Ойындағы шығармашылық белсенділік. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 90 сабақ.


Сабақ жоспары № 90

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: 7-бөлім Командалық ойынның негізгі дағдысы  Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Ойындағы шығармашылық белсенділік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу;

8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу;

8.1.6.1 қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жауап қайтара білу дағдыларын жақсарта білу;

 Сабақ мақсаттары

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- ойында рөлдерді көрсетеді және салыстыра алады;

- дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтай алады;

 Бағалау критериі

- ойында рөлдерді көрсетеді және салыстыра алады;

- дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтай алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Командалық ойында қажет болатын дағдыларды талқылау.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Адал ойын, ереже
  • Шабуыл, қорғаныс
  • тактика, стратегия;
  • допты игеру, дриблинг, допты тоқтату
  • шабуыл элементтерін қамтитын ойындар
  • ойыншы, командалық жұмыс
  • допты кеңістікте қозғау
  • жүгіру, жылдамдық пен бағытты өзгерту
  • ұпайды есептеу жүйесі, ереже
  • пас, лақтыру, беру
  • қақпашы, қорғаныс

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Бұл тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар туды?

Допты дұрыс беру үшін қандай дағдыларды жақсарту керек?

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Қозғалмалы ойындардағы футбол элементері

https://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-elementami-futbola-1461767.html

Бастапқы білім

Оқушылар командалық және жеке ойынды бағалайды. Әсіресе, тиімді ойын үшін тактикалар мен стратегиялар әзірлеуге назар аударады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

-оқушылар ойында проблемаларды шешу кезінде қолданылатын тактикалар туралы білімдерін жетілдіреді.

- қорғаныс үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету кезінде жеке және жұптық тапсырмаларды қолданады.

- шабуыл және қорғаныс жасау кезіндегі әдістерді бекіту үшін қолданады.

–ойын белсенділігіне және стратегиясына талдау жасап, ойындардағы шығармашылық белсенділігін дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) « Допқа жетіп ал » ойыны.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

ЖДЖ қозғалыста және бір орында.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

10-30

(С, Ж, К) «Допты жүргізушіге бермеу». Ойыншылар бір-біріне қолдарын созып, шеңбер жасап тұрады. Шеңбердің ортасына тұратын жүргізушіні таңдайды. Белгі бойынша ойыншылар бір-біріне допты аяқтарымен бере бастайды, ортадағы жүргізуші ол допты алуға тырысады. Егер допты ала алса, доптан айырылып қалған ойыншымен орын ауыстырады. Ойын әрі қарай жалғаса береді

Берілген сурет бойынша қимыл-қозғалыс негіздерін көрсетіңіз.

Дескриптор

-ойын кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

-допты серіктесіне теуіп жеткізеді;

- серіктесінің берген добын аяқтың ішік жанымен тоқтата алады;

- қарсыласына ойында құрмет көрсете алады;

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды, және мұғалімнің бақылауы.

Мұғалім сұрақ қояды:

Бұл тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар туды?

Допты дұрыс беру үшін қандай дағдыларды жақсарту керек?

Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Футбол добы, ысқырғыш.

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Қозғалмалы ойындардағы футбол элементері

https://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-elementami-futbola-1461767.html

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу