Ойындағы шығармашылық белсенділік. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 88 сабақ.
Сабақ жоспары № 88
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: 7-бөлім Командалық ойынның негізгі дағдысы Мектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Ойындағы шығармашылық белсенділік | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу; 8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу; 8.1.6.1 қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жауап қайтара білу дағдыларын жақсарта білу; | |||||
Сабақ мақсаттары | - қауіпсіздік ережесін біледі; - футбол ойынында туындаған рөлдерді көрсете алады; - футбол ойынында туындаған қиындықтарды жеңеді; | |||||
Бағалау критериі | -футбол ойыны кезінде қауіп қатерлерді алдын алу шараларын түсіндіреді; - футбол ойынындағы рөлдерді көрсетеді және салыстыра біледі; - футбол ойынында туындаған қиындықтарды жеңеді және жауап қайтара біледі; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Командалық ойында қажет болатын дағдыларды талқылау Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар Бұл тапсырманы қалай өзгертуге болады? | |||||
Құндылықтарды дарыту | Ойын кезінде бір біріне деген құрмет және әділ ойын көрсету. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Физика пәнімен байланыс. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Тактикалық элементтер https://www.youtube.com/watch?v=SCVJQ4WyW9w | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар командалық және жеке ойынды бағалайды. Әсіресе, тиімді ойын үшін тактикалар мен стратегиялар әзірлеуге назар аударады. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 | Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. (Ж) « Көңіл күй таразысы» стратегиясы . Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды. «Жаяу көкпар» ойыны. «Алаңның» бір жағына мәре сызылады (немесе белгіленеді). Аралықта (аумаққа байланысты) оған параллель сызық сызылып, оған «көкпар» тасталады. 20-30 м. мәре сызығы тұрады. Ойыншылар екі командаға бөлініп, біреуден кейін мәре сызығының бойына тұрады. Мұғалімнің сигналы бойынша барлығы алға «көкпарға» жүгіреді. «көкпарды» иеленген ойыншы одан әрі жүгіреді. Оны қуып жеткен ойыншы «көкпарды «тартып алып, алға жүгіреді. Әрбір қуып жетіп алда көкпармен жүгіріп келе жатқын ойыншы мәре сызығына жетеді. «Көпарды» бірінші болып алған ойыншы оның өзінің серіктесіне бере алады. Киімді ұстауға, итеруге және «көкпарды» алғанда дөрекі тәсілдер қолдануға болмайды. Егер қарсыласы ойыншыны қуып жетіп, оған қолын тигізсе, «көкпар» оған беріледі. Командадағы серіктестің «көкпарды» алға қарай лақтыруына болады. «Көкпарды» оған бірінші болып қолын тигізген ойыншы алады. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық
| ||||
Сабақтың ортасы 10-30 | (Т.Ж.ҚБ) Оқушылар төмендегі комбинацияны орындайды. 1 допты беру, соққы. 2.доппен ойыншы алға жылжу. 3. допсыз ойыншы алға жылжу.
Дескриптор - допты береді және соққы жасай алады; 2. доппен ойыншы алға жылжи алады; 3. допсыз ойыншы алға жылжи алады; Саралау жүзеге асырылады. а) физиологиялық сипаттамаларға: - ұлдар жоғары жүктеме жасайды; - қыздар аз жұмыс істейді; б) физикалық қабілеттерге: - оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады; - Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді. Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды, және мұғалімнің бақылауы. Мұғалім сұрақ қояды: Ойын үшін қандай стратегия мен тактиканы құрастырдыңыз? Жаңа командалық ойынның артықшылығы мен кемшілігі неде? Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, футбол добы, ысқырғыш, конустар, қақпа. Тактикалық элементтер https://www.youtube.com/watch?v=SCVJQ4WyW9w | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?