Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал.


Қалыптастырушы бағалау

Пән: Дене шынықтыру

Сынып: 8

Бөлім

6-бөлім: Командалық ойын- белсенді қозғалыстың іс-әрекеті

Тақырыбы

Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары

Оқу мақсаты

8.2.1.1 өзгермелі жағдайда жауап қайтара білу, қимыл әрекеттерімен байланысты білімді көрсете білу

8.2.6.6 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу және түсіну, қолдану

Бағалау критерий

Білім алушы

1.Көшбасшылық касиетін көрсетеді

2. Шабуылда және қорғаныста нәтижелі ойын үлгісін көрсетеді

3. Допты жүргізу, пас, тосқауыл қою, сақинаға лақтыру әдістерін орындайды.

4. Топта бірлесіп жұмыс жасайды

5. Төрешілік қызметін ережеге сай дұрыс және әділ атқарады.

Практикалық тапсырма

Тең топтарға бөлініп, топтардың арасында баскетбол ойынының ережесімен стритбол ойнаңыз. Яғни, үш ойыншыдан бірнеше топтарға бөлініп, жарты алаңда бір сақинаға стритбол ойынын ойнаңыз. Әр оқушының қимыл-қозғалысына, командада жұмыс жасау қабілетіне мән беріледі. Бос коианда ойыншылары төрешілік қызметін атқарады.

Бағалау критерий

Дескрипторлар

Оқушы:

1.Көшбасшылық касиетін көрсетеді

2. Шабуылда және қорғаныста нәтижелі ойын үлгісін көрсетеді

3. Допты жүргізу, пас, тосқауыл қою, сақинаға лақтыру әдістерін орындайды.

4. Топта бірлесіп жұмыс жасайды

5. Төрешілік қызметін ережеге сай дұрыс және әділ атқарады.

- топта бірлесіп жұмыс жасауда шығармашылық қабілетін көрсетеді;

- шабуыл жасау, қоғаныста ойнау әдістерін орындайды;

- қимыл-қозғалыс түрлері арқылы алдау тәсілдерін көрсетеді.

- қимыл-қозғалыс белсенділігі арқылы жеңіске жету жолдарын айтып береді және көрсетеді.

- төрешілік қырметін атқару кезінде төрешінің іс-қимылын дұрыс көрсетеді және түсіндіріп береді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу