Жүгіру төзімділік дағдысын жақсарту. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1

Жүгіру, сегіру, лақтыру техникасын жетілдіру.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жүгіру төзімділік дағдысын жақсарту

Оқу мақсаттары

9.3.3.3. түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру және сипаттау

9.3.2.2 нақты дене шынықтыру сабақтарына арналған дене қыздыру жаттығуларын құру, түсіндіру және өткізу, олардың ағзаны қалпына келтіру тиімділігін бағалау

 Сабақ мақсаттары

- Жүгіру барысында жүйелі қыздырыну жаттығуларын орындау.

-Жылдамдық пен төзімділікті дамытатын әр түрлі қашықтықта орындалатын жаттығуларды кішігірім топтарда орындау.

- Дене қыздыру жаттығуларын құру.

 Бағалау критерийлері

- Олар негізгі энергетикалық жүйенің қалай жұмыс атқаратынын түсіндіре алады.

- Жылдамдық пен төзімділікті дамытатын әр түрлі жаттығулар кешенін құрастыра алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:

  • Ұзақ қашықтыққа жүгіру
  • Сөре,мәре
  • Дистанция бойынша жүгіру

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Ұзақ қашықтыққа жүгіру біздің ағзамызға қандай әсер етеді?

-Төзімділік қасиетін дамытатын жаттығулар түрлері:?!

 Құндылықтарды дарыту

Денсаулық – арнайы жүгіру тапсырмаларды орындау кезінде;

Адалдық – бір-бірін бағалау кезде;

Толеранттылық, құрмет, жауапкершілік - жұптық, топтық жұмыс кезінде.

 Пәнаралық байланыстар

Физика

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар тақырыпқа сәйкес интернет желісінен мағлұматтар қарайды.

Бастапқы білім

Жылдамдық,төзімділік қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар кешенін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 12мин

1мин

1 мин

1 мин

2 мин

1 мин

6 мин

  • Оқушылардың зейін шоғырландыру;
  • Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, оқу мақсаттарын анықтап алу;
  • Оқушылардың сыртқы сипаттарына, көңіл-күйлеріне көңіл бөлу.
  • Сабақ сонында күтілетін нәтижелерге тоқталу;
  • Денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларды орындау;
  • Жалпы дене жаттығуларын өткізу;

Кең, таза кеңістік. Секундомер ысқырық.

Сабақтың ортасы 23 мин

(С, К) Тамыр соғысы туралы алдыңғы өтілген материалды қараңыз. МС – минутына соққы. Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс тамыр соғысы, қалпына келу тамыр соғысы.

1 тапсырма.

(ЖЖ, Т) «Қуып жет». Ойынның қатысушылары олардың арасында бірдей арақашықтық болатындай етіп (10-15 м) жүгіру жолына тұрады. Белгі бойынша барлық ойыншылар жүгіре бастайды. Әрбірінің міндеті – өзін қуып жетуге жол бермеу және ойыннан шығарып тастау үшін алдында жүгіріп бара жатқан оқушыға қол тигізуге тырысу. Ойын жолында ең төзімді үш оқушы қалған кезде, ойын аяқталады.

Дескриптор:

- Өзін қуып жеткізбеуге тырысады ;

-Бір –бірінің орындалуын талдап, жұптық,топтық жұмыстарын бағалай алады;

- ҚБ: бір-бірін бағалайды

2 тапсырма.

Оқушыларды төрт-төрттен, төрт командаға бөліп, команданы эстафеталық таяқшамен 60 м арақашықтыққа жарыстыра жүгірту. Назар аударылатыны: спортшылардың қауіпсіздік ережені сақтауы, әр қайсысы өз жолымен жүгіруі, таяқшаны түсіріп алмауы, бір-біріне кедергі жасамауы, жылдам жүгіруі. 

Дескриптор:

-қауіпсіздік ережесін жұмыс барысында сақтайды;-мақсатқа жетуде командалық жұмыста көшбасшылық танытады;-тапсырманы мұқият әрі дұрыс орындайды.

ҚБ: Оқушылар бір-бірін бағалайды

Үлкен бос кеңістік, мұғалімге арналған ысқырық

Интернет ресурсқа сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=L6bi7k_3gz0

Интернет ресурсқа сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=ec4hMd_IkLo

Сабақтың соңы 5мин

Талқылауға арналған сұрақтар:

Тыныс алу жаттығуларына назар аудару сұрақтарға шолу жасау, нәтижелерге тоқталу.

- нені үйренді;

- не нәрсе түсініксіз болып қалды;

- немен қайта жұмыс жасау керек.

Кең,таза кеңістік.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

-Оқушының жеке мүмкінідіктерін анықтау;

-тапсырмалар күределі немесе жеңілдетілген;

-диалог арқылы.

- өзін-өзі бағалау;

- бірін-бірі бағалау;

- мұғалімнің бақылауымен.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу