Лақтырудағы фитнес құрамдастығы. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация.


8 сынып

№ 8 бөлім:

Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту

Сабақтың тақырыбы:

Лақтырудағы фитнес құрамдастығы

Оқу мақсаты:

8.3.1.1 салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жеке бастың үлгісімен көрсету

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:

● Салауатты өмір салтын ұстану және салауаттылықтың денсаулықққа ти гізер әсерін көрсету.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

● Салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізер әсерін үсінеді;

● Жеке қауіпсіздікті сақтай отырып, лақтыру әдісін көрсетеді.

Балалар денсаулығын қалыптастырушы факторлар

Қолайсыз факторларға халықтың барлық топтарының ішінде, қолайсыз факторларға, не-гізінен аналар мен балалардың организмдері өте сезімтал келеді. Балалардың денсаулығын қалыптастыратын негізгі факторлар мыналар:

Қолайлы факторлар:

а) ең жақсы қимыл-қозғалыс тәртібі

б) шынығу;

в) дұрыс, балансты тамақтану;

г) рационалды күн тәртібі;

д) қоршаған орта әсерінің гигиеналық нормаларға сәйкес болуы;

е) гигиеналық дағдылар және дұрыс тұрмыс-қалыпта өмір сүру.

Қолайсыз факторлар ("қауыптілік" факторлары):

а) қимыл-қозғалыс қажеттілігінің жеткіліксіздігі, немесе шамадан тыс жоғары болуы;

б) оқу-тәрбие процесстерінің және күн тәртібінің бұзылуы;

в) ойын, оқу және еңбек іс-әрекеттеріне қойылатын гигиеналық талаптардың орындалмауы;

г) тамақтануды ұйымдастырудағы кемшіліктер;

д) гигиеналық дағдылардың болмауы, зиянды әдеттермен айналысу;

е) жанұядағы және балалар ұжымдарындағы қолайсыз психологиялық климат.

Тақырыпқа сай іс-әрекет.

Ойыншылар 2 командаға бөлінеді.

Тапсырма: Осы екі топ «Ортаға түспек» ойынын ойнайды. Екі топтан команда жетекшісі таңдап алынады. Ол команда жетекшілері өз қарсылас тобына қарсы тұрады. Ортада қолған ойыншылардан екі топ бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Мысалы: Бірінші топтың команда жетекшісі ортада қарсы тоатың ойыншыларын ұра бастайды, егер олар допты қағып алса, онда олар қарсы команда ойыншыларын өз команда жетекшісімен бірге допты лақтырып, ойыншыларды шығара бастайды. Ойын осылай жалғасады.

Дескриптор:

1. Ойын ережесін сақтап, түсініп ойнау ;

2. Допты жылдам қағып алып, лақтыру әдісіне дағдылану;

3. Ойын кезінде жеке бастың қауіпсіздігін сақтап, жылдам ойлану.

«Кім алысқа». Оқушыларды жұпқа бөледі. Әріптестер құралдың ұшу арақашықтығындай жерде бір-біріне бетімен қарап тұрады. Тұрған жерлерін фишкамен белгілейді. Алғашқы болып әлсіз ойыншы лақтыруды орындайды. Оның әріптесі құралдың түскен жеріне барып тұрады да, лақтыруды осы жерден орындап, қайтарады. Осы әдіспен кім мықты екені анықталады. Алғашқысында лақтыруды мұғалім ұсынған әдіспен орындайды. Одан кейін лақтырудың басқа да тәсілдерін ойлап табуға тапсырма беріледі.

Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар лақтырудың әдістерін және лақтыру дағдыларын дамытуға тиімді әсерін салыстырып талдайды.

Дескрипторлар:

- Лақтыру кезінде қауіпсіздік техникасы сақтайды;

- Лақтыру кезінде аяқ пен қолдың тұрысын дұрыс көрсетеді

Талқылау үшін сұрақтар:

- Дене шынықтыру сабақтарында оқушылар өз денсаулықтарын қалай сақтаулары керек?

- Жарақаттың болдырмау себептері қандай?

Лақтырудың қандай түрлерін үйрендіңіз?

Жұппен жұмыс жасау ұнады ма?

Қорытынды:

Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек. Адам денсаулығын сақтауда төмендегідей факторлардың маңызы зор.

- Айқын жасалған күн тәртібінің болуы

- Дұрыс тамақтану

- Дұрыс тынығу

- Дене еңбегімен шұғылдануы

- Таза ауада болып, күн көзінде серуенлеу

- Табиғат аясында болуы

- Зиянды әдеттерден сақтану

- Дұрыс қозғалыста болуы

Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!

Жаңа ғасыр азаматыдені сау, рухани бай адам

Салауатты өмір салты туралы интернет-ресурсқа сілтеме:

https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/zdorovyy-obraz-zhizni/2016/01/14/urok-prezentatsiya-stroim-svoe-zdorove-sami

Лақтыру әдістеріне сілтеме:

http://sporthistory.ru/physicalculture/item/f00/s01/e0001554/index.shtml



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу