Лақтырудағы фитнес құрамдастығы. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 101 сабақ.


Сабақ тақырыбы: Лақтырудағы фитнес құрамдастығы

Оқу мақсаты:

8.3.1.1 салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсету

« Миға шабуыл » стратегиясы.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

«Ай мен күн»

Ойын спорт аланында ойнатылады, ойынға екі топ қатысады, бірінші топты ай деп атаймызда екінші топты күн деп атаймыз, ойыншылар бір біріне қарама қарсы тұрады. Ай дегенде ай қашады, күн айды ұстап алуы керек, күн дегенде күн қашады ай күнді ұстап алуы керек, ұсталған ойыншылар келесі топқа өтіп сол топтын атынан келесі топқа қарсы ойнайды. Екі топқа да ұзындығы 3-4 м жерге шейін сызық сызылады, ойыншылар сол сызыққа шейін жүгіреді. Қай топтын ойыншыларының саны көп болады сол топ жеңіске жетеді.

Гранатаны(700гр) қашықтыққа лақтыру. Тақырып бойынша оқушыларға түсіндіріп беру, үйрету,көрсетіп беру. Гранатаны лақтыру техникасын меңгеру. Екпін алу 3-5 қадам аралығында жасалып, сілтейтін қол алғашқыда артқа жіберіледі. Үш қадамнан екпін алғанда оқушы ішінен 1,2,3деп, ал бес қадамнан екпін алғанда 1,2,3,4,5деп санайды. Лақтыру дененің салмағы оң аяққа ауысқан сәттен басталады. 5қадам адымдау техникасын жетілдіру: - лақтыру бағытына бір бүйірін қаратып (бір қарамен) тұрып,сол аяқтан оң аяққа жеңіл секіріп ауысу арқылы лақтыру.Аяқтың арасы иық кеңдігіндей болып ,бір қырымен, дененің салмағын оң аяққа түсіріп, сол аяқ ілгерірек қойылған және шамалы көтерілген, кеуде сәл алға еңкейіп, оңға бұрылған, қол жанға созылған қалыптан лақтыру. – Осы бастапқы қалыптан сол аяғын жерге тіреп лақтыру үшін бастапқы қалып жағдайына ауысу қажет. Кезекпен адымдаудан бастап, біртіндеп тездетуге дағдылану

Дескриптор

- қауіпсізідк ережесін сақтайды;

– лақтыру алдында екпін алады;

– граната лақтыру кезінде қолдың қалыпты жағдайын біледі;

- лақтыру техникасын орындайды;

Лақтыру техникасы

Мұғалім оқушыларға «табыс сатысы » әдісі ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу