа сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=rvsdL1n2ANw

Келесі сілтеме бойынша шағын допты лақтыру технкасын оқыту әдістемесі берілген:

https://www.youtube.com/watch?v=0GalavwdShs

Сабақтың соңы 5мин

Тыныс алу жаттығуларына назар аудару сұрақтарға шолу жасау, нәтижелерге тоқталу.

- нені үйренді;

- не нәрсе түсініксіз болып қалды;

- немен қайта жұмыс жасау керек.

Кең,таза кеңістік

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

- тапсырма арқылы;

-диалог арқылы;

-қолдау денгей арқылы;

-жеке дайындықтарын ескере отырып.

Әр-түрлі жаттығулардағы бұлшық ет жұмысын көрсетіп талдайды, өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, техникасын сақтай отырып, 150 гр. допты алысқа лақтыру кезінде бірін-бірі бағалайды және мұғалім бақылайды:

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары арқылы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу