Лақтырудағы фитнес құрамдастығы. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім. Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Лақтырудағы фитнес құрамдастығы

Оқу мақсаттары

8.3.1.1 Салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жеке бастың үлгісімен көрсету.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

● Салауатты өмір салтын ұстану және салауаттылықтың денсаулықққа ти гізер әсерін көрсету.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

● Салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізер әсерін үсінеді;

● Жеке қауіпсіздікті сақтай отырып, лақтыру әдісін көрсетеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • Денсаулық турады жалпы түсінік беру;
  • Адам денсаулығына арналған дене жаттығуларының маңызы туралы айту;

● Сауатты сөйлеуді құру.

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

Қауіпсіздік, қимыл-қозғалыс дағдылары, физикалық жаттығулар, Денсаулық, психикалық, әлеуметтік ынтымақтастық, команда, қиындықтарды жеңу.

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Қауіпсіздік техникасын сақтау үшін ...
  • Денсаулық-бұл…
  • Салауатты өмір салтының негізгі құрауыштарын атаңыз.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Сыйластық, адалдық, жауапкершілік, ынтымақтастық, командалық рух, командалық жұмыста өзара көмек көрсету арқылы құндылықтарды дарыту.

 Пәнаралық байланыстар

"Орыс тілі" пәнімен, сабақта оқыған дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы бойынша оқушылардың материалын баяндау арқылы байланыс. Адам денсаулығы үшін дене жаттығуларының маңызы туралы айта білу.

 АКТ қолдану дағдылары

Қауіпсіздік техникасы және дені сау адамның негізгі белгілері бойынша презентацияны қолдану

Бастапқы білім

Оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау туралы кейбір түсініктерді үйренді. Денсаулықтың пайдасын түсініп, салауаттылықтың маңызын өзгеге түсіндіре біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

Оқушылармен сәлемдесі, түгендеу. Оқушыларға сабақтың мақсатына сай тапсырма беру.

  • "Миға шабуыл".

Оқушыларды тең екі топқа бөлу. Осы екі топ: «Салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізер әсері» жайында постер қорғайды.

Оқушылар топта белсенділік танытып жұмыс жасаулары қажет және екі топ бір-біріне денсаулық күту жайында сұрақ-жауаптар арқылы тақырыпты аша түсулері қажет. Мұғалім екі топтың жұмысын және оқушылардың жауаптарына кері байланыс беру арқылы бағалайды.

Содан кейін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады.

Оқушылар бірлесіп, қыздырыну жаттығуларын орындайды.

  • Жүру жаттығулары;
  • Жүгіру жаттығулары;
  • Жалпы денені дамыту жаттығулары.

Жаттығуларды орындап болғаннан кейін, оқушыларға тақырыпқа сай, тапсырмалар беріледі. Оқушылар іс-әрекеттермен танысып, топта бірлесіп жұмыс жасауға кіріседі.

Флипчарт (магнитті тақта), флипчарт қағаз, маркерлер, А4 қағазы; стикерлер.

Үлкен бос кеңістік, мұғалім үшін ысқырық

Сабақтың ортасы

10-20 минут

20-35 минут

1. Ойыншылар 2 командаға бөлінеді. Тапсырма: Осы екі топ «Ортаға түспек» ойынын ойнайды. Екі топтан команда жетекшісі таңдап алынады. Ол команда жетекшілері өз қарсылас тобына қарсы тұрады. Ортада қолған ойыншылардан екі топ бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Мысалы: Бірінші топтың команда жетекшісі ортада қарсы тоатың ойыншыларын ұра бастайды, егер олар допты қағып алса, онда олар қарсы команда ойыншыларын өз команда жетекшісімен бірге допты лақтырып, ойыншыларды шығара бастайды. Ойын осылай жалғасады.

Дескриптор: 1. Ойын ережесін сақтап, түсініп ойнау ;

2. Допты жылдам қағып алып, лақтыру әдісіне дағдылану;

3. Ойын кезінде жеке бастың қауіпсіздігін сақтап, жылдам ойлану.

«Кім алысқа». Оқушыларды жұпқа бөледі. Әріптестер құралдың ұшу арақашықтығындай жерде бір-біріне бетімен қарап тұрады. Тұрған жерлерін фишкамен белгілейді. Алғашқы болып әлсіз ойыншы лақтыруды орындайды. Оның әріптесі құралдың түскен жеріне барып тұрады да, лақтыруды осы жерден орындап, қайтарады. Осы әдіспен кім мықты екені анықталады. Алғашқысында лақтыруды мұғалім ұсынған әдіспен орындайды. Одан кейін лақтырудың басқа да тәсілдерін ойлап табуға тапсырма беріледі.

Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар лақтырудың әдістерін және лақтыру дағдыларын дамытуға тиімді әсерін салыстырып талдайды.

Дескрипторлар:

- Лақтыру кезінде қауіпсіздік техникасы сақтайды;

- Лақтыру кезінде аяқ пен қолдың тұрысын дұрыс көрсетеді

Үлкен, еркін кеңістік, интернет-ресурсқа сілтеме, жылжымалы ойындар:

https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, жалаушалар.

Аяқ-қолды жаттығуға арналған сілтеме http://okafish.ru/tennis/114_123.htm

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

Талқылаулар арқылы ойындардағы әріптестік ынтымақтастықтың пайдасы мен белсенді қызметтен денсаулық үшін әлеуетті пайданы қарастырыңыз.

Сұраңыз: командада жақсы жұмыс жасадыңыз ба? Дене шынықтыру дайындығының қандай компоненттері осы белсенділікті дамытады? (мысалы, төзімділік, жылдамдық).

Лақтырудың қандай түрлерін үйрендіңіз? Жұппен жұмыс жасау ұнады ма?

Ашық сұрап-жауаптар

Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация:

- спорттық құралдар мен жабдықтар бойынша;

- топтарға бөлу бойынша;

- жаттығу кезінде жүктемені бөлу бойынша.

1. Бақылау әдісі. Бұл әдіс сабақ бойы қолданылады;

2. Өзара бағалау: оқушылар топтарда бір-бірін бағалайды. Қауіпсіздік техникасы сақталды ма? Допты лақтырудың дұрыс техникасы көрсетілді ме? Қалай анықтау кезіндегі тәуекелдер лақтыру қатысты өз денсаулығына?

Жаттығуларды орындау кезінде және қозғалмалы ойындар кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу