Лақтырудағы фитнес құрамдастығы. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 102 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №102
Сабақ тақырыбы: Лақтырудағы фитнес құрамдастығы.
Оқу мақсаты :
8.1.3.1 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу;
8.3.1.1 салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсету;
Бағалау критериі:
- арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіреді және көрсете біледі;
- салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсетеді;
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Күтілетін нәтижелер:
- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шеше алады.
- лақтыру жаттығулары белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.
« Шаттық шеңбер » стратегиясын өткізіңіз.
Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамытады.
Оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдаңыз.
Бұл тапсырмада сыныпты 3 командаға бөлеміз. Оқушылар қатар бойынша саналады. Бірінші нөмердегілер екі команданың ортасына шығады. 2 және 3 нөмердегі командалар қарама –қарсы жаққа 6-7 метр қашықтықта тұрады. 1 нөмердегілердің тұратын жері көлемі 1,5 диаметрдегі шеңбер болады. Белгіленген уақыт бойынша 2-3 командалар ортада шеңберде тұрған ойыншыға волейбол добымен атып тигізуі керек. Уақыт біткеннен кейін тигізген доптары саналады. Уақыт аяқталғаннан кейін командалар орындарын ауыстырады. Командалардың ішінен ең аз доп тигізген команда жеңіске жетеді.
ФАЗАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Ядро лақтырудың сызықтық техникасы келесі фазаларға бөлінеді: ДАЙЫНДЫҚ, ҚАРҒУ, СНАРЯДТЫ БОСАТУ және ТОҚТАУ.
Дайындық фазасында лақтырушы қарғуды бастау үшін позиция ұстайды.
Қарғу фазасында лақтырушы мен снарядта лақтырушы босату фазасына дайындық кезінде үдеу пайда болады.
Снарядты босату фазасында пайда болатын қосымша жылдамдық ядроға снаряд шықпай тұрып беріледі.
Тоқтау фазасында лақтырушы шығып кетпеу үшін тежеледі.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Ядро саусақтарда және алақанға жақын жатады.
Саусақтар параллель және шамалы ашық.
Ядро мойынның алды жағына тақалған, бас бармақ бұғанада.
Шынтақ денеге 45° бұрышпен орналасады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?