Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 75 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №75
Сабақ тақырыбы: Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары
Оқу мақсаты 8.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу
Бағалау критериі
-қауіпсіздік ережесін біледі;
-жарыс кезінде төрелік ету ережелерін көрсетеді.
- жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін салыстыра біледі;
Баскетбол ойын сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=azTjwdN--oA
Ғаламтор ресурсына сілтеме: Ойын техникасы:
https://www.youtube.com/watch?v=Xp9yXCMG2Iw
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз
Күтілетін нәтижелер:
- қауіпсіздік ережесін біледі.
- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.
- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.
-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.
Сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салыңыз.
«Кім жылдам » ойынын өткізіңіз.
Оқушылар тамыр ырғағын санайды.
Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.
Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.
Сұраңыз: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?
Тапсырма 1
«Допты өз командаңа беру».
Бұл ойында баскетбол алаңында баскетбол себетінің екі жағына радиусы 1 м болатын бір-бір шеңбер сызылады. Ойынға екі команда қатысады және қатысушылар саны бесеуден артық болмауы керек. Бір қорғаушы тылдық аймақта, үш шабуылшы өздері қалаған орында, ал қалған бір қағып алушы алдыңғы қатарда тұрады. Ойыншылар допты бір-біріне бере отырып, шеңберде тұрған серіктесіне береді. Қағып алынған әрбір доп үшін команда ұпайға ие болып, одан кейін ойын шеңберден басталады. Допты қағып алушыға сызылған шеңбердің кез келген жағынан беруге болады. Қағып алушы допты ауадан қағып алған кезде ғана ұпай беріледі. Егер өрескел қателік кетсе, айып добын лақтыру болады және ол орталық шеңберден кез келген бағытта лақтырылады. Егер айып добын лақтыру кезінде ол бірден қағып алушыға жетсе, бір ұпай қосылады. Ойын барысында ойыншылардың орын ауыстырып, қағып алушыны өзгертулеріне болады. 5 минут ішінде көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Тапсырма орындау барысында ойыншыларға нұсқаулық беріңіз.
Ойында саралау қолданыңыз.
а) физиологиялық сипаттамаларға:
- ұлдар жоғары жүктеме жасайды;
- қыздар аз жұмыс істейді;
б) физикалық қабілеттерге:
- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;
- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.
Сұраңыз: Өзіңіздің сенімділігіңізді арттыру үшін әрекетті қалай өзгертуге болады?
Бірлесіп жұмыс жасау кезінде көшбашылық қабілетті қалай дамытуға болады?
Басқа қатысушылар жасайтын кері байланыс тиімді болады деп кепілдік бере аласыз ба?
Оқушылар рефлексиялық карточка толтыртыңыз.
мен бүгін ... туралы білдім;
- маған … қиын болды;
- … туралы түсінік пайда болды;
- мен … үйрендім;
- … жасау қолымнан келді;
- … туралы білу қызықты болды;
Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.
Мұғалім үй жұмысын береді:
- пән терминологиясын жаттау;
- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.
Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.
Қосымша ақпарат
Командалық қимыл
Команда бүкіл құрамымен тәсілдік қолайлы командалық әрекеттер көмегімен батыл қорғанса, ол ең қиын міндеттерді шешуде жеткілікті мүмкіндіктерге ие болады. Командалық қимылдар белгілі бір негізгі міндеттерді шешуіне қарай екі қорғаныс түріне бөлінеді: шоғырланған және шашыраңқы.
Шоғырланған қорғаныс. Ол ең алдымен қарсыласына қалқанға өтіп, жақын және орта қашықтықтан шығыршыққа доп салуға мүмкіндік бермеуге негізделген. Сондықтан шабуылшылармен күрес әдеттеп қорғаныстың барлық ойыншылары жиналған айып добы алаңына жақын тұста дамиды.
Шоғырланған қорғаныс екі жүйеде ұйымдастырылады: жеке қорғаныста және аймақтық қорғаныста. Сондай-ақ жеке және аймақтық қорғаныстың, кейде жеке прессингтің элементтерін қарастыратын аралас қорғаныс жүйесі де бар.
Жеке қорғаныс жүйесі. Қорғаныстың бұндай әмбебап жүйесінде команданың әрбір ойыншысына қарсыласын жеке қадағалау тапсырылады. «Ойыншы-ойыншыны» түріндегі жеке бақылау принципі жеке қорғаныс үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге көмектеседі, қорғаныс ойыншыларын шабуыл ойыншыларының жеке ерекшеліктеріне сәйкес бөлуге мүмкіндік береді: шапшаңын-шапшаңға қарсы, баяуы-баяуға қарсы, т.б. әрбір ойыншы өзінің бақылайтын қарсыласын зерттеп, оның әлсіз жақтарын пайдаланып, күреске бейімделуге қабілетті.
Бұл жүйенің кемшілігі шабуылшылар белгілі қимылды еркін қолданады, алдын ала үйреніп, зерттелген шабуылдарға дайындалу үшін жететін уақыты мен мүмкіндіктері бар болуынан көрінеді.
Команда қорғанысқа көше салысымен оның ойыншыларының барлығы доп үшін күрестің аяқталуына қарай алаңдағы өз бөлігіне тез оралып, айып добы аймағына жақын орналасады, онда әрбір ойыншы өз бақыланушысының алдынан шығып, өз қалқанынан алыс кетпей, оның артынан жүреді. Бір-біріне жақын орналасқан әріптестер басқаларына қарағанда өзара көмек көрсетеді, әсіресе жеке күшті шабуылшыға қарсы күресте бірігеді.
Жеке қорғаныс біріншіден добы бар ойыншыға қарсы бағытталып, орталық қарсыласының әрекетін қысады. Айып добы аймағында тыс жерлердегі қалған шабуылшыларды қатты бақылайды. Добы бар ойыншыға қарсы шабуылдың әрбір сәтінде мыналар қимыл көрсетеді: доп салуға бөгет жасап, допқа белсенді ықпал ететін жеке бақылаушы (немесе орталық ойыншыға доп беруде және жүргізумен өтуде), келесі бүйірге өтуде қауіпсіздендіретін жақын әріптесі, орталық ойыншы - егер шабуылшы қалқанға өтіп кеткен болса, онымен күресуге дайын, команда қорғанысының темірқазығы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?