Ойын тактикасы. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 81 сабақ.


Сабақ жоспары № 81

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: 7-бөлім Командалық ойынның негізгі дағдысы  Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Ойын тактикасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.1 кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу;

 Сабақ мақсаттары

- қимыл-қозғалыс комбинацияларын реттілігін түсідіреді.

- кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін көрсетеді.

 Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

-ойында тактикалық комбинациялар реттілігін түсідіреді

- ойын тактикасының орындалу реттілігін түсідіреді және көрсете біледі;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Командалық ойында қажет болатын дағдыларды талқылау

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Адал ойын, ереже
  • Шабуыл, қорғаныс
  • тактика, стратегия;
  • допты игеру, дриблинг, допты тоқтату
  • шабуыл элементтерін қамтитын ойындар
  • ойыншы, командалық жұмыс
  • допты кеңістікте қозғау
  • жүгіру, жылдамдық пен бағытты өзгерту
  • ұпайды есептеу жүйесі, ереже
  • пас, лақтыру, беру
  • қақпашы, қорғаныс

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Командалық ойында ойыншылардың машықтарын қалай дамыту керек?

Құндылықтарды дарыту

Ойын кезінде бір біріне құрмет көрсетумен қатар әділ ойнайды.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Ойын тактикасы https://www.youtube.com/watch?v=dae6H8f1t7Q

Бастапқы білім

Оқушылар командалық және жеке ойынды бағалайды. Әсіресе, тиімді ойын үшін тактикалар мен стратегиялар әзірлеуге назар аударады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

-тактикалық әрекеттер кезінде дер кезінде шешім қабылдай алады..

- жеке және жұптық тапсырмаларды қолданады.

- футбол ойыны кезінде шабуыл және қорғаныс жасау әдістерін қолданылады.

–Оқушылар ойынның тактикасы мен стратегиясына талдау жасайды.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) «Миға шабуыл » стратегиясы өткізеді.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

«Қала ішіндегі қала» ойыны.

Допты «қабылдау-пас-соққы» тізбегі команданы шабуылдаушы соққысын көрсету

Оқушыларды екі топқа бөлу «Қала ішіндегі қала» ойынын ойнау. Допты «қабылдау-пас-соққы» тізбегі команданы шабуылдаушы соққысын көрсету. Үш өлшемді кеңістік өзгерістерін қолдану не динамиканы сәйкестендіру шығармашылық тәсілдегі алуан түрлілікті жеңілдетеді. Әр топ өздерінің топ басшысын тағайындайды. Ойын үлкен немесе кіші аланда ойнатылады. Аланның төрт бұрышына төрт шеңбер қойылады жүгірген ойыншылар шеңберге кіру керек. Ойында бірінші топ аланның ішінде болса екінші топ аланның сыртында берілген допты ұрады да белгіленген шеңберге қарай жүгіреді, аланның ішіндегі топ ойынға қосылған допты алып бір-біріне беру арқылы екінші топтың жүгірген ойыншысына тигізу керек. Егер жүгірген ойыншы шеңберге кірсе доппен ұра алмайды. Ойыншы шеңберден шықса ғана ұрады. Осылайша топтар кезек-кезек ауысып отырады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Футбол добының жүргізу қауіпсіздік ережесі:

https://vzsf.ru/tehnika/tehnika-vedeniya-myacha/

Сабақтың ортасы

10-30

(С, Ж, ҚБ)

Жаттығулар

1. Алға қарай 6-10 қадам, шеңбермен бұрылу және тік, доға бойынша жеделдету (20-40 м).

2. 4-6 қосымша қадамдар оңға (солға), оңға (солға) бұрылу және тік, доға бойынша жеделдету (20-40 м).

3. 2-4 қосымша адым оңға (солға), оңға (солға) бұрылу және допты баспен соғуды имитациялаумен жоғары секіру (далалық ойыншылар), допты аулау, ұру (қақпашылар).

4. 2-3 қосымша және 1-2 жақын адым оңға (солға), оңға (солға) бұрылу және доппен баспен соғуды имитациялаумен жоғары секіру. 5. Доға бойынша жүгіру (өте тез), "қайық" жүгіру.

6. "аңшылар мен үйректер" сияқты қозғалмалы ойындар, жүгірумен, секірумен эстафеталар.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін сақтайды.

-жаттығулар жинағын құра алады .

-жаттығулардың ағзаға әсерін айтады.

(Т, К, ҚБ)

Оқушыларды екі топқа бөліп тактикалық әрекетті қолданып екі жақты ойын ұйымдастыру.

Тактикалық әрекеттер орындағаннан соң оқушыларды екі жұлдыз бір тілек әдісімен бағалау

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-ойында тактикалық әрекет көрсете алады .

- әріптесінің берген добына әрекет жасайды.

-ойында қарсыласқа деген құрмет көрсетеді.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

Бұл тапсырма қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Допты дәл беру үшін қандай қасиеттер жетіспеді?

Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру.

Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, футбол добы, ысқырғыш мұғалімге, конустар.

ойын тактикасы https://www.youtube.com/watch?v=dae6H8f1t7Q

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу