Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 73 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №73
Сабақ тақырыбы: Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары
Оқу мақсаты: 8.2.1.1 өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл әрекеттерімен байланысты білімді көрсете білу;
8.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу.
Бағалау критериі
-қауіпсіздік ережесін біледі;
-дамыту ойындары кезінде қимыл әрекеттерімен байланысты білімді көрсете біледі;
- жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсетеді және салыстыра біледі;
Оқушыларға сабақ тақырыбымен оқу мақсаттарын таныстырыңыз.
Жағымды орта құру мақсатында вирус ойынын өткізіңіз. Бұл ойында оқушылар дене қыздыру жаттығуларын орындады және топта жұмыс орындау дағдылары артады. Бұл ойынды спорт алаңында ойнатылады ойынға 10 нан астам ойыншы қатыса алады. Ойында бір ойыншыны бүкіл ойыншыны қуалайды егер ойыншының кез келгенің ұстап алса бір бірінің қолынан ұстап екеулеп қуалайды, үшеулеп, төртеулеп, ойыншылар саны біткенше ұсталған ойыншылар бір бірінің қолынан ұстап қуалайды. Осылайша ойын ойыншылар саны біткенше жалғаса береді.
Тапсырма 1
«Доппен жарысу».
Бұл ойында оқушылар алаңның екі жағына ортаға қарап сапқа тұрады. Бір команда оң жақта, екінші команда сол жақта тұрады. Ойыншылардың бір-бірінен ара-қашықтығы 3-4 қадам. Ойыншылар кезек бойынша саналады.
Мұғалім допты алаңға лақтырып, бір нөмірді айтады. Сол нөмірлі екі ойыншы ортаға шығып, допты алуға тырысады. Допты қағып алған ойыншы оны өз командасының соңында тұрған ойыншыға береді. Допты қағып ала алмаған ойыншы допты қайтадан алуға тырысады. Егер ойыншы сапқа доптан бұрын жетсе, онда өз командасына ұпай қосылады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Назар аударыңыз!
-допты алған ойыншы оны сақинаға лақтырады, оның түсуі міндетті емес;
- допты алған ойыншы оны сақинаға лақтырады, оның түсуі міндетті.
Саралау жүзеге асырылады.
а) физиологиялық сипаттамаларға:
- ұлдар жоғары жүктеме жасайды;
- қыздар аз жұмыс істейді;
б) физикалық қабілеттерге:
- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;
- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.
Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсыныңыз.
Қосымша ақпарат
Тізбектелген топ жару-талпынысты шабуылдың ең әмбебап жүйесі, онда команда әлі қорғанысты ұйымдастырып үлгермеген қарсыласына қарсы айлалы шабуылды жүргізіп, қарсылас аймағына талпынысты өту үшін допты иемденумен байланысты әрбір қолайлы сәтті пайдаланады. Бұндай шабуыл әдетте екі және үш ойыншының өзара әрекетін қолданумен шабуылшылар мен қорғаушылардың қозғалыстағы сан жағынан тең түсуімен дамытылып, аяқталады (қиып өту, «үштік», «айқасқан шығу»).
Қатысатын ойыншылар санының көптігі (ұзын бойлы шабуылшыларды қосқанда), екі бірізді тізбекпен шабуылдаудың кең көлемі командаға қарсылас қорғанысына қирата қысым көрсетуге және жақын қашықтықтан шығыршыққа доп салуды пайдаланып, нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Тізбектелген топ жарудың да нақты бейнелі үш кезеңі бар: басы, дамуы, аяқталуы. Шабуылдың бірінші кезеңінде, қалқаннан ұшып шыққан допты иемденген ойыншылардың біреуі және оның екі әріптесі жұлқынып шыққан сәтте бірінші доп беру мен алаң орталығындағы жедел кеңістікке шығу үшін қалқан жанында тартысты күрес жүргізіледі. Кері ұшқан допты ұтқан ойыншы өзіне үнемі алға бірінші доп беруде бөгет жасайтын қарсыластары қонғаннан кейін, допты қарсыласынан кейін, допты қарсыласынан жасырып, өз қалқанынан қысқа жүргізумен кетеді және кедергіні бағындырып, тығыз бақылаудан финт арқылы босап, алдын-ала келіскен орынға шығып үлгерген әріптесіне бірінші доп беруді орындайды. әріптесі өз кезегінде допты дереу бірінші тізбек ойыншыларына қарай алға бағыттайды. Бірінші кезеңнің ұзақтығы 2,5-3 секунд.
Екінші кезеңде кері ұшқан доп үшін тартысқа қатысқан екінші тізбектің екі ойыншысы шабуылға кіріседі (бесінші ойыншы доптан айырылып қалған жағдайда тылды қорғау үшін біршама артта қалады). Алаң ортасына шыққан олар алға жылжып, жылдамдықта қиылысу, «үштік», «айқасқан шығу» түрлері бойынша бірінші тізбектегі әріптесімен өзара әрекеттесе қозғалады. Шығыршыққа аяқтаушы шабуыл үшін екінші тізбектен шыққан ойыншыны көбінесе шығарып салушы деп атайды. Екінші кезеңнің ұзақтығы шамамен 3,5с.
Үшінші кезеңде шабуыл екі немесе үш ойыншының өзара әрекет түріне сәйкес аяқталады, ол дамудың алдыңғы кезеңінде жүрістен шабуылшылар арқылы іске асырылған. Егер де қорғаушылар өтуге бөгет болуға тырысып өз қалқаны тұсында топталса, онда екінші тізбектегі ойыншылардың біреуі орта немесе алыс (үш ұпайлық) қашықтықтан торға доп салуы мүмкін.
Мысал ретінде тізбектеле топ жарудың үш нұсқасын келтіреміз (93, 94, 95-сурет):
1) екінші кезеңде үш ойыншының «үштік» принципі бойынша жүрістен өзара әрекетті пайдалануы арқылы;
2) екінші кезеңде үш ойыншының «айқаса шығу» принципі бойынша жылдамдықта өзара әрекетті пайдалануы арқылы;
3) екінші тізбек ойыншылары орындаған қиылысу тосқауылын пайдалану арқылы;
Сонымен, тізбектелген топ жаруда өз құрамында барынша әмбебап дайындалған жүрістен алаңның кез-келген бөлігінде ойнай алатын баскетболшылары бар команда табысқа жетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?