Ойын тактикасы. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 82 сабақ.


Сабақ жоспары № 82

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: 7-бөлім Командалық ойынның негізгі дағдысы  Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Ойын тактикасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.4.1 дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді қолдану және талқылай білу

 Сабақ мақсаттары

- қауіпсіздік ережесін біледі;

-ойын тактиксының балама түрін құрастыра алады;

-ойын кезінде құрылымдық тәсілдерді қолданып талқылай алады;

 Бағалау критериі

- дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыра алады

-ойын тактикасы кезінде балама түрлерін құру және қажет ережелер құрастыра алады;

-құрылымдық тәсілдерді қолданады және талқылай алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Командалық ойында қажет болатын дағдыларды талқылау

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Адал ойын, ереже
  • Шабуыл, қорғаныс
  • тактика, стратегия;
  • допты игеру, дриблинг, допты тоқтату
  • шабуыл элементтерін қамтитын ойындар
  • ойыншы, командалық жұмыс
  • допты кеңістікте қозғау
  • жүгіру, жылдамдық пен бағытты өзгерту
  • ұпайды есептеу жүйесі, ереже
  • пас, лақтыру, беру
  • қақпашы, қорғаныс

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Бұл тапсырманы орындау кезінде қандай қозғалыс машықтары дамиды?

Сіз ойында қолданған тактика мен стратегия нәтижелі болды ма?

Құндылықтарды дарыту

Ойын кезінде қарсыласқа деген құрмет пен әділ ойын көрсетеді.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Қозғалмалы ойындардағы футбол элементері

https://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D1%81_%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%BE%D0%BC

Бастапқы білім

Оқушылар командалық және жеке ойынды бағалайды. Әсіресе, тиімді ойын үшін тактикалар мен стратегиялар әзірлеуге назар аударады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

- тактика стратегиялар туралы білімдерін жетілдіреді.

- жеке және жұптық тапсырмаларды орындай алады.

- тактика стратегия , шабуыл және қорғаныс жасау әдістерін біледі.

–Оқушылар ойынның тактикасы мен стратегиясына талдау жасайды.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) «Шаттық шеңбер » стратегиясы өткізеді.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

«Халық добы» ойыны бұл ойында оқушылар екі топқа бөлініп, әр топ өздерінің топ басшысын тағайындайды. Ойын волейбол алаңында өтіледі. Екі топтын ойыншылары волейбол аланының ішде болады ал топ басшылары аланның сыртында әр топ басшы волейбол добымен қарсылас топтың ойыншыларын дәлдеп тигізу керек, егер допты ойыншылар қағып алса сол доппен қарсылас топтын ойыншыларынна тигізу керек. Доп тиген ойыншылар ойыннан шығып топ басшысына көмектеседі, осылайша екі топ ойынды жалғастыра береді.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Футбол добының жүргізу қауіпсіздік ережесі:

https://vzsf.ru/tehnika/tehnika-vedeniya-myacha/

Сабақтың ортасы

10-30

(Т, Ж, ҚБ)

Доптың аяқпен соққысы

Доп бойынша аяқпен соққы қозғалмайтын, қозғалатын (қозғалатын, ұшатын) доптың ішкі, табанның сыртқы жағы, ортасы, ішкі, сыртқы жағы, жамбас, аяқпен, өкшемен жүргізіледі.

Жаттығулар

1. Бір және одан да көп қадамнан кейін қозғалмайтын доптан, қабырға, қалқан, батут және олардан түскен допты қабылдау.

2. Қозғалыстағы сырғанаған доппен соққы (допты қуу).

3. Допты қолмен лақтыру және "полулеттен"соққы.

4. Ілінген доп бойынша соққы (бір орыннан, секіруде).

5. Алда, бүйірінде, артында тұрған әріптеспен жіберілген доптың соққысы.

6. Берілген траекториямен допқа белгілі бір траекторияны беру, допты белгілі бір қашықтыққа жіберу.

7. Допты жүргізу, бағандарды бұру және мақсатқа соққы.

8. Допты жүргізу, 360° бұру және мақсатқа соққы.

9. Допты жүргізу, кедергі (планка, бөгет) арқылы секіру және мақсатқа соққы.

10. Допты жүргізу, "қабырғаға" серіктеспен ойын және мақсатқа соққы.

Сұраңыз

Бұл тапсырма қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Бұл тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар туындады.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін сақтайды.

-допқа соққы жасай алады.

-допты аяқпен жүргізе алады.

-өз командасына жеңіс алып келеді.

Ойын нәтижесіне оқушылармен бірге талдау жасаңыз.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

Командалық ойында ойыншылардың машықтарын қалай дамыту керек?

Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру.

Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, футбол добы, ысқырғыш, конустар, қақпа.

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Қозғалмалы ойындардағы футбол элементері

https://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D1%81_%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%BE%D0%BC

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу