Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 93 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №93

Сабақ тақырыбы: Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру

Оқу мақсаты: 8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу;

Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз.

Күтілетін нәтижелер:

- Оқушылар тәжірибе алмасуға және мәселелерді шешуге, белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға назар аударып, жеңіл атлетикада жалпы дағдыларды (жүгіру, секіру, лақтыру) дамытады.

Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.

«Кім жылдам» ойыны.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Бұл тапсырмада оқушыларды жұпқа бөліп орта қашықтыққа жүгіру техникасын жетілдіруді ұсыныңыз.

1.100 метр жылдамдыққа жүгіру , 50 метр жүру +50 метр жылдамдыққа жүгіру+100 метр жүру.

2.300 метр жүгіру+100 метр жүру

3. 4х100 эстафеталық жарыс.

Әрбір команданың арақашықтығының соңына алысқа шина немесе шеңбер қояды. Спортшылар шинаға жүгіреді, одан өтеді және келесі жүгіретін адамға қолмен шапалақ ұрып белгі береді.

Баламасы: барлық жүгірушілер біруақытта жүгіріп бастайды және шина арқылы өтіп, старт алған жерге қайта жүгіреді.

«ЭСТАФЕТА ОЙНАУ»

Командалар бір-бірінің соңында тұрып, екі бұрылатын белгіден өте жүгіреді. Әр команданың бірінші жүгірушісі эстафета таяқшасын ұтап жүгіреді. Келісілген дабыл бойынша спортшы өз командасынан қашады және өз командасының соңғы жүгірушісін қуып жеткенше, жүгіреді. Таяқша жаңа көшбасшыға беріліп, ол өзімен бірге қашада және с.с.

Баламасы: музыкамен жүгіру.

Дескриптор

- жүгірукезінде қауіпсізідк ережесін сақтайды;

– жүгіру қарқынын дұрыс қолданады;

– эстафета таяқшасын дұрыс береді;

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалаңыз: оқушылардф дескриптор арқылы бірін бірі бағалауды және мұғалімнің бақылауын қадағалаңыз.

Сұраңыз :

Орта қашықтыққа жүгіру сіздің денсаулығыңызға қандай әсер берді?

Жүгіру кезінде қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу