Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация.


8 сынып

№ 8 бөлім:

Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту

Сабақтың тақырыбы:

Ойлы-қырлы жерлерден жүгіру

Оқу мақсаты:

8.3.4.1 Денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, сондай-ақ техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:

● Топта қауіпсіз жұмыс істеу;

Техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіну, қауіп-қатерді төмендету.

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

● Түрлі дене жаттығуларының ағзаға тигізер әсерін түсінеді;

● Денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетеді.

1. Денсаулық туралы жалпы түсінік

Денсаулық – адам өміріндегі ең басты қажеттілік, бой тазалығы, дертті бойға дарытпау, яғни ағзасының дұрыс және қалыпты жұмыс жасауы, әрі сыртқы ортамен динамикалық тепе-теңдікке келіп, барлық мүшелер жүйелерінің қарым-қатынасы гармониялық түрде болуы, организмнің өзін-өзі басқара білуі.

Денсаулықты қалыптастырудың негізгі алты қырлары:

а) Тәндік денсаулық – жатыққан және шыныққан тәндік аурулары жоқ біздің денеміздің қалай құрылғандығы және қалай жұмыс істейтіндігі туралы түсініктерді қамтиды.

б) Психикалық және интеллектуалды денсаулық – кемістігінің және психикалық аурулардың жоқ екендігін білдіреді, ол адамның жаңа білімді игеруге және пайдалануға қалай қабілетті екенін айтады.

в) Өзіндік денсаулық – адамның өзін тұлға ретінде түсінуін, оның алға ұмтылуын, жетістіктерін, өмірлік құндылықтарын көрсетеді. Біреулер табысты жұмыстан, кейбіреулер – өнерден, үшіншілері – жанұядан, ал төртінші біреулер – жеке баюдан іздейді және т.б.

г) Рухани денсаулық – бұл адам өмірінің орталығы, бұл оның адамгершілігі, түсінуі, мейірімділігі мен қайырымдылығы, ізгілікті қабылдауы.

д) Эмоциялық денсаулық – өзін түсіну, сезімін және абыржуын бақылауы, өзінің сезімін түсіндіре білу, керекті және керексіз емес эмоцияларды білу.

е) Әлеуметтік денсаулық – өзіндік қоғамның бір бөлігі ретінде тану, қоғамның өміріндегі және қоғамдағы өз сәттіліктеріңді тану. Бұл адамдармен қатынас жасай білу, мамандық- білімділік.

Денсаулықтың қалыптасуына әсер ететін факторлар:

Өмір сүру салты (өндірістік деңгей, еңбек өнімділігі); құжаттық, мәдени қжеттіліктерді қамтамасыз ету деңгейі, жалпы білім алу және мәдениет деңгейі, тамақтану ерекшеліктері, қимыл белсенділігі, ерсі қоршаған орта жағдайы және т.б.

"Миға шабуыл".

Оқушыларды «Бағдаршам» түстеріне байланысты (қызыл, сары, жасыл) үш топта бөліп, үш топқа бірдей сұрақ беру.

Сұрақ: Денсаулық дегеніміз не?, Дені сау адам қандай болуы керек?, Сіздер денсаулықты қалай күтесіздер?

Үш топ өзерінше жұмыс жасап, постер қорғайды. Барлық оқушылар сұрақ-жауап арқылы, жұмысқа тартылуы қажет.

Дене шынықтыру сабақтарында оқушылар өз денсаулықтарын қалай сақтаулары керек? Жарақаттың болдырмау себептері қандай?

Содан кейін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады.

Оқушылар бірлесіп, қыздырыну жаттығуларын орындайды.

Тақырыпқа сай іс-әрекет.

Ойыншылар 2 командаға бөлінеді.

Тапсырма: Жалаушаны жерге қадай отырып, 9-12 метрлі диаметр шеңбер сызылады және сол шеңбердің бойында мәре, сөре сызығы белгіленеді. Белгі бойынша қатысушылар бірдей ішкі сызықтың бойымен сағат тіліне қарсы жүгіре бастайды. Әрбір бір айналымнан немесе екі айналымнан кейін бақылау сызығынан соңғы өткен ойыншы ойыннан шығып отырады. Шеңберді айнала жүгіргенде шыдамдылығы төмен оқушылар азайып отырады. Ойын соңында ең шыдамды, ең жылдам ойыншы жеңіске жетеді.

Дескриптор:

1. сағат тіліне қарсы жүгіру;

2. шеңбер ішінде жүгіру;

3. көп уақытқа дейін ойында қалу.

Талқылау үшін сұрақтар:

- Дене шынықтыру сабақтарында оқушылар өз денсаулықтарын қалай сақтаулары керек?

Жарақаттың болдырмау себептері қандай?

2. Оқушылар екі топқа бөлініп, қысқа қашықтыққа 60 м жүгіруді орындайды:

Оқушылардың назарын денсаулыққа қатысты тәуекелдерге аудару. Еске салайық, жүгіру кезінде, әр кім өз жолымен жүгіру және қауіпсіздік сақтау қажет. Жарақат алмас үшін, жақсы қыздырыну.

Дескрипторлар:

- Жүгіру кезінде қауіпсіздік техникасы сақтайды;

- Жүгіру кезінде старттан шығуды дұрыс көрсетеді;

- Мәреге жеткенде жылдамдық асыра жүгіре өтіп, тоқтайды.

Қорытынды:

Денсаулықты нығайтатын өмір салтының негізгі факторларына: зиянды әдеттердің болмауы; тиімді тамақтану; дене жүктемесі; салауатты психологиялық климат; өз денсаулығына мұқият қарау; отбасылық серуендер әсер етеді.

Денсаулықты нашарлататын өмір салтының негізгі факторларына: темекі шегу, алкоголь, нашақорлық, дәрілік заттарды теріс пайдалану; сандық және сапалық тұрғыдан теңгерілмеген тамақтану; стресстік жағдайлар; жеткіліксіз медициналық белсенділік жатады.

Адам денсаулығы-өмірлік маңызды құндылық, ол бір-бірімен өзара байланысты көптеген компоненттерден құралады. Денсаулыққа тұқым қуалаушылық, қоршаған ортаның жай-күйі, денсаулық сақтау әсер етеді. Бірақ жартысысалауатты өмір салты. Есте сақтаңыз, Сіздің денсаулығыңыз-сіздің қолыңызда! Салауатты өмір салтын жүргізіп, сау болыңыз.

Салауатты өмір салты туралы интернет-ресурсқа сілтеме:

https://nsportal.ru/nachalnaya-shkola/zdorovyy-obraz-zhizni/2016/01/14/urok-prezentatsiya-stroim-svoe-zdorove-sami



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу