Лақтырудағы фитнес құрамдастығы. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 101 сабақ.


Сабақ жоспары № 101

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8- бөлім Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту  Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Лақтырудағы фитнес құрамдастығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1 салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсету

 Сабақ мақсаттары

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- лақтырудың денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсетеді;

- лақтыру жаттығулары салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсетеді;

 Бағалау критериі

- лақтыру жаттығуларының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсетеді;

- лақтыру жаттығулары салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жекебастың үлгісімен көрсетеді;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

жүгіру, секіру және лақтыруда қажетті дағдыларды сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • ұзақ жүктеме кезінде бақылау және қауіпсіздік
  • күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік
  • есепті уақыт, нақты уақыт
  • қадам, қозғалыс
  • екпін алу, ұшу және қону
  • лақтыру кезіндегі дәлдік
  • физикалық белсенділік
  • төменгі және жоғарғы сөре
  • арақашықтықта жүгіру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Берілген жаттығу қандай дене қасиеттерін дамытады?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың жаттығуларды орындау кезіндегі бір біріне деген құрмет.

Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Теннис добын лақтыру . Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=fYF4krbcma8

Бастапқы білім

Жеңіл атлетика бойынша тәжірибелік білімдері мен денсаулық бойынша түсініктері бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шеше алады.

- лақтыру жаттығулары белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) « Миға шабуыл » стратегиясы.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

ЖДЖ қозғалыста және бір орында.

«Ай мен күн» ойын спорт аланында ойнатылады, ойынға екі топ қатысады, бірінші топты ай деп атаймызда екінші топты күн деп атаймыз, ойыншылар бір біріне қарама қарсы тұрады. Ай дегенде ай қашады, күн айды ұстап алуы керек, күн дегенде күн қашады ай күнді ұстап алуы керек, ұсталған ойыншылар келесі топқа өтіп сол топтын атынан келесі топқа қарсы ойнайды. Екі топқа да ұзындығы 3-4 м жерге шейін сызық сызылады, ойыншылар сол сызыққа шейін жүгіреді. Қай топтын ойыншыларының саны көп болады сол топ жеңіске жетеді.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-30

(С, Ж, Қ) Гранатаны(700гр) қашықтыққа лақтыру. Тақырып бойынша оқушыларға түсіндіріп беру, үйрету,көрсетіп беру. Гранатаны лақтыру техникасын меңгеру. Екпін алу 3-5 қадам аралығында жасалып, сілтейтін қол алғашқыда артқа жіберіледі. Үш қадамнан екпін алғанда оқушы ішінен 1,2,3деп, ал бес қадамнан екпін алғанда 1,2,3,4,5деп санайды. Лақтыру дененің салмағы оң аяққа ауысқан сәттен басталады. 5қадам адымдау техникасын жетілдіру: - лақтыру бағытына бір бүйірін қаратып (бір қарамен) тұрып,сол аяқтан оң аяққа жеңіл секіріп ауысу арқылы лақтыру.Аяқтың арасы иық кеңдігіндей болып ,бір қырымен, дененің салмағын оң аяққа түсіріп, сол аяқ ілгерірек қойылған және шамалы көтерілген, кеуде сәл алға еңкейіп, оңға бұрылған, қол жанға созылған қалыптан лақтыру. – Осы бастапқы қалыптан сол аяғын жерге тіреп лақтыру үшін бастапқы қалып жағдайына ауысу қажет. Кезекпен адымдаудан бастап, біртіндеп тездетуге дағдылану

Дескриптор

- қауіпсізідк ережесін сақтайды;

– лақтыру алдында екпін алады;

– граната лақтыру кезінде қолдың қалыпты жағдайын біледі;

- лақтыру техникасын орындайды;

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы өзін өзі бағалайды.

Талдаңыз:

Сұраңыз: Берілген жаттығу қандай дене қасиеттерін дамытады?

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, уақыт өлшеуіш, үлкен теннис добы. Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=fYF4krbcma8

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «табыс сатысы » әдісі ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын орындайды. (жалпы дамытушы жаттығулар),

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу