Жүгіру төзімділік дағдысын жақсарту. Дене шынықтыру, 9 сынып, дидактикалық материал.
Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетика спорты жаттығуларын әртүрлі параметрлері бойынша жіктеуге болады. Жеңіл атлетика жаттығулары: тобы, жыныстық және жастық белгілері бойынша ерекшеленеді. Жеңіл атлетика негізін 5 түрлі жаттығулар құрайды: спорттық жүру, жүгіру, секіру, лақтыру және көпсайыс. Жыныстық және жастық белгілері бойынша жіктеледі: ер адамдар мен әйел адамдар, әртҥрлі жастағы ҧлдар мен қыздар. Әйелдерде жеңіл атлетика бойынша алаңдарда, тас жолдар мен қиылысқан елді-мекендерде жүргізілетін спорттың 50 түрі және спорт залда жүргізілетін спорттың 14 түрі, ал ер адамдарда осыған сәйкес спорттың 56 және 15 түрі есептеледі. Спорттың келесі түрлерінің жіктелуі жаттығулар мен жарыс-тарды ӛткізу орындары, соның ішінді стадиондарда, спорттық алаңдарда, тас жолдарда, қиылысқан елді-мекендерде, спорттық манеждер мен спорттық залдарда өткізілуі бойынша топтастырылады. Құрылымы бойынша жеңіл атлетика жаттығулары: циклдік, ациклдік және аралас болып бөлінеді. Ал қандайда бір дене сапасы тұрғысынан жылдамдық, күштік, төзімділік, ептілік, жылдамдық-күштік, арнайы төзімділік қасиеттерін дамытады. Сонымен қатар жеңіл атлетика жаттығулары классикалық (Олимпиадалық) және классикалық емес (қалған барлығы) болып бөлінеді. Қазіргі таңда Олимпиада ойындарының бағдарламасында жеңіл атлетика жаттығулары ер адамдар бойынша 24 тҥрі (100 метр, 200 метр, 400 метр, 800 метр, 1500 метр, 5000 метр, 10000 метр, 42 км. 195 метр, 110 метр кедергілерден жүгіру, 400 метр кедергілерден жүгіру, 3000 метр тосқауылдардан жүгіру, эстафеталық жүгіру 4х100 және 4х400 метр, спорттық жҥріс 20 метр және 50 км, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, сырықпен секіру, үш аттап секіру, ядроны итеру, дискі лақтыру, балға лақтыру, найза лақтыру, онсайыс ) кіреді. Ал әйел адамдарда жеңіл атлетиканың 22 түрі (100 метр, 200 метр, 400 метр, 800 метр, 1500 метр, 5000 метр, 10000 метр, 42 км. 195 метр, 100 метр кедергілерден, 400 метр кедергілерден жүгіру, эстафеталық жүгіру 4х100 метр және 4х400 метр, 20 км. спорттық жүріс, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, сырықпен секіру, үш аттап секіру, ядроны итеру, дискі лақтыру, балға лақтыру, найза лақтыру, жетісайыс кіреді.
Жүгіру – жылдамдықтың, жылдамдық-төзімділіктің, арнайы төзімділіктің пайда болуын қажет ететін циклдік жаттығу түрі. Спрингтік және қысқа арақашықтыққа жүгіру спорттық алаңда немесе манежде жүргізіледі. Қысқа арақашықтықтарға кіреді: 30 метр, 60 метр, 100 метр, 200 метр. Ер адамдар мен әйел адамдар үшін де ара қашықтықтар саны бірдей. Төзімділікті талап ететін орта ара қашықтықтарға: 800 метр, 1000 метр, 1500 метр жатады. Ер адамдар мен әйел адамдар арасында осы арақашықтықтарда жарыстар жүргізіліп, спорттық алаңдарда және манеждерде өтеді. Ұзын ара қашықтықтарға кіреді: 3000 метр, 5000 метр, 10000 метр алаңда, манежде тек 3000 метрге жүгірулер өткізіледі. Жүгіру қашықтықтары ер мен әйелдер үшін бірдей өткізіледі. Спорттық алаңда сөрелік басталу сәті мен мәре сәті болуы мүмкін. Ер мен әйелдер үшін арақашықтықтар саны бірдей, әсіресе ұзын қашықтыққа тәуліктік жүгірулер тас жолдарда жүргізіледі, оған ерлер де әйелдер де қатысады.
Тест сұрақтары.
1. Денені шынықтырудың алғашқы қадамы немен шынығудан басталады?
а) суменб) кунменв) ауаменг) суықпен
2. Ақыл-ой жұмыстарында қанша уақыт сайын дене шынықтыру жаттығуларымен үзіліс жасап отыру керек.
а) 40-45б) 25-30в) 55-60г) 70-75
3. Физикалық жаттығулар кезінде алған жарақат ықтималдығы қандай жағдайда азаяды?
а) егер, оқушылар өз мүмкідіктерін асыра бағаласаб) мұғалімнің нұсқауын орындап отырсав) қозғалыс машықтарын дұрыс меңгергендег) өз эмоцияларын басқара алмаса
4. Төзімділіктің дамуына ықпал ететің жаттығуларды қай уақытта орындау керек.
а) жаттығудың дайындық бөлімінің басындаб) жаттығудың дайындық бөлімінің соңындав) жаттығудың негізгі бөлімінің ортасындаг) жаттығудың негізгі бөлімінің соңында
5. Қысқа қашықтыққа жүгіруде қандай сөре (старт) түрі қолданылады?
а) жоғарыб) орташав) төмен г) кез келген
6. Биіктікке секіруде қатысушыға неше рет әрекет жасауға мүмкіндік беріледі?
а) әр биіктікте 2 ретб) әр биіктікте 3 ретв) әр биіктікте 1 ретг) әр биіктікте 4 рет.
7. Олимпиада ойындары қай елде басталды?
а) Ежелгі Грециядаб) Римдев) Олимптег) Францияда
8. Қатты нәрсеге соғылып, дененің қандай да болмасын жарақат алған жағдайда қандай алғашқы көмек көрсету жасалуы керек?
а) жарақат алған жерге салқын төсеуб) жарақат алған жерге жылы төсеув) дөңгелек салуг) жарақаттанған жерді йодпен емдеу
9. Ольга Рыпакова спорттың қай түрімен айналысқан?
а) еркін күресә) боксб) үш қарғып секірув) дзюдо
10. Кростық жүгіру мен ұзақтыққа жүгірудің айырмашылығы неде?
а) жүгіріс техникасыменб) жүгіріс жылдамдығыменв) жүргізу орындарына байланыстыг) қолдың қозғалысына байланысты
11. Дененің икемділігі неге байланысты емес?
а) буындардың анатомиялық құрылымына б) бой көрсеткіштерінев) бұлшықет және байламдардың икемділігінег) дене температурасына
12. Циклдық спорт түріне не жатады?
а) күрес, бокс, семсерлесуб) баскетбол, волейбол, футболв) жүру, жүгіру, шаңғы жарысы, жүзуг) доп диск, балға лақтыру
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды