Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, дидактикалық материал. 75 сабақ.
Дидактикалық материалдар №75
Сабақ тақырыбы: Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары
Ойын техникасы: https://www.youtube.com/watch?v=Xp9yXCMG2Iw
Доппен жаттығу: https://www.youtube.com/watch?v=T3gufgkpWqY
Шашыраңқы қорғаныс. Бастапқыда ол қарсыласына өз қалқанына алаңнан кез-келген нүктесінен алыс қашықтыққа ойын бастуына мүмкіндік береді. Сол арқылы ойыншылар допты тартып алып немесе шабуылшылардың жоспарлы айлалы ойындарын бұзып, оларды айқын жоспарсыз, асығыс қимылдауға мәжбүр етуге тырысады.
Шашыраңқы қорғаныс екі жүйеде атқарылады: жеке прессингте және аймақтық прессингте.
Жеке прессинг - қорғаныстың өте белсенді жүйесі. Оның мәні мынада: доп қарсылас қолына өткен сәттен бастап қорғанушы команданың әрбір ойыншысы шұғыл «өз» шабуылшысын бүкіл алаң бойымен тығыз бақылауды бастап, оған еркін қозғалуға, допты алуға және оны қалаған бағытына беруге мүмкіндік бермейді. Прессинг көмегімен шабуыл ойынын жүргізуге екпінді тез ұлғайтуға, қарсыласын сайыс өткізу жоспарынан бас тартуға мәжбүр етуге болады.
Прессинг қарсыластарының алдын ала білетін тәсілдік айла-шарғыларды пайдалануын қиындатады, себебі оған дайындалатын уақыт бермейді, ұзын бойлы шабуылшылардың мүмкіндігін азайтады, командаға қарқынды қарсы шабуыл үшін қолайлы жағдай тудырып, егер қарсыласы ойынның соңғы минуттарында созу үшін, 30 с-ты түгелдей допты иемденуге жұмсап, ойнауға мүмкіндік береді.
Дене дайындығы мен әдістік дайындығы жеткіліксіз және толыққанды резерві жоқ командаларға қарсы прессинг өте тиімді.
Прессинг ойыншылардан мына талаптарды орындауды талап етеді:
а) егер допты иемденген ойыншы тосқауылда қалса, оның қозғалуы қиындап, бағдары шектеулі болса, қалған қорғаушылар ұстап алуы үшін доп беру мүмкіндігі бар сызықта доп пен бақыланушысы арасында тұруы тиіс ұзақ доп беру мүмкіндігіне ерекше назар аудару керек;
ә) қарсылас ойыншысының қалқанға шығуынан тікелей қауіп төнгенде және оның әріптесі оған доп беретіндей болғанда, өз қалқаны мен сол ойыншының аралығында тұрып, оны артқы жағынан ұстау қажет;
б) қорғаушы добы бар шабуылшыны бүйірге қарай әлсіз қолымен жүргізуге (әдетте сол қолмен) мәжбүр етіп, оған орталық бойымен өтуге жол бермей, бүйір сызығына немесе алаң бұрышына қарай ығыстырып, оны тоқтап, алаңға арқасымен бұрылуға мәжбүр етуі керек;
в) допты жүргізген немесе жүргізуді тоқтатқан шабуылшыны оның қолынан допты түсіріп алуға немесе қате доп беруді орындауға итермелеп, қорғаныстағы екі ойыншының барынша белсенді күшімен шабуылдау қажет (топпен допты іріктеу үшін екінші ойыншы бұл сәтте әріптестерін қауіпсіздендіретін өз бақылаушысын босата тұрады);
г) қорғаныс ойыншылары бүкіл алаң бойына шашыраңқы орналасқанына қарамастан, олар алдын ала қарастырылған қауіпсіздікті іске асырып, дер кезінде сол сәтте өте қауіпті қарсыласына асысуы тиіс.
Прессингтегі команданың іс-қимыл аймағы
Жеке прессинг кемшілігіне өте үлкен дене және психикалық күш түсуін жатқызуға болады, онда әрбір команда ойыншысына жүк түседі және команданың қалған ойыншылары арасындағы өзара әрекетті ұйымдастыру мен пайдалануда айқын қиындықтар туындайды.
Жеке прессингтегі команда қимылының сипаты добы бар қарсыласы қалқанға жақындауына қарай біршама өзгереді. Егер бүкіл алаңды шартты түрде төрт аймаққа бөлсе (137-сурет), онда І-аймаққа кірерде команда топтанып допты іріктеу мен тартып алудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, үлкен қауіппен қимылдайды. ІІ-аймақта команда допты жүргізетін немесе жүргізуді аяқтайтын қарсыласымен тең тартыста ең қызу күрес жүргізеді, ойыншылар шабуылшыларды өз аймағында ойыншының «он секунд» ережесін бұзуға немесе асыға доп беруге мәжбүр етеді. ІІІ аймақта ойыншылар ауысуды, сырғуды батыл пайдаланып және тосқауылмен белсене күресіп, шабуылшыларды өте тығыз ұстайды. Допты топтық іріктеу орталық және бүйірлік сызықта жүргізіледі. Егер қауіпсіздік сақталса, ойыншылар тіке шабуылға шығады. Команданың жалпы мақсаты - қарсыласына тұрыстық шабуылды жандандыруына тежеу салу. Егерде добы бар шабуылшылар ІV аймаққа кіріп, қалқанға тым жақын жерде ойнаса, онда команда негізінен алаң түкпірінде допты топтық сарапқа салумен жеке қорғанысқа көшеді.
Егер шабуылшы команда прессингке қарсы айып добы аймағының жарты шеңберіне шыққан орталық ойыншы арқылы шабуыл жүргізуге тырыса, онда орталық ойыншыны допты алуға мүмкіндік бермей, алдыңғы бүйірінен бақылаған дұрыс. Жоғарыдан қорғаушы арқылы орталық ойыншыға доп беруге қарсы қауіпсіздікті сол сәтте доптан өте алшақ тұрған қарсыласын бақылайтын ойыншы орындауы тиіс.
Күйрете шабуылдауды жақсы меңгерген командаға қарсы жеке прессинг түрі ретінде алаңның төрттен бір ширегінде және өз жартысындағы прессингті қолданған жөн. Бұл нұсқалардың маңызы доптан айырылып қалған соң және жұлқынуға бірінші доп беруге қарсы қимылда команда шегініп, сосын орталық сызықтан немесе алдыңғы аймақтан айып добы сызығынан белсенді қорғаныс ұйымдастудан көрінеді. Бұдан ары ойыншылар бүкіл алаң бойымен жеке прессингтегідей қозғалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?