Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 74 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық № 74
Сабақ тақырыбы: Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары
Оқу мақсаты: 8.2.1.1 өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл әрекеттерімен байланысты білімді көрсете білу;
8.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу
Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттар және бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға жұмылдырады. Қыздырыну жаттығуларын ұйымдастырады.
Оқушылар шағын топтарда ақылдаса отырып спорт ойындары бөліміндегі дене қызметімен айналысқанда денені қыздыру және босаңсытудың маңыздылығын түсіндіруге тырысады. Жаттығуларды көрсету барысында доппен жүру, доппен жүгіру, секілді негізгі қозғалыс жаттығулары арқылы дағдыларын жетілдіру әрекеттері жүзеге асырылады.
Жағымды орта құру «Қалтырауын» ойыны.
Бұл ойында оқушылар дене қыздыру жаттығуларын орындады және топта жұмыс орындау дағдылары артады. Бұл ойынды спорт алаңында ойнатылады ойынға 10 нан астам ойыншы қатыса алады. Ойында бір ойыншыны бүкіл ойыншыны қуалайды егер ойыншының кез келгенің ұстап алса бір бірінің қолынан ұстап екеулеп қуалайды, үшеулеп, төртеулеп, ойыншылар саны біткенше ұсталған ойыншылар бір бірінің қолынан ұстап қуалайды. Осылайша ойын ойыншылар саны біткенше жалғаса береді.
Мұғалім оқушыларға дененің құрлысын жазуды ұсынады. Оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдаңыз.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсыныңыз.
Мысал ретінде тізбектеле топ жарудың үш нұсқасын келтіреміз
1) екінші кезеңде үш ойыншының «үштік» принципі бойынша жүрістен өзара әрекетті пайдалануы арқылы;
2) екінші кезеңде үш ойыншының «айқаса шығу» принципі бойынша жылдамдықта өзара әрекетті пайдалануы арқылы;
3) екінші тізбек ойыншылары орындаған қиылысу тосқауылын пайдалану арқылы;
Тұрыстық шабуыл
Ойын барысында талпынысты шабуылды әрдайым табысты аяқтау мүмкін емес. Кейде қарсыласы командалық қорғанысты толық ұйымдастырып, барлық шабуылшыны жауып үлгеретін кездері де болады. Ондай жақсы ұйымдастырылған қорғанысқа команда бүкіл бес ойыншы да қатысатын тұрыстық шабуылды қарсы қоюы тиіс. Тұрыстық шабуылда баскетболшылар аяқтаушы доп салуды даярлап, қарсылас қорғанысын біртіндеп бағындырады. Ойын ережесі бойынша бұндай даярлыққа 30с-қа дейін уақыт беріледі. Қандай да бір күрделіліктегі алдын-ала үйренген айла-шарғыны ойнату жеткілікті болып табылады, егер ол да іске аспаса, орта немесе алыс қашықтықтан тәсілдік негізделген доп салу үшін жағдай жасау керек.
Талпынысты шабуылдағыдай тұрыстық шабуылда да үш кезең бар: басы – команданың бірінші аймаққа ұйымдастырыла өтуі және оның ойыншыларын алдын-ала қарастырылған орындарға қою; дамуы шығыршықты шабуылдау үшін қолайлы жағдай тудыру мақсатында өзара әрекет топтамаларын жүргізу (шабуылшыны бақылаудан босату, жекпе-жекті қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету, т.б.), соңы-торды шабуылдау әрекетін ойыншының жүргізу және кері ұшқан доп үшін белсенді тартысты қамтамасыз ету.
Тұрыстық шабуылда екі жүйе қалыптасқан: «орталық ойыншы арқылы және орталық ойыншысыз».
Назар аударыңыз!
-допты алған ойыншы оны сақинаға лақтырады, оның түсуі міндетті емес;
- допты алған ойыншы оны сақинаға лақтырады, оның түсуі міндетті.
Оқушылар рефлексиялық карточка толтыртыңыз.
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.
Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).
Мұғалім үй жұмысын береді:
- пән терминологиясын жаттау;
- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?