Төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттер. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 95 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №95
Сабақ тақырыбы: Төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттер
Оқу мақсаты : 8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну;
Бағалау критериі :
-қауіпсіздік ережесін біледі;
- қайталап жүгіру жаттығуларын орындау кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсете алады;
- қайталап жүгіру жаттығуларын орындау кезінде өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін салыстыра алады;
- төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттерді шешудің балама жолдарын ұсына алады;
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.
Күтілетін нәтижелер:
- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шешуге, белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.
Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.
« Шаттық шеңбер » әдісі. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып бір біреуіне сұрақ қойып сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарын талдайды.Бұл тапсырманы сынып жеке орындайды . Әр оқушы қолында жүгіру аймағы сызылған парақшамен өз жүгіру жолдарына орналасады. Тапсырмада берілген жүгіру техникасын орындатыңыз. Жаттығуларды орындау барысында түзетулер ендіріп оқушылардың қабілеттерін ескеру керек
Дала жарысы-кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Онда жарысқа қатысушы ағып жатқан бұлақтан секіріп, өтеді. Секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды,аспалы көпірден өтеді және т.б. Негізгі мақсат кездесетін кедергілерден дұрыс өте білу.
Дала жарысының ережелері мынадай:
- Жүгіруді бірден жоғары қарқынмен бастауға болмайды. Себебі, бірден қатты жүгірген адам тез шаршайды да, межелі жерге жете алмай қалуы мүмкін;
- Алыс қашықтыққа жүгіруді баяу бастап, жылдамдықты біртіндеп үдете беру қажет;
- Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек.
Жүгірген кезде қолды шынтақ буынынан бүгіп ұстап, бүйірге онша тақамай, аяқтың жүгіру ырғағымен еркін сілтеп отырған жөн.
100 метр қашықтыққа кедергіден жҥгіру техникасы Кедергі қойылған 100 м аралықта спортшы қыздар 49-50 адым жасайды; сөреден бірінші кедергіге дейін 7 -8 адым, сөре бөлігін 5 адымда жүгіреді; дистанция бойымен жүгіру техника жағынан ерлермен бірдей. Сөре және сөрелік қозғалыс жүгіру жағынанан 110 м кедергіден жүгіруге ұқсас. Сөрелік қозғалыста адым ұзындығы бірте-бірте ұзарады. Бірінші кедергіге итерілер алдыңғы аяқтан итерілетін аяқ 10-15см қысқа 8 адымдық екпін алады (алдыңғы тірегішке итерілетін аяқ қойылады), осылай аяқты қою кедергіге кіруге өте ыңғайлы жағдай жасайды. Кедергіде жүгіруші сөреден шыққанда спринтерлер сияқты жүгіреді. Жүгіруші қыздарға сөреден жүгіруде ең қолайлысы - жеті адымдық жүгіру.
7-сурет. Кедергіге шабуыл жасау фазасы. Дистанция бойымен жүгіру құрылымы жағынан спринтерлік жүгіріске ұқсас, бірақ кедергіден жүгірудің өз техникасы бар – ол кедергіден жүгіру адымы. Кедергіден өткенде итеру бұрышы 60-70°. Итерілу кедергіден 195-200 см жерден басталады. Кедергіге шабуыл жасағанда аяқты созған жағдайда жедел жылдамдық қамтамасыз етілмесе, қозғалыс жылдамдығы төмендейді, ал жақын қою кедергіден секіруге әкеледі. Спорт шеберлерінің кедергіден жүгіру адымы (300-310м),ол бірінші разряд спортшыларына қарағанда орта есеппен 10 см –ге кем. Жүгіру адымының азаюы, көбінесе, кедергіден түскен аралықты азайтып, кедергіге кірер адымды ұзарту. Ол кедергіні тік бұрышпен итеріп шабуыл жасауға жағдай жасайды. Сермелетін аяқ кедергіден өткенде, сәл бүгіліп ерлердің 110 метр кедергіден жүгіруі тәріздес сирақты алға сілтеп тастайды.Сермелетін аяқ кедергінің екінші жағына жедел қозғалыс жасайды. Итерілетін аяқ кедергіден доға тәріздес табан сырт жаққа бұрылған бойы алға тасталады. Тізе табан мөлшерінен жоғары көтеріліп, сан бұлшық еттерінің алға қозғалуын және кедергі арасын жүгіруді бірінші адымда тез орындалуын камтамасыз етеді. Итерілетін аяқты алға бағыттамай жоғары бағыттау үлкен қате, бұл, көбінесе, дененің ерте көтерілуіне әкеп соғады.
Кедергіден жүгіруде тепе теңдікті тұрақты, тік қозғалысты қолмен аяқтың бірдей қозғалысы қамтамасыз етеді. Кедергіден аттап өткен кезде сермелген аяққа қарама- қарсы қол сәл түзетіліп, алға тасталады. Кедергіден түсер сәтте итерілетін жақтағы қол жанына, төмен ,артқа қозғалыс жасайды. Артқа қозғалған кезде шынтақ негізгі болып келеді. Қолдың астынан итерілетін аяқтың тізесі өтеді. Әйелдердің кедергіден жүгіріп өтудегі кейбір ерекшеліктері мынадай: - дене көп алға бүгілмейді және кедергіге шабуылдағанда қатты ырғақпен тасталмайды;
- кедергіден өткенде итерілген аяқты алға тастап, денені жедел еңкейтіп, сермелген аяқты тарта түзету;
- кедергіден кідірмей тоқтаусыз жүгіріп өтуі.
Сермелетін аяқтың сан мен тізесі кедергіге кіргенде жоғары көтерілуі бұл жамбасты алға шығарып,кедергіге жедел шабуыл жасауға өз үлесін қосады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?