Лақтырудағы фитнес құрамдастығы. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 101 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №101
Сабақ тақырыбы: Лақтырудағы фитнес құрамдастығы.
Оқу мақсаты:
8.3.1.1 салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсету;
Бағалау критериі
- лақтыру жаттығуларының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсетеді;
- лақтыру жаттығулары салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсетеді;
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.
Күтілетін нәтижелер:
- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шеше алады.
- лақтыру жаттығулары белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.
II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.
(Ж) « Миға шабуыл » стратегиясы.
Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.
Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.
ЖДЖ қозғалыста және бір орында.
«Ай мен күн» ойын спорт аланында ойнатылады, ойынға екі топ қатысады, бірінші топты ай деп атаймызда екінші топты күн деп атаймыз, ойыншылар бір біріне қарама қарсы тұрады. Ай дегенде ай қашады, күн айды ұстап алуы керек, күн дегенде күн қашады ай күнді ұстап алуы керек, ұсталған ойыншылар келесі топқа өтіп сол топтын атынан келесі топқа қарсы ойнайды. Екі топқа да ұзындығы 3-4 м жерге шейін сызық сызылады, ойыншылар сол сызыққа шейін жүгіреді. Қай топтын ойыншыларының саны көп болады сол топ жеңіске жетеді.
Лақтыру техникасын зерделеу кезінде қосымша снарядтармен, доптармен және гранаттармен арнайы жаттығулар ерекше орын алуы тиіс.
1. Допты дұрыс қолдану техникасын дамытатын арнайы жаттығуларды қолдану.
2. Допты лақтыру техникасымен танысу.
Осы тапсырманы шеше отырып, оқытушы допты толық екпеден лақтыру техникасын көрсетіп, лақтырудың жекелеген фазаларының ерекшеліктерін түсіндіреді, жарыс ережелерімен таныстырады.
3. Снарядты ұстау және лақтыруды үйрету.
Дұрыс және дәл лақтыру үшін снарядты дұрыс ұстау қажет.
Гранатаны оның тұтқасын өз негізімен мизинецке тіреліп, алақанға бүгілген және қысылған, ал қалған саусақтары гранатаның тұтқасын тығыз қамтатындай ұстайды. Доп лақтырылатын қолдың саусақтарының фалангымен ұсталады. Үш саусағы иінтірек, доп артынан, ал мизинец және үлкен саусағыңыз допты бүйірінен ұстап тұрады. Дұрыс ұстай білгенде, білім алушылар допты қатты ұстамауын қадағалау керек. Доп өз алдына немесе бас сүйегінің жоғарғы жиегіне ұстап тұрады ,мұндай жағдай снарядты одан әрі екпінде барынша ұтымды етуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?