Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 75 сабақ.


Сабақ тақырыбы:

Сергектікті, тапқырлықты және ұқыптылықты дамыту ойындары

Оқу мақсаты

8.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу

Күтілетін нәтижелер:

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады.

- баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады.

-командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады.

Тапсырма 1

Допты өз командаңы беру». Баскетбол алаңында баскетбол себетінің екі жағына радиусы 1 м болатын бір-бір шеңбер сызылады. Ойынға екі команда қатысады және қатысушылар саны бесеуден артық болмауы керек. Бір қорғаушы тылдық аймақта, үш шабуылшы өздері қалаған орында, ал қалған бір қағып алушы алдыңғы қатарда тұрады. Ойыншылар допты бір-біріне бере отырып, шеңберде тұрған серіктесіне береді. Қағып алынған әрбір доп үшін команда ұпайға ие болып, одан кейін ойын шеңберден басталады. Допты қағып алушыға сызылған шеңбердің кез келген жағынан беруге болады. Қағып алушы допты ауадан қағып алған кезде ғана ұпай беріледі. Егер өрескел қателік кетсе, айып добын лақтыру болады және ол орталық шеңберден кез келген бағытта лақтырылады. Егер айып добын лақтыру кезінде ол бірден қағып алушыға жетсе, бір ұпай қосылады. Ойын барысында ойыншылардың орын ауыстырып, қағып алушыны өзгертулеріне болады. 5 минут ішінде көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Дескриптор

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-допқа ие бола алады

.-ойын ережесіне сәйкес әрекет жасай алады

.-қарсыласына ойында құрмет көрсетеді

Саралау жүзеге асырылады.

а) физиологиялық сипаттамаларға:

  - ұлдар жоғары жүктеме жасайды;

- қыздар аз жұмыс істейді;

б) физикалық қабілеттерге:

- оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады;

- Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді.

Сұраңыз:

Өзіңіздің сенімділігіңізді арттыру үшін әрекетті қалай өзгертуге болады?

Бірлесіп жұмыс жасау кезінде көшбашылық қабілетті қалай дамытуға болады?

Басқа қатысушылар жасайтын кері байланыс тиімді болады деп кепілдік бере аласыз ба?

Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады

мен бүгін ... туралы білдім;

- маған … қиын болды;

- … туралы түсінік пайда болды;

- мен … үйрендім;

- … жасау қолымнан келді;

- … туралы білу қызықты болды;

Назарларыңызға рахмет!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу