Қауіпсіздік ережесі. Ойын техникасы. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 80 сабақ.


Сабақ жоспары № 80

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: 7-бөлім Командалық ойынның негізгі дағдысы  Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Ойын техникасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу;

8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету

 Сабақ мақсаттары

-футбол ойын кезіндегі денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне біледі

- футбол ойын техникасын жетілдіруде арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді

 Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

- футбол ойын кезіндегі денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне біледі

- футбол ойын техникасын жетілдіруде арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Командалық ойында қажет болатын дағдыларды талқылау

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Адал ойын, ереже
  • Шабуыл, қорғаныс
  • тактика, стратегия;
  • допты игеру, дриблинг, допты тоқтату
  • шабуыл элементтерін қамтитын ойындар
  • ойыншы, командалық жұмыс
  • допты кеңістікте қозғау
  • жүгіру, жылдамдық пен бағытты өзгерту
  • ұпайды есептеу жүйесі, ереже
  • пас, лақтыру, беру
  • қақпашы, қорғаныс

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Футбол добының жүргізу қауіпсіздік ережесі:

https://vzsf.ru/tehnika/tehnika-vedeniya-myacha/

Бастапқы білім

Оқушылар командалық және жеке ойынды бағалайды. Әсіресе, тиімді ойын үшін тактикалар мен стратегиялар әзірлеуге назар аударады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».

Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

-оқушылар проблемаларды шешу кезінде қолданылатын тактикалар туралы білімдерін жетілдіреді.

-мақсатқа жету үшін мұғалім жеке және жұптық тапсырмаларды қолданады.

- Спорттық ойындар және эстафеталар тактикаларды, шабуыл және қорғаныс жасау кезіндегі әдістерді бекіту үшін қолданылады.

–Оқушылар ойынның тактикасы мен стратегиясына талдау жасап, ойындардағы шығармашылық белсенділігін дамытады.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) «Бір минут» стратегиясы өткізеді.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Футбол добының жүргізу қауіпсіздік ережесі:

https://vzsf.ru/tehnika/tehnika-vedeniya-myacha/

Сабақтың ортасы

10-30

(Т, К, ҚБ) «Доппен кедергі жасау». Сынып бірнеше командаға бөлінеді. Бұрыш бағаналарынан 10 м қашықтықта әр командаға қарама-қарсы 5-7 фишкадан қойылады. Саптағы бірінші ойыншы допты алып, басқа ойыншылармен бірге старт сызығына тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші ойыншылар допты аяғымен теуіп, конустың оң жақ, сол жағынан өтіп, допты тіке ұстауға тырысып, старт сызығына қайта оралады. Мәреге бірінші болып жеткен ойыншы өз командасына бір ұпай алып келеді.

Дескриптор

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- допты аяқпен кедергілерді өтіп алып жүре алады .

- қарсыласына ойын кезінде құрмет көрсетеді.

- өзінің тобына жеңіс әкеледі.

(С, Ж, ҚБ) Оқушылар жұпта жұмыс жасайды, Жұппен оқушылар допты бірі- біріне аяқтың ішкі жанымен тебу.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-допты аяқпен әріптесіне береді .

-допты тоқтата алады.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

Сұраңыз: бұл тапсырма қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Сұраңыз: бұл тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар кездесті?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру.

Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, футбол добы, ысқырғыш мұғалімге, конустар.

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Футбол ойнының техникасы

https://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-elementami-futbola-1461767.html

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, футбол добы, ысқырғыш.

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Допқа ие болу техникасы: https://vzsf.ru/tehnika/tehnika-vedeniya-myacha/

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу