Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материал
1. Денсаулық туралы жалпы түсінік
Денсаулық – адам өміріндегі ең басты қажеттілік, бой тазалығы, дертті бойға дарытпау, яғни ағзасының дұрыс және қалыпты жұмыс жасауы, әрі сыртқы ортамен динамикалық тепе-теңдікке келіп, барлық мүшелер жүйелерінің қарым-қатынасы гармониялық түрде болуы, организмнің өзін-өзі басқара білуі.
Денсаулықты қалыптастырудың негізгі алты қырлары:
а) Тәндік денсаулық – жатыққан және шыныққан тәндік аурулары жоқ біздің денеміздің қалай құрылғандығы және қалай жұмыс істейтіндігі туралы түсініктерді қамтиды.
б) Психикалық және интеллектуалды денсаулық – кемістігінің және психикалық аурулардың жоқ екендігін білдіреді, ол адамның жаңа білімді игеруге және пайдалануға қалай қабілетті екенін айтады.
в) Өзіндік денсаулық – адамның өзін тұлға ретінде түсінуін, оның алға ұмтылуын, жетістіктерін, өмірлік құндылықтарын көрсетеді. Біреулер табысты жұмыстан, кейбіреулер – өнерден, үшіншілері – жанұядан, ал төртінші біреулер – жеке баюдан іздейді және т.б.
г) Рухани денсаулық – бұл адам өмірінің орталығы, бұл оның адамгершілігі, түсінуі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, ізгілікті қабылдауы.
д) Эмоциялық денсаулық – өзін түсіну, сезімін және абыржуын бақылауы, өзінің сезімін түсіндіре білу, керекті және керексіз емес эмоцияларды білу.
е) Әлеуметтік денсаулық – өзіндік қоғамның бір бөлігі ретінде тану, қоғамның өміріндегі және қоғамдағы өз сәттіліктеріңді тану. Бұл адамдармен қатынас жасай білу, мамандық- білімділік.
Денсаулықтың қалыптасуына әсер ететін факторлар:
Өмір сүру салты (өндірістік деңгей, еңбек өнімділігі); құжаттық, мәдени қжеттіліктерді қамтамасыз ету деңгейі, жалпы білім алу және мәдениет деңгейі, тамақтану ерекшеліктері, қимыл белсенділігі, ерсі қоршаған орта жағдайы және т.б.
2. Ойыншылар 2 командаға бөлінеді.
Тапсырма: Жалаушаны жерге қадай отырып, 9-12 метрлі диаметр шеңбер сызылады және сол шеңбердің бойында мәре, сөре сызығы белгіленеді. Белгі бойынша қатысушылар бірдей ішкі сызықтың бойымен сағат тіліне қарсы жүгіре бастайды. Әрбір бір айналымнан немесе екі айналымнан кейін бақылау сызығынан соңғы өткен ойыншы ойыннан шығып отырады. Шеңберді айнала жүгіргенде шыдамдылығы төмен оқушылар азайып отырады. Ойын соңында ең шыдамды, ең жылдам ойыншы жеңіске жетеді.
3. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы
Қысқа қашықтыққа жүгіру шартты түрде 4 фазаға бөлінеді: старт, старттық екпіндеп жүгіру, қашықтық бойынша, мәреге жету.
Старт. Спринтерлік жүгіруде неғүрлым жоғары жылдамдыққа қол жеткізу үшін төменгі стартшы қолын жерден ажыратқаннан кейін оның денесі тіректен ілгерілейді.
Жүгірістің тез қарқындылығы үшін старт колодкалары пайдаланылады. Ол спортшы үшін қапыл серпіліс кезінде берік тірек, әрі аяқ иіні үшін ыңғайлы бүрыш қызметін атқарады.
Төменгі старттық бірнеше нұсқасы бар. Бүлардың ішінде неғүрлым көп тарағаны қарапайым старт. Мүнда алдыңғы колодка старттық сызықтан 1-1,5 табан өлшемі аралығында (30-50см), ал артқысы алдыңғысынан бір жіліншік кейін орналасады.
«Стартқа» деген бұйрық бойынша жүгіруші колодкалардың алдына келіп, старт сызығына қолын таяйды және күштірек аяғын алдыңғы колодкаға тіреп, екінші аяғын артқысына тақайды. Артқы тізерлеп бүгіп спортшы қолын өзіне қарай тартып екі иығы ара қашықтығына сәйкестер старт сызығына дәлме -дәл қояды. Бүл сызық бойында спортшының бармағы мен өзге саусақтары екі айырылып орналасады. Кеудені тік ұстап, басты кеуде бойынша түзеу керек. Осындай қалыпта дене салмағы екі қолға, алдыңғы аяқ табанына, артқы аяқтың тізесіне тең үлеседі.
«Дайындал» бүйрығы бойынша спортшы бөксесін иығынан сәл жоғары деңгейге ақырын көтереді, артқы аяқ тізесін жерден ажыратып аяғын түзейді, сөйтіп дене салмағы қолға ғана артылады. Табан колодканыңтірек бетіне нық тию керек. Ал кеуде бүрынғысынша тік ұсталады. Дайындалу кезінде тізе буынының иілу бүрышы маңызды.Серпуші аяқ тізесінің буын бүрышы 65-100, ал артқы аяқтың иілуіне 100 -120 ең оңтайлы қалып деп саналады. Жылдамдық пен күш деңгейі неғұрлым жоғары болса, иін бұрышы соғұрлым аз болады.
Атуды естіген бойда /немесе басқа да спорттық белгі берілген де/ жүгіруші алға карай ұмтылады. Бүл ұмтылыс аяқтардың қарқынды серпілісі мен екі қолды кезек - кезек сермеуден басталады.Спорттық колодкаларға екі аяқтың салмағы бір уақытта түседі. Артқы аяқ сәл ғана бүгіліп, жамбас бойымен алға шығады; сонымен бірге алдыңғы аяқ тез арада жазылып, денені алға қарай серпеді. Старт кезінде дене қимылы барынша шапшаң болу керек.
Пайдаланылған ресурстарға сілтеме
1. Интернет-ресурсқа сілтеме, қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы:
https://stud.kz/referat/show/24829
2. Күшейтілген компонентті енгізу бойынша оқытушыларға арналған әдістемелік құрал
жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша "Валеология" пәні, Астана 2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?