Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 73 сабақ.


Сабақ тақырыбы:

Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары

Оқу мақсаты:

8.2.1.1 өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл әрекеттерімен байланысты білімді көрсете білу;

8.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу

Бағалау критериі

-қауіпсіздік ережесін біледі;

-дамыту ойындары кезінде қимыл әрекеттерімен байланысты білімді көрсете біледі;

- жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсетеді және салыстыра біледі;

Күтілетін нәтижелер:

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.

- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.

-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.

- логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады

«Доппен жарысу» ойыны.

Оқушылар алаңның екі жағына ортаға қарап сапқа тұрады. Бір команда оң жақта, екінші команда сол жақта тұрады. Ойыншылардың бір-бірінен ара-қашықтығы 3-4 қадам. Ойыншылар кезек бойынша саналады.

Мұғалім допты алаңға лақтырып, бір нөмірді айтады. Сол нөмірлі екі ойыншы ортаға шығып, допты алуға тырысады. Допты қағып алған ойыншы оны өз командасының соңында тұрған ойыншыға береді. Допты қағып ала алмаған ойыншы допты қайтадан алуға тырысады. Егер ойыншы сапқа доптан бұрын жетсе, онда өз командасына ұпай қосылады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-допқа ие бола алады.

-ойын ережесіне сәйкес әрекет жасай алады

.-қарсыласына ойында құрмет көрсетеді

-қарсыласына ойын кезінде құрмет көрсетеді

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Тактикалық әрекет

Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Назарларыңызға рахмет!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу