Қауіпсіздік ережесі. Спринттік жүгіруді жетілдіру. Дене шынықтыру, 9 сынып, презентация.
9-сынып
Тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі.
Спринттік жүгіруді жетілдіру1-бөлім
Жүгіру, сегіру, лақтыру техникасын жетілдіру
Мақсаты:
денсаулыққа қатысты күрделі мәселелерді, техника қауіпсіздігін, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсіну және мұқият сипаттай білу
Жетістік критерийі:
-Спринттік жүгіруде техника қауіпсіздігін, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді түсінеді және сипаттай біледі
Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:
Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқкиім кию керек.
Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып , кілт тоқтауға болмайды.
Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешек, т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
Жүгіру секіру, лақтыру алаңдарын (секторларын) көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
Тырма мен күректі сабақ өтілетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі, т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) төмен қаратып қою керек.
Спорт құралдарын лақтырғанда (гранат, диск, найза), серпігенде (ядро), лақтыру, серпу бағытында адамның болмауын қадағалап, бақылап алу қажет.
Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу керек.
Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
Серпіген ядроны қағып алуға болмайды және серпіген кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану қажет.
Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы
4 фазадан тұрады
Сөре
Сөрелік жүгіріс (разгон)
Жүгіру
Мәре
Бастапқы орналасу тәртібі
Жүгірудегі бұрылыс
Жүгіру техникасы
Бастау тәртібі
Мәре түрлері
Мен бәрін түсіндім. Сабақ қызықты өтті
Мен бәрін түсіндім, бірақ сабақ қызықсыз өтті
Мен ештене түсінген жоқпын, бірақ сабақ қызықты өтті
Мен ештене түсінген жоқпын. Сабақ қызықсыз өтті
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?