Ойын тактикасы. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 86 сабақ.


Сабақ жоспары № 86

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: 7-бөлім Командалық ойынның негізгі дағдысы  Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Ойын тактикасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу;

8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету

 Сабақ мақсаттары

- қауіпсіздік ережесін біледі;

- допты қақпаға соғу кезінде денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсінеді.

-доппен алаңда қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылайды;

- шабуылда үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету;

 Бағалау критериі

- допты қақпаға соғу кезінде денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендетуді түсінеді.

-доппен алаңда қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылайды;

- шабуылда, қорғаныста үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Командалық ойында қажет болатын дағдыларды талқылау

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Адал ойын, ереже
  • Шабуыл, қорғаныс
  • тактика, стратегия;
  • допты игеру, дриблинг, допты тоқтату
  • шабуыл элементтерін қамтитын ойындар
  • ойыншы, командалық жұмыс
  • допты кеңістікте қозғау
  • жүгіру, жылдамдық пен бағытты өзгерту
  • ұпайды есептеу жүйесі, ереже
  • пас, лақтыру, беру
  • қақпашы, қорғаныс

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Қорғаныс пен шабуыл кезіндегі позициялық ойынқаншалықты тиімді болды? Қандай баламалар (альтернатива) ойынды жақсарта алады?

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурсына сілтеме: тактика https://www.youtube.com/watch?v=w6kg1ZBvJjg

Бастапқы білім

Оқушылар командалық және жеке ойынды бағалайды. Әсіресе, тиімді ойын үшін тактикалар мен стратегиялар әзірлеуге назар аударады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

-оқушылар ойын тактикасында проблемаларды шешу кезінде қолданылатын тактикалар туралы білімдерін жетілдіреді.

- үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету кезінде жеке және жұптық тапсырмаларды қолданады.

- футбол ойын тактикасының шабуыл және қорғаныс жасау кезіндегі әдістерді бекіту үшін қолданады.

–Оқушылар ойынның тактикасы мен стратегиясына талдау жасап, ойындардағы шығармашылық белсенділігін дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) «Шаттық шеңбер » әдісі .

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Тактика игры https://www.youtube.com/watch?v=w6kg1ZBvJjg

Сабақтың ортасы

10-30

(Т.Ж.ҚБ)

Позициялардағы арнайы рөлдерге бейімделу үшін оқушылар кіші («позициялық») топтарда жұмыс жасайды. Үш ойыншы қорғаушы ретінде үш шабуылшыға қарсы ойнайды. Оқушылар бірге ойнап, допты шабуылшылардан алып қою үшін позицияларды таңдайды. Бұл жаттығу шабуылшылар немесе жартылай қорғаушылардың позициялық ойыны үшін қолданыла алады.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін сақтайды.

-шабуыл позициясын таңдай алады;;

-қорғаныс позициясын таңдай алады;

- шабуылшылар немесе жартылай қорғаушылардың позициялық ойыны үшін қолданыла алады;

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды, және мұғалімнің бақылауы.

Мұғалім сұрақ қояды:

Қорғаныс пен шабуыл кезіндегі позициялық ойынқаншалықты тиімді болды? Қандай баламалар (альтернатива) ойынды жақсарта алады?

Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, футбол добы, ысқырғыш, конустар, қақпа.

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Тактика https://www.youtube.com/watch?v=w6kg1ZBvJjg

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу