Лақтырудағы фитнес құрамдастығы. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 101 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №101

Сабақ тақырыбы: Лақтырудағы фитнес құрамдастығы.

Оқу мақсаты:

8.3.1.1 салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсету;

Бағалау критериі

- салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсетеді;

- лақтыру жаттығулары салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсетеді;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шеше алады.

- лақтыру жаттығулары белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

« Миға шабуыл » стратегиясын өткізіңіз.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамытады.

Оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдаңыз.

ЛАҚТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

Балға лақтырудағы кейбір өзгешеліктерді ескере отырып, лақтыруда қуат тудырудың жалпы сипаттамалары келесі жайлар болып табылады,

дененің барлық бұлшық еттерінің тырысуы;

мығым қалып, екі табан да жерде;

дене салмағы оң аяққа ауысады, сол өкше көтеріңкі;

оң өкше мен сол аяқтың ұшы бір сызық бойында;

артқа шалқаю лақтыру бағытына қарама-қарсы бағытта болады.

Соңғы күш салу тиімділігінен басқа снарядтың оңтайлы ұшып шығуының жалпы сипаттамалары:

лақтыруға қатысатын дененің әр бөлігінің: табан, тізе, иықтың, білезік пен білектің жақсы үйлестірілген реттілігі;

оң аяқтың күшті бұлшық еттерін пайдаланып, айналу кезінде денені көтеру үшін аяқты түзулеу;

ұшып шығу жылдамдығының тікелей бөлігін құрайтын және дененің оң жақ бөлігіне үдеу беретін оң аяқтың тырысуы;

садақтың керілуіндей немесе айналу қозғалыстары дененің, қол-аяқтардың күшті тырысуын тудырады, ол өз кезегінде снарядты үдетуге пайдаланылады;

дененің жоғары жағының бұғаттау қимылы кезінде дененің бұрылу қозғалысы сол жақпен тоқтатылады да, оң жағынының үдеуіне мүмкіндік береді.

Тоқтау фазасында спортшы қалдық жылдамдықты басу үшін, соны пайдаланып қателіктен қашу үшін тежеледі.

2. ЛАҚТЫРУ ТЕХНИКАСЫНА ҮЙРЕТУ

Лақтыруға үйрену үшін бөлшектеу әдісі қолданылады. Негізгі назар төмендегі элементтердің келтіру тәртібі бойынша аударылады:

снарядпен танысу (ұстау және қауіпсіздік шаралары);

снарядты босату (ұшып шығуы) алдында ұшқан снарядтардың көмегімен;

соңғы күш салу;

снарядты босату;

лақтырушының тоқтауы;

екпін алу және снарядқа екпін беру;

дайындық фазасы.

Назар аудару қажет негізгі сәттер:

екпін алу және снарядқа екпін беру кезінде оңтайлы жылдамдық;

барлық фазалар кезінде жылдамдықты ұлғайту – босату кезінде әрекетті аяқтау жылдам және бақылауда болуы керек;

снаряд босату кезінде денені тұтас түзулеу;

жарыс кезінде қолданатын снарядтардан жеңіл снарядтарды пайдалана отырып, техниканы жетілдіру;

снарядтар, қозғалыстар, жаттығулар мен жағдайлардың әртүрлілігі.

Аулақ болатын негізгі кемшіліктер:

физикалық дайындықтың тиіс деңгейіне жетпеген спортшылар мен жаңа келгендерді жарыс техникасымен таныстыру;

лайықсыз салмақты, өлшемді және аэродинамикалық қасиеттері тура келмейтін снарядтарды пайдалану;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу