Қауіпсіздік ережесі. Спринттік жүгіруді жетілдіру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім. Жеңіл атлетика | Мектеп: Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Қауіпсіздік ережесі. Спринттік жүгіруді жетілдіру | |||||||||
Оқу мақсаттары | 9.3.4.4 денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, техника қауіпсіздігін, сондай-ақ денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсіну және мұхият сипаттай білу | |||||||||
Сабақ мақсаттары | 1. Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, оқушыларға сприттік жүгіру техникасын үйрету. 2. Төменгі сөре техникасын жетілдіру 3. Сөреден шығу мен мәре сызығын кесіп өту техникасы | |||||||||
Бағалау критерийлері | 1.Жүгіру кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды, сприттік жүгіру техникасын орындап көрсетеді. 2. Қысқа қашықтыққа жүгіруде спецификалық қозғалыс әрекеттерін орындайды | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Денсаулық – сабақ барсында оқушылар жеңіл атлетиканың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екенін біледі және өздері соны сезінеді. Жауапкершілік – берілген тапсырмаларды ұқыпты орындау, жүгіру кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау. | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика пәнімен – оқушы берілген қашықтықты жүгіру кезіндегі жылдамдығын анықтайды. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы мен қауіпсіздік ережесі туралы видео ролик. | |||||||||
Бастапқы білім | Жеңіл атлетиканың шығу тарихын және сприттік жүгіру техникасын біледі. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы – 10 минут 1 минут 2 минут 1 минут 1 минут 3 минут 2 минут | - Оқушылардың зейін шоғырландыру; - Жеңіл атлетика бойынша қауіпсіздік техникасының нұсқаулықтары. - Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, оқу мақсаттарын анықтап алу; - Сабақ сонында күтілетің нәтижелерге тоқталу; - Денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларды орындау; - Жалпы дене жаттығуларын өткізу; | Кең спорт алаңы, ысқырық, конустар, секундомер. Жеңіл атлетика тарауына арналған қауіпсіздік ережелерінің интернет ресурстағы сілтемесі: | ||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 5 минут | №1 тапсырма (Ж, К, Ф) Оқушылар қысқа қашықтыққа жүгіру үшін, төменгі старт техникасын жақсартуға жұптасып жұмыс істейді. Бір оқушы төменгі старт техникасын орындап көрсетеді, ал серіктесі оның орындауын талдап, бағалайды. Осылай оқушылар өзара рөлдерімен алмасады. Дескриптор: - Төменгі сөре қалпын орындап көрсетеді - Жаттығудың орындау сапасын талдап, бағалайды ҚБ: Бір –бірін бағалайды №2 тапсырма (Б, К, Ф) 60 метр қашықтыққа жүгіру. Бастапқы қалып: төменгі старт. Оқушылар жаттығуларды 2–3 рет серияларда (орташа жылдамдықтан максималды жылдамдыққа дейін) жылдамдықты өзгерту арқылы орындайды. Тапсырма соңында нәтижеге орындайды. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы Дескриптор: - Жүгіру кезінде әр оқушы өз жолағымен жүгіру ережесін сақтайды. - Қысқа қашықтыққа жүгірудің тиімділігін ажыратады - 60м. қашықтықты нәтижеге орындайды. ҚБ: Мұғалім бағалайды №3 тапсырма (Ж, К, Ф) Әр оқушы физикалық формуланы пайдалана отырып, 60 метр қашықтықты жүгіру кезіндегі жылдамдығын анықтайды. V= S : t осы формула арқылы Дескриптор: - Халықаралық бірліктерді біледі және қолданады - Физикалық формуланы пайдаланып жылдамдығын анықтайды ҚБ: Мұғалім бағалайды | https://www.youtube.com/watch?v=L6bi7k_3gz0 Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. Секундомер, жалауша Нәтижелерді жазуға арналған қағаз, қаламсап. Нәтижені есептеуге арналған қағаз, қаламсап. | ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Тыныс алу жаттығулары, шеңберге тұрғызып, сабаққа кері байланыс жасау. Оқушылар өздерінің және жұптасының жасаған жұмыстарына баға береді. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
-Оқушының жеке мүмкінідіктерін анықтау; -тапсырмалар күределі немесе жеңілдетілген; -диалог арқылы. | - өзін-өзі бағалау; - бірін-бірі бағалау; - мұғалімнің бақылауымен. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?