Лақтырудағы фитнес құрамдастығы. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 102 сабақ.


@Сабақ жоспары № 102

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8- бөлім Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту  Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Лақтырудағы фитнес құрамдастығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу;

8.3.1.1 салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсету;

 Сабақ мақсаттары

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіреді және көрсете біледі;

- салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсетеді;

 Бағалау критериі

- арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіреді және көрсете біледі;

- салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсетеді;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

жүгіру, секіру және лақтыруда қажетті дағдыларды сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • ұзақ жүктеме кезінде бақылау және қауіпсіздік
  • күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік
  • есепті уақыт, нақты уақыт
  • қадам, қозғалыс
  • екпін алу, ұшу және қону
  • лақтыру кезіндегі дәлдік
  • физикалық белсенділік
  • төменгі және жоғарғы сөре
  • арақашықтықта жүгіру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар:

Лақтыру жаттығулары сіздің денсаулығыңызға қандай әсер береді?

Лақтыру кезінде қандай бұлшық ет мүшелерін дамытады?

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Теннис добын лақтыру . Сілтеме: http://www.gomelscouts.com/pryzhkovaya-estafeta.html

Бастапқы білім

Жеңіл атлетика бойынша тәжірибелік білімдері мен денсаулық бойынша түсініктері бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шеше алады.

- лақтыру жаттығулары белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) « Шаттық шеңбер » стратегиясы.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

ЖДЖ қозғалыста және бір орында.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-30

(Т, Ж, Қ) Сыныпты 3 командаға бөлеміз. Оқушылар қатар бойынша саналады. Бірінші нөмердегілер екі команданың ортасына шығады. 2 және 3 нөмердегі командалар қарама –қарсы жаққа 6-7 метр қашықтықта тұрады. 1 нөмердегілердің тұратын жері көлемі 1,5 диаметрдегі шеңбер болады. Белгіленген уақыт бойынша 2-3 командалар ортада шеңберде тұрған ойыншыға волейбол добымен атып тигізуі керек. Уақыт біткеннен кейін тигізген доптары саналады. Уақыт аяқталғаннан кейін командалар орындарын ауыстырады. Командалардың ішінен ең аз доп тигізген команда жеңіске жетеді.

Дескриптор

- қауіпсізідк ережесін сақтайды;

– допқа дәл тигізеді;

– ауыр допты бастан асырып лақтыра алады;

- ойында қарсыласына құрмет көрсетеді;

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы өзін өзі бағалайды.

Талдаңыз:

Лақтыру жаттығулары сіздің денсаулығыңызға қандай әсер береді?

Лақтыру кезінде қандай бұлшық ет мүшелерін дамытады?

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, уақыт өлшеуіш, волейбол добы, шығыршық

Сілтеме: http://www.gomelscouts.com/pryzhkovaya-estafeta.html

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «табыс сатысы » әдісі ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу