Қауіпсіздік ережесі. Ойын техникасы. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 80 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Ойын техникасы.

8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу;

8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Футбол ойнының техникасы

https://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-elementami-futbola-1461767.html

Ойын техникасын бастамас бұрын оқушыларды футбол тарихымен таныстырып өтіңіз.

Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі[1][2][3][4]. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.

  Оқыту барысында:

  1.Доп әріптеске. Ойыншылар екі-екіден бөлініп, бір-бірінен 5м қашықтықта тұрады. Біреуі әріптесі лақтырған допты табан арқылы тоқтатады. Осылайша қайталана береді.

  2.Сигналмен. жаттығу қос қостан жасалады. Әріптестер бір біріне 6-7м қашықтықтықта орналасады. Біреуінде доп, екіншісінде оған теріс қарап тұрады, біріншісі оған допты тебеді. Доп жақындаған кезде дыбыс беріледі.   Теріс тұрған ойыншы тез бұрылып допты табанымен тоқтатады, соңынан орын алмасады.

  3.Үштік. Бір мезгілде үш ойыншы жаттығады. Екі ойыншы бір-бірінен 5-6 қадам қашықтықтықта кезекпен допты үшінші жаққа домалатады. Период бойынша орын алмасады.

  Бастауыш ойыншылар бұл кезде көбінесе тоқтатушы аяқты өте жоғары көтеріп жібереді. Қателіктерді болдырмас үшін жоғарыдағы жаттығуды көбірек жасау керек.

  Ойын барысында көптеген ойыншылар допты табанның ішкі жағымен тоқтатады. Сонымен қатар табан арқылы. Бірінші жағдайда тірек аяқ доп тұсымен 40см алда орналасады.

  Оқыту барысында:

  1.Допты лақтыр. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты лақтырады. Екіншісі аяқпен табанның ішкі жағымен немесе табанмен допты тоқтатады. Әріптестер ара қашықтығы 3-4 қадам. Әрқайсысы 10-15 доптан тоқтатады.

  2.Серпілістен кейін. Допты, бастан жоғары тастау және серпілгеннен кейін ішкі табанмен немесе табанмен допты тоқтатады. Жаттығу 10-15 рет жасалады.

  3.Тоқтат та бер. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты әріптесінің сол жағына лақтырады. Ол сол аяғының ішкі табанымен допты тоқтатады да кері қайтарады. Сонан соң оң аяғымен 10 реттен соң орын алмасады.

  4.Жүгірумен. Жаттығушылар 8м қашықтықта тұрады. Бірінші ойыншы допты әріптесінің алдына лақтырады.   Әріптесі ұмтылып, допты тоқтатадыда, соққы арқылы кері қайтарады. период бойынша орын алмасады.

  5.Бұрылыс арқылы. Жаттығушылар 8м қашықтықта тұрады. Олар кезекпен бір-біріне допты 45°-қа сонан соң 90°-қа лақтырады. Қарсы тұрған ойыншы бұрылып допты тоқтатады.

  6.Жанына ұмтылыстан соң. Екі ойыншы бірінен 10-12 қадам қашықтықта тұрады. Біреуі әріптесіне допты лақтырады. Ол ұмтылып допты тоқтатып, кері қарай лақтырады. Бірінші ойыншы допты тоқтатады.

  7.Соққыдан соң. Екі ойыншы жаттығады. Олар бір-бірінен 20 қадам қашықтықта тұрады және бір-біріне допты бағыттайды. Серпілістен соң допты ішкі табанмен немесе табанмен тоқтатады.

  Аяққа тигенде доп ойыншыдан кері серпіледі. Бұл қателік көп кездеседі. Мұны болдырмас үшін 1-2 жаттығуларды жиі орындау керек.

  Допты тоқтатқанда табанның сырқы жағымен де тоқтатады. Мұны көбіне тәжірибелі ойыншылар орындайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу