Лақтырудағы фитнес құрамдастығы. Дене шынықтыру, 8 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материал
1. Балалар денсаулығын қалыптастырушы факторлар
Қолайсыз факторларға халықтың барлық топтарының ішінде, қолайсыз факторларға, не-гізінен аналар мен балалардың организмдері өте сезімтал келеді. Балалардың денсаулығын қалыптастыратын негізгі факторлар мыналар:
Қолайлы факторлар:
а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі
б) шынығу;
в) дұрыс, балансты тамақтану;
г) рационалды күн тәртібі;
д) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы;
е) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру.
Қолайсыз факторлар ("қауыптілік" факторлары):
а) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы;
б) оқу-тәрбие процесстерінің және күн тәртібінің бұзылуы;
в) ойын, оқу және еңбек іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы;
г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер;
д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу;
е) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.
2. Ойыншылар 2 командаға бөлінеді.
Тапсырма: Осы екі топ «Ортаға түспек» ойынын ойнайды. Екі топтан команда жетекшісі таңдап алынады. Ол команда жетекшілері өз қарсылас тобына қарсы тұрады. Ортада қолған ойыншылардан екі топ бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Мысалы: Бірінші топтың команда жетекшісі ортада қарсы тоатың ойыншыларын ұра бастайды, егер олар допты қағып алса, онда олар қарсы команда ойыншыларын өз команда жетекшісімен бірге допты лақтырып, ойыншыларды шығара бастайды. Ойын осылай жалғасады.
Дескриптор:
1. Ойын ережесін сақтап, түсініп ойнау ;
2. Допты жылдам қағып алып, лақтыру әдісіне дағдылану;
3. Ойын кезінде жеке бастың қауіпсіздігін сақтап, жылдам ойлану.
3. «Кім алысқа». Оқушыларды жұпқа бөледі. Әріптестер құралдың ұшу арақашықтығындай жерде бір-біріне бетімен қарап тұрады. Тұрған жерлерін фишкамен белгілейді. Алғашқы болып әлсіз ойыншы лақтыруды орындайды. Оның әріптесі құралдың түскен жеріне барып тұрады да, лақтыруды осы жерден орындап, қайтарады. Осы әдіспен кім мықты екені анықталады. Алғашқысында лақтыруды мұғалім ұсынған әдіспен орындайды. Одан кейін лақтырудың басқа да тәсілдерін ойлап табуға тапсырма беріледі.
Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар лақтырудың әдістерін және лақтыру дағдыларын дамытуға тиімді әсерін салыстырып талдайды.
Дескрипторлар:
- Лақтыру кезінде қауіпсіздік техникасы сақтайды;
- Лақтыру кезінде аяқ пен қолдың тұрысын дұрыс көрсетеді
Пайдаланылған ресурстарға сілтеме
1. Интернет-ресурсқа сілтеме, лақтырудың техникасы:
http://sport-history.ru/physicalculture/item/f00/s01/e0001554/index.shtml
2. Күшейтілген компонентті енгізу бойынша оқытушыларға арналған әдістемелік құрал
жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша "Валеология" пәні, Астана 2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?