Лақтырудағы фитнес құрамдастығы. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 101 сабақ.
Сабақтың тақырыбы.
Лақтырудағы фитнес құрамдастығы.
Оқу мақсаттары
8.3.1.1 салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсету
Сабақ мақсаттары
- қауіпсіздік ережесін біледі;
- салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсетеді;
- лақтыру жаттығулары салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсетеді;
(Ж) « Миға шабуыл » стратегиясы.
Сынып екі топқа бөлінеді. Волейбол алаңының жиектегі сызығына командалар қарама-қарсы сапқа тұрады. Ортаға бірнеше волейбол доптары қойылады. Қатысушылардың қолдарында үлкен теннистің доптары беріледі. Мұғалімнің белгісі бойынша қатысушылар қолдарындағы доптарымен ортадағы волейбол добын атқылап қарсы командаға шығарып жіберуі тиіс. Волейбол добын қарсы команданың алаңына көп шығарса сол команда жеңіске жетеді.
Сыныпты екі топқа бөлеміз. Командалар екі қатарға сапқа тұрады. Екі оқушыдан ортаға шығып ауыр допты бастан асыра алдыға қарай алысқа лақтырады. Сонымен қатар лақтырған кезде сызықты басып кетпеуі тиіс. Әрбір лақтырылған доптың түскен жері есептеліп жазылады. Қай команда алысқа лақтырып көп ұпай жинайды сол команда жеңіске жетеді.
Дескриптор
- қауіпсізідк ережесін сақтайды;
– допқа дәл тигізеді;
– ауыр допты бастан асырып лақтыра алады;
- ойында қарсыласына құрмет көрсетеді;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?