Қауіпсіздік ережесі. Ойын техникасы. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 80 сабақ.


Сабақ жоспары № 80

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: 7-бөлім Командалық ойынның негізгі дағдысы  Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Ойын техникасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсіздігі бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу;

8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету

 Сабақ мақсаттары

- футбол ойын кезіндегі денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендете біледі.

- футбол ойын техникасын жетілдіруде арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді.

 Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

- футбол ойын кезіндегі денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендете біледі.

- футбол ойын техникасын жетілдіруде арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Командалық ойында қажет болатын дағдыларды талқылау

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Адал ойын, ереже
  • Шабуыл, қорғаныс
  • тактика, стратегия;
  • допты игеру, дриблинг, допты тоқтату
  • шабуыл элементтерін қамтитын ойындар
  • ойыншы, командалық жұмыс
  • допты кеңістікте қозғау
  • жүгіру, жылдамдық пен бағытты өзгерту
  • ұпайды есептеу жүйесі, ереже
  • пас, лақтыру, беру
  • қақпашы, қорғаныс

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар

Бұл тапсырма қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Бұл тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар кездесті?

Құндылықтарды дарыту

Ойын кезінде оқушылар бірі біріне құрмет пен әділ ойын көрсетеді.

Пәнаралық байланыстар

Физика пәнімен байланыс.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Футбол добының жүргізу қауіпсіздік ережесі:

https://vzsf.ru/tehnika/tehnika-vedeniya-myacha/

Бастапқы білім

Оқушылар командалық және жеке ойынды бағалайды. Әсіресе, тиімді ойын үшін тактикалар мен стратегиялар әзірлеуге назар аударады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7

7-8

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер:

-оқушылар тактикалар туралы білімдерін жетілдіреді.

- жеке және жұптық тапсырмаларды қолданады.

- шабуыл және қорғаныс жасау кезіндегі әдістерді бекіту үшін қолданылады.

–оқушылар ойынның тактикасы мен стратегиясына талдау жасайды.

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) «Бір минут» стратегиясы өткізеді.

Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

«Жаяу көкпар» ойыны.

«Алаңның» бір жағына мәре сызылады (немесе белгіленеді). Аралықта (аумаққа байланысты) оған параллель сызық сызылып, оған «көкпар» тасталады. 20-30 м. мәре сызығы тұрады. Ойыншылар екі командаға бөлініп, біреуден кейін мәре сызығының бойына тұрады. Мұғалімнің сигналы бойынша барлығы алға «көкпарға» жүгіреді. «көкпарды» иеленген ойыншы одан әрі жүгіреді. Оны қуып жеткен ойыншы «көкпарды «тартып алып, алға жүгіреді. Әрбір қуып жетіп алда көкпармен жүгіріп келе жатқын ойыншы мәре сызығына жетеді. «Көпарды» бірінші болып алған ойыншы оның өзінің серіктесіне бере алады. Киімді ұстауға, итеруге және «көкпарды» алғанда дөрекі тәсілдер қолдануға болмайды. Егер қарсыласы ойыншыны қуып жетіп, оған қолын тигізсе, «көкпар» оған беріледі. Командадағы серіктестің «көкпарды» алға қарай лақтыруына болады. «Көкпарды» оған бірінші болып қолын тигізген ойыншы алады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Футбол добының жүргізу қауіпсіздік ережесі:

https://vzsf.ru/tehnika/tehnika-vedeniya-myacha/

Сабақтың ортасы

10-30

(Т, К, ҚБ) Қозғалудың негізгі тәсілдері (жүру, жүгіру, секіру) мектепте дене шынықтыру сабақтарында меңгеріледі. Жас футболшылардың сабақтарында қозғалыстарды оқытудың мынадай кезектілігін ұстану қажет: тік, доға бойынша жүгіру; жылдам аялдамалармен, бұрылыстармен, секірумен жүгіру; "қайық" жүгіру; тік, доға бойынша қосымша, жақын қадамдар; арқамен тікелей алға жүгіру

Дескриптор

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- жүру жаттығуларын көрсете алады .

- қарсыласына ойын кезінде құрмет көрсетеді.

- жүгіру жаттығуларын орындай алады.

(С, Ж, ҚБ) Оқушылар жұпта жұмыс жасайды, Жұппен оқушылар допты бірі- біріне беру жаттығуларын орындайды..

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-допты аяқпен береді .

-допты тоқтата алады.

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

Сұраңыз: бұл тапсырма қандай физикалық қасиеттерді дамытады?

Сұраңыз: бұл тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар кездесті?

Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру.

Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, футбол добы, ысқырғыш мұғалімге, конустар.

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Футбол ойнының техникасы

https://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-elementami-futbola-1461767.html

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, футбол добы, ысқырғыш.

Ғаламтор ресурсына сілтеме: Допқа ие болу техникасы: https://vzsf.ru/tehnika/tehnika-vedeniya-myacha/

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар дескриптор арқылы бірін бірі бағалайды.
  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу