Ойындағы шығармашылық белсенділік. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 88 сабақ.
Сабақ жоспары № 88
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: 7-бөлім Командалық ойынның негізгі дағдысы Мектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Ойындағы шығармашылық белсенділік | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу; 8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу; 8.1.6.1 қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жауап қайтара білу дағдыларын жақсарта білу; | |||||
Сабақ мақсаттары | - қауіпсіздік ережесін біледі; - қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсете алады; - қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңеді; | |||||
Бағалау критериі | -футбол ойыны кезінде қауіп қатерлерді алдын алу шараларын түсіндіреді; - түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра біледі; - қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жауап қайтара білу дағдыларын жақсарта біледі; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Командалық ойында қажет болатын дағдыларды талқылау Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар Бұл тапсырманы қалай өзгертуге болады? | |||||
Құндылықтарды дарыту | (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды. (Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті. (Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Физика пәнімен байланыс. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Тактикалық элементтер https://www.youtube.com/watch?v=SCVJQ4WyW9w | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар командалық және жеке ойынды бағалайды. Әсіресе, тиімді ойын үшін тактикалар мен стратегиялар әзірлеуге назар аударады. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 | Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Күтілетін нәтижелер: -оқушылар ойын тактикасында проблемаларды шешу кезінде қолданылатын тактикалар туралы білімдерін жетілдіреді. - шабуылдағы үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету кезінде жеке және жұптық тапсырмаларды қолданады. - шабуыл және қорғаныс жасау кезіндегі әдістерді бекіту үшін қолданады. –ойын белсенділігіне және стратегиясына талдау жасап, ойындардағы шығармашылық белсенділігін дамытады. II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (Ж) « Көңіл күй таразысы» стратегиясы . Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық
| ||||
Сабақтың ортасы 10-30 | (Т.Ж.ҚБ) «Төрт алаңдағы ойын». Сынып екі командаға бөлінеді, әр командада 4 ойыншы болады. 30 х 30 м алаң 4 бөлікке бөлінеді. Белгі берілген кезде командалардың бір ойыншысы ойынды бастап, допты басқа алаңға өзінің серіктесіне береді. Қарсылас ойыншылар бір-бірінен 5 м қашықтықта тұрады. Допты алған ойыншы оны басқа серіктесіне беруге тырысады. Доп дәл берілген кезде команда бір ұпайға ие болады (ең бірінші берілген доп есептелмейді). Ойын 5-8 минутқа созылады. Содан соң командалар орындарымен ауысады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді Дескриптор -ойын кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды. -допты серіктесіне дәл жеткізіп бере алады; -допты аяқпен немесе кеудемен тоқтата алады; - қарсыласына ойында құрмет көрсете алады; Саралау жүзеге асырылады. а) физиологиялық сипаттамаларға: - ұлдар жоғары жүктеме жасайды; - қыздар аз жұмыс істейді; б) физикалық қабілеттерге: - оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады; - Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді. Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды, және мұғалімнің бақылауы. Мұғалім сұрақ қояды: Ойын үшін қандай стратегия мен тактиканы құрастырдыңыз? Жаңа командалық ойынның артықшылығы мен кемшілігі неде? Командалық ойынды қалайша жақсартуға болады? Сіздің рөліңіз қандай болды? Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, футбол добы, ысқырғыш, конустар, қақпа. Тактикалық элементтер https://www.youtube.com/watch?v=SCVJQ4WyW9w | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды