Төзімділікті дамыту бағытындағы іс-әрекеттер. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 95 сабақ.


Оқу мақсаттары

8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну

 

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шешуге, белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

Жеке тапсырма.

Әр оқушы қолында жүгіру аймағы сызылған парақшамен өз жүгіру жолдарына орналасады. Тапсырмада берілген жүгіру техникасын орындатыңыз. Жаттығуларды орындау барысында түзетулер ендіріп оқушылардың қабілеттерін ескеру керек

Дала жарысы-кедергілері көп, яғни, ойлы-қырлы жерлерде өткізіледі. Онда жарысқа қатысушы ағып жатқан бұлақтан секіріп, өтеді. Секіре алмаса, айналып өтудің жолын іздейді. Өрге шығады, еңіске құлдилайды,аспалы көпірден өтеді және т.б. Негізгі мақсат кездесетін кедергілерден дұрыс өте білу.

Дала жарысының ережелері мынадай:

Жүгіруді бірден жоғары қарқынмен бастауға болмайды. Себебі, бірден қатты жүгірген адам тез шаршайды да, межелі жерге жете алмай қалуы мүмкін;

Алыс қашықтыққа жүгіруді баяу бастап, жылдамдықты біртіндеп үдете беру қажет;

Дала жарысына киімді ауа райының ыңғайына қарай кию керек.

Жүгірген кезде қолды шынтақ буынынан бүгіп ұстап, бүйірге онша тақамай, аяқтың жүгіру ырғағымен еркін сілтеп отырған жөн.

100 метр қашықтыққа кедергіден жүгіру техникасы Кедергі қойылған 100 м аралықта спортшы қыздар 49-50 адым жасайды; сөреден бірінші кедергіге дейін 7 -8 адым, сөре бөлігін 5 адымда жүгіреді; дистанция бойымен жүгіру техника жағынан ерлермен бірдей. Сөре және сөрелік қозғалыс жүгіру жағынанан 110 м кедергіден жүгіруге ұқсас. Сөрелік қозғалыста адым ұзындығы бірте-бірте ұзарады. Бірінші кедергіге итерілер алдыңғы аяқтан итерілетін аяқ 10-15см қысқа 8 адымдық екпін алады (алдыңғы тірегішке итерілетін аяқ қойылады), осылай аяқты қою кедергіге кіруге өте ыңғайлы жағдай жасайды. Кедергіде жүгіруші сөреден шыққанда спринтерлер сияқты жүгіреді. Жүгіруші қыздарға сөреден жүгіруде ең қолайлысы - жеті адымдық жүгіру.

Жүгірушіге арналған 5 жаттығу сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=JZ_hpLKBWko

Осы ойынды қалай түсінесіз және қандай дене қасиеттерін дамытуға болады?

Рефлексия: «Сиқырлы сандық» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Рефлексия: «Сиқырлы сандық» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу