Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 91 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №91

Сабақ тақырыбы: Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру

Оқу мақсаты:

8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу

8.2.5.1 өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін көрсету және салыстыра білу, оны шешудің балама жолдарын ұсыну;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шешуге, белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

« Миға шабуыл » стратегиясы .

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Бұл тапсырмада сыныпты бірнеше топтарға бөліп эстафеталық жарыс өткізіңіз. Қатысушылар кезекпен 500-800 метр арақашықтықта ойлы-қырлы жергілікті жерде жүгіреді. Арақашықтықтың араларына әр түрлі кедергілер қойылады.

- «жылан тәрізді» ұзыннан қойылған конустар арқылы;

– «сегіз тәрізді» ұзыннан қойылған конустар арқылы;

– гимнастикалық орындықтар арқылы;

- төменгі кедергілерден аттап секіріп өту;

-көлденең кедергіледі өтумен;

Эстафетаны бірінші аяқтаған топ жеңіске жетеді.

Жүгір! Секір! Лақтыр! Үш негізгі бөлімге бөлінген, оның әрқайсысы спорт түрлерінің бір тобын қамтиды, сол топ бөлімнің атауын құрайды. Негізгі бөлімдер өте қысқа шолудан және спорт түрлерінің әрбір тобының негіздерінен тұрады. Мұнда негізгі теорияның анағұрлым маңызды бөлімдері кіреді, олар: жалпы мақсаттары, негізгі биомеханикалық қағидаттар және құрылымдық сатыларды шолу – осы топқа кіретін спорт түрлерімен айналысуды талап ететін дағдылармен танысуға көмектесетін ойынды оқып-үйрену жөніндегі ұсынымдар, негізгі жаттығулар және ойынның үлгілері. Жүгіру түрлері бөлімі де орташа және алыс қашықтыққа жүгіруге жаттығудың қысқаша шолуын көрсетеді.

Әрбір бөлімнің көлемі осы топқа кіретін түрлердің техникасын втзуалды түрде сипаттау есебінен қабылданады. Бұл сипаттау іс-қимылдарды орындаудың бүкіл дәйекетілігін шолудан басталады. Содан кйеін модель құрамдас бөліктер мен сатыларға бөлінеді, олардың әрбірі жаттықтырушы белгілеп қоюға және бақылауға тиіс осы сатының мақсаттары мен негізгі техникалық сипаттамалары жазылған бетте берілген. Бұдан басқа, мәтіндік бөліктер жаттықтырушылар үшін кейбір міндетті ұсынымдарды көрсетеді, оларды орындау міндетті және олар спортшыларға өз міндеттерін орындауға көмектесуге тиіс. Біз бұл формат жаттықтырушыларға арналған әдебиетте бірегей болып табылады және кез келген деңгейдегі тәжірибесі бар жаттықтырушылар алынған ақпаратты практикада қолдану үшін оны жеңіл ретінде қабылдайды деп санаймыз.

Жүгіру түрлері кейде техникалық түрге жатпайды деп саналады, өйткені жүгіру — бұл қызметтің табиғи түрі, ол қырықпен секірумен немесе шарбалға лақтырумен салыстырғанда біршама қарапайым сияқты көрінеді. Алайда жүгіру түрлерінің ешбірінде қарапайым ештеңе жоқ. Қашықтық, спринттегі төмен старт, эстафетадағы тапсырумен және кедергімен жүгіруде кедергілердің болуымен және стипль-чезе мәжбүрлеген жылдамдыққа немесе шыдамдылыққа негізгі күш салу техникалық талаптарды білдіреді, оларды орындауға спортшылар әзір болуға тиіс.

Ескертпе: бұл кітапта спорттық жүріс жүгіру түрлерімен біріктірілген. Спорттық жүру қағидалары мен техникасының, әрине, бір-бірінен үлкен айырмашылығы бар және осы айырмашылықтарды толық түсіндіру «Спорттық жүру» тарауында келтірілген.

Мақсаттары

Барлық жүгіру түрлерінің негізгі мақсаты барынша орташа жылдамдық алуда және оны бүкіл қашықтық бойы оны ұстап тұру. Спринтте осы міндетті орындау үшін спортшы барынша жоғары жылдамдыққа жетуге және оны сақтап қалуға тырысуға тиіс. Кедергімен жүгірудегі міндет те осындай, бірақ кедергілерден өту талабы қосылады. Алыс қашықтықтағы негізгі міндет — күш-жігерді бөлу.

БИОМЕХАНИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Спортшының жүгіру жылдамдығы ұзындықпен және қадамдар жиілігімен анықталады. Адамның оңтайлы ұзындығы негізінен спортшының іс жүзіндегі сипаттамаларымен және ол әрбір қадамға салатын күш-зжігерімен анықталады. Бұған спортшының өз күші, салынатын күш-жігер және ұтқырлығы әсер етеді. Қадамдардың оңтайлы жиілігі спортшының жеке жүгіру тетігіне, оның техникасы мен координациясына байланысты.

Арнайы шыдамдылық мен тактика қажетті жылдамдықты ұстап тұру үшін маңызды, алайда олардың маңыздылығының арақатынасы спринттен шамадан тыс қашықтыққа дейін өзгеріп отырады.

ҚОЗҒАЛЫС ҚҰРЫЛЫМЫ

Әрбір жүгіру қадамы тірек сатысынан және ұшу сатысынан тұрады. Олар алдыңғы тірек және аяғы тірелу үшін серпілу сатысына және серпілу аяқталғаннан кейін аяқты бүгу сатысына және оны аяқпен серпу үшін алға қою сатысы болып бөлінеді.

Тірек сатысының екі бөлігі де ерекше маңызды. Алдыңғы тірек сатысында спортшының денесінің алға қимылы іс жүзінде бәсеңдейді, мұны табанды жолға белсенді түрде қою есебінен, әсіресе спринтте барынша азайту қажет. Осы саты кезінде қуат бұлшық етке жиналады, өйткені серпілуден кейінгі есеңгіреуден шығу үшін аяқ бүгіледі. Бұл процесс амортизация деп аталады.

Серпілу сатысы — бұл спортшының дене жылдамдығын тездететін қадамның жалғыз бөлігі болып табылады. Спортшының мақсаты — ең үлкен немесе қажетті күшті қажет бағытта барынша қысқа уақыт ішінде түзу. Бұл күш аяқтың созылуы кезінде бұлшық еттің жиырылуы есебінен жиналады. Әрбір қадамнан барынша жылдамдатуды алу үшін табан буыны, тізе және жамбас буыны екінші аяқтың белсенді қозғалысымен және қолдың мықты жұмысымен біруақытта қатар қимылдауы қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу