Қауіпсіздік ережесі. Ойын техникасы. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 79 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық № 79
Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Ойын техникасы
Оқу мақсаты : 8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу;
8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету.
Сабақ басында оқуышларды сабақтың тақырыбыоқу мақсаты, күтілетін нәтижлермен таныстырыңыз.
Күтілетін нәтижелер:
-оқушылар проблемаларды шешу кезінде қолданылатын тактикалар туралы білімдерін жетілдіреді.
-мақсатқа жету үшін мұғалім жеке және жұптық тапсырмаларды қолданады.
- Спорттық ойындар және эстафеталар тактикаларды, шабуыл және қорғаныс жасау кезіндегі әдістерді бекіту үшін қолданылады.
–Оқушылар ойынның тактикасы мен стратегиясына талдау жасап, ойындардағы шығармашылық белсенділігін дамытады.
Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.
(Ж) «Ақылды доп» әдісін өткізіңіз. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызыңыз. Бір біріне дап лақтырып ,қағып алады. Егер кімде дап болатын болса ол оқушы сұраққа жауап беріп келесі сұрақты кімге екенін доп арқылы білдіреді.
Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамытады.
«Қайталап жүгіру дриблинг». Сынып үш командаға бөлінеді. Ойыншылар бір сапқа жалпы старт сызығына тұрады. Олардың арасының ара-қашықтығы 4-5 м. Әрбір ойыншының аяғының астында доп болады. Старт-мәре сызығының 15 м, 20 м, 25 м қашықтықта үш сызық сызылады. Оларға бұрылу бағанасы (әр ойыншының алдына) орнатылады. Мұғалімнің белгісі бойынша ойыншылар допты алға жүргізеді. Бірінші сызыққа жеткен кезде, олар 180 градусқа бұрылып, кері қайтады. Старт сызығына келген кезде олар қайта айналып, допты екінші сызыққа алып барады, одан кейін бастапқы старт сызығына келеді. Ойынды бірінші аяқтаған ойыншы командаға бір ұпай алып келеді
Нұсқа: ойынның екі айналымында ойыншылар орындарын ауыстырады.
Ойын аяқталғаннан кейін ойынға талдау жүргізіп, одан кейін тапсырманы барлық топтың тағы бір мәрте орындауын қадағалаңыз.
Сұраңыз: Футбол добымен ойын ойнаған кезде қандай қиындықтар кездесті?
Түсіндіріңіз: Өмір көрсеткендей ешқандай ойын, егерде жақсы ойыншылары болмаса нәтиже бермейді.Футболшы көптеген қажетті қасиеттерге ие болуы керек. Футболдағы әр ойыншы доп алып жүру, дәл пас, қақпаға допты тура бағыттай білуі керек. Осылармен бірге ол бүкіл ойын бойы түсетін ауыртпалыққа шыдай білуі керек. Футболда басты, маңызды ол ойыншылардың өз денесі мен допты игеруі.Міне осыларға байланысты ойыншы, егерде жарыстарда жақсы жетістіктерге жеткісі келсе, өзінің дайындығына басты назар аударуы керек. Ал осындай дайындық өзіне жоғары физикалық дайындықты, әр түрлі техникалық ойды қажет етеді. Осындай дайындықтың әр бір бөлігі бір бүтіндей болуы керек.Физикалық дайындық ол физикалық жұмыс жасау қабілеті немесе футболшының физикалық жағдайы немесе күш, ептілік, икемділік, жылдамдық және шыдамдылық секілді физикалық қасиеттердің жиынтығы.
Техника – дегеніміз ол ойын кезінде футболшының допқа және өз денесіне ие болуы.
Сабақтың соңында кері байланыс карточкаларын толтырып . Көңіл күй эмоцияларын смайликпен көрсетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?