Төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттер. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 94 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №94
Сабақ тақырыбы: Төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттер
Оқу мақсаты :
8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну; Бағалау критериі:
- қауіпсіздік ережесін біледі;
- өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады;
- төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттерді шешудің балама жолдарын ұсына алады;
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Күтілетін нәтижелер:
- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шешуге, белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.
Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.
« Шаттық шеңбер » әдісі.
Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.
Бұл тапсырмады сыныпты бірнеше топқа бөліңіз. Мұғалімнің нұсқамасы бойынша әрбір топ аялдама бойынша тапсырмалар орындайды және өздерінің тапсырмаларын орындап бітірмейінше келесі аялдамаға өтуге болмайды.
1 аялдама. Мұғалімнің қадағалауымен секірме арқылы секіру. Уақыт бойынша бірнеше рет қайталау. (20, 30,45 сек.).
2 аялдама. 3*10 метрге қайталап жүгіру тапсырмасын орындайды. Мұғалімнің қадағалауы бойынша (20, 30,45 сек.).
3 аялдама. Ұлдар : жатып қолды бүгіп ашу және жазу;
Қыздар: жатып денені көтеру, мұғалімнің қадағалауы бойынша (20, 30, 45 сек.).уақытпен. Тапсырманы орындағаннан кейін келесі тапсырманы орындайды.
Қосымша
Шымдамдылық ойыны
Жүгірушілер 200-400 метрді кесіп өтетін жергілікті жер арқылы тас жол бойымен айналымның белгілі бір санын жеңіп шығуға тиіс. Әрбір айналымда лақтыруға арналған орын бар. Спортшыларға, егер олар нысанаға тигізсе ғана жүгіруді жалғастыруға рұқсат етіледі. Үш мәрте талпыныстан кейін нысанаға тигізе алмаған спортшылар айып айналымын жүгіріп өтуге тиіс.
Баламасы: командамен жүгіру. Команданың барлық мүшелері нысанаға тигізгенде немесе айып айналымын жүгіріп өткенде ғана жүгіруді жалғастыра алады.
Әрбір қадам СҮЙЕНУ ФАЗАСЫНАН (оны серпілу және сермеу) және ұшу фазасынан (оны алға сілтеу және өту фазасына бөлуге болады) тұрады.
Сүйену фазасы кезінде спринтердің денесі жылдамдықты азайтады (алдыңғы тірек), содан кейін жылдамдайды (сермеу).
Ұшу фазасы кезінде сермейтін аяқ денеден бұрын сермейді және контакт үшін түзетіледі (алдыңғы сілтеу), ал серпілетін аяқ бүгіліп, денеге қарай (өту) сермейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?